Қаржылық бақылау комитетінің 2016 жылғы І тоқсандағы бақылау қызметінің қорытындысы

68
Бұзушылықтарды жою, олардың сомаларын өтеу және қалпына келтіру мен кінәлі тұлғаларды түрлі сипаттағы жауапкершілікке тарту жөніндегі жұмыстар жалғастырылуда, сондай-ақ түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

1. Үстіміздегі жылдың алғашқы үш айында 60 мың мемлекеттік сатып алу рәсімдері камералдық бақылаумен қамтылды, онда жалпы сомасы 116,8 млрд теңге болатын 17 мың сатып алу бойынша бұзушылықтар анықталды, бұзушылықтарды жоюға 10 мыңнан астам хабарламалар жіберілді.

2016 жылы камералдық бақылау арқылы 4,4 мың сатып алу бойынша жалпы сомасы 65,2 млрд теңге болатын бұзушылықтар жойылды.

2016 жылғы бірінші тоқсанда Қаржылық бақылау комитеті мен оның аймақтық бөлімшелері мынадай жұмыстар жүргізді:  «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚР Заңында көзделген функцияларды орындау аясында мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы алынған мәліметтерді салыстыру арқылы мемлекеттік аудит объектісіне бармай камералдық бақылау жүзеге асырылады.

Камералдық бақылау жүргізудің мақсаты бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, мемлекеттік аудит объектісіне бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру болып табылады.

Комитеттің 2016 жылдың өткен кезеңіндегі қызметін талдау камералдық бақылаудың жоғары тиімді екендігін көрсетті.

Мысалға, егер өткен жылдың осыған ұқсас кезеңінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылық бар жоғы 3 мың рәсімдер бойынша 37,4 млрд теңгені құраған болса, биылғы жылы камералдық бақылау арқылы жалпы сомасы 65,2 млрд теңге болатын 4,4 сатып алу бойынша бұзушылықтар жойылды.

2. Бұдан басқа, тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы,  мемлекеттік сатып алу веб-порталындаға деректерді талдау жолымен  бір критерий (белгілі бір өнім берушіні «қайрау тәуекелі») бойынша сомасы 153 млрд теңгені құрайтын өткен жылғы күмәнді 2 мыңнан астам мемлекеттік сатып алулар анықталды, олардың 853-і бойынша 61 млрд теңгеге тең келетін бұзушылықтар расталды. Бұзушылықтарға жол бергені үшін 296 лауазымдық тұлға айыппұл сомасы 53,8 млн теңге болатын әкімшілік жауапкершілікке, 297-адам – тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұл ретте, аталған нәтижелерге аудиторлардың ұйымдарға бармастан, өз жұмыс орындарындағы жұмысы есебінен қол жеткізілгенін атап өткен жөн, соның арқасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің тәуекелі орын алған жоқ.

3. Бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс-қимылдармен қатар, Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 76 қаулысымен бекітілген, 09.03.2016 ж. күшіне енді) күшіне енгенге дейін, 318 объектіде бақылау іс-шаралары жүргізілді, онда жалпы сомасы 67,3 млрд теңге болатын, оның ішінде 34,7 млрд теңге болатын мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтар анықталды.

Қабылданған шаралар арқылы 908,6 млн теңге өтелді және қалпына келтірілді, тексерілген ұйымдардың 175 лауазымды тұлғалары сомасы 20,3 млн теңге болатын айыппұлға әкімшілік жауапкершілікке, 304 қызметкері – тәртіптік жазаға тарылды.

Жіберілген ұйғарымдардың негізінде мемлекеттік сатып алудың 24 рәсімдері бойынша қорытындылар жойылды және қайта қаралды.

Іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін құқық қорғау органдарына сомасы 5,2 млрд теңге болатын 39 бақылау материалдары жіберілді.

4. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында Қаржылық бақылау комитеті ҚР заңнамасын бұзушылықтарды болдырмауға, дер кезінде анықтауға және  жолын кесуге бағытталған іс-шараларды өткізді, ол үшін бұзушылықтар орын алуы ықтимал жағдайларды іріктеуге арналған өлшемдер әзірленді.

Қаржылық бақылау комитеті мен Қазынашылық комитетінің комплаенс-тәуекелдер (комплаенс-бақылау) қағидаты бойынша өзара әрекеттесуі барысында аталған өлшемдер негізінде алынған мәліметтер талдауының және қазынашылық органдары материалдарының нәтижелері бойынша жедел ден қою шаралары қабылданады және жүргізілген жұмыстар белгілі бір нәтижелер береді.

Сонымен, 2016 жылғы есептік кезеңде жүргізілген жұмыстар барысында бақылаумен қамтылған 11,0 млрд теңгенің ішінен жалпы сомасы 948,6 млн теңге болатын бұзушылық тәуекелдері расталды, бұл ретте мынадай ден қою шаралары қабылданды:

– бақылау объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта оларға жол бермеу туралы 117 хат жіберілді;

– 59 тәртіптік жаза қолданылды;

– жалпы сомасы 1,5 млн теңге болатын 3 шарт міндеттемелері бұзылды.

Бұзушылықтарды жою, олардың сомаларын өтеу және қалпына келтіру мен кінәлі тұлғаларды түрлі сипаттағы жауапкершілікке тарту жөніндегі жұмыстар жалғастырылуда, сондай-ақ түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

5. Осылармен қатар, бюджеттік және басқа да заңнамаларды бұзу фактілерін анықтау және олардың жолын кесу бойынша құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмыстарға ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, құқық қорғау органдарының тапсырмалары мен сауалдары бойынша олардың қарамағына мамандар ретінде тұжырымдама беру үшін қызметкерлер бөлінеді.

Сонымен, құқық қорғау органдарының сауалдары бойынша Комитет қызметкерлері мамандардың 349 тұжырымдамасын жасады, оларға сәйкес жалпы сомасы 45,1 млрд теңге болатын заңнаманы бұзушылықтар анықталды.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль