Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының жүзеге асыру ерекшеліктері (1-б.)

68
Абишев Александр Александрович
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Костанай
Мемлекеттік сатып алудың жаңа субъектісі – бірыңғай ұйымдастырушы заңнамамен мемлекеттік сатып алу процесіне бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерін, яғни біртектес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алатын тапсырыс берушілер қатысатын сатып алуларды оңтайландыру және жеңілдету мақсатында енгізілген.

«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 14 қаңтардағы № 161-V ҚР Заңымен «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі – Заң) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, Заңның 1-бабының 19-1) тармақшасымен «мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы» ұғымы енгізілді. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы – бюджеттік бағдарламалар не тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы.

Осылармен қатар, «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2014 жылғы 29 қыркүйктегі № 239-V ҚР Заңының нормаларымен де аталған ұғымға түзетулер енгізілді.

Мемлекеттік сатып алудың жаңа субъектісі – бірыңғай ұйымдастырушы заңнамамен мемлекеттік сатып алу процесіне бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерін, яғни біртектес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алатын тапсырыс берушілер қатысатын сатып алуларды оңтайландыру және жеңілдету мақсатында енгізілген.

Осыған байланысты Заңның 7-бабының 5-тармағында:

Бірыңғай мемлекеттік сатып алуды өткізу мақсатында:

1) ҚР Үкіметі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындайды;

2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі бірнеше тапсырыс берушілер үшін, олардың арасынан мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындауға құылы;

3) тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекемелер үшін, олардың арасынан мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындауға құқылы;

4) тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме үшін тапсырыс беруші олардың арасынан мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындауға құқылы;

5) ҚР Ұлттық Банкі оларға қатысты құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғалар үшін ол мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы болатыны көрсетілген.

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 300 қаулысымен ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті құрылды. Аталған Комитет ҚР Үкіметінің осы қаулысымен мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалды.

Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша орындайды. Өз кезегінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі ҚР қаржы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 548 бұйрығымен бекітілген.

Бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезеңдері

Заңның 7-1-бабында мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруының негізгі ерекшеліктері белгіленген.

Сонымен, Заңның аталған бабының 1-тармағына сәйкес, Заңның жоғарыда көрсетілген 7-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес айқындалған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды мынадай кезегімен келетін кезеңдерді сақтай отырып өткізеді:

1) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге тапсырманы ұсынуы;

2) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының тапсырыс беруші ұсынған, электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы әзірлеуі және бекітуі;

3) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының конкурстық не аукциондық комиссияның құрамын айқындауы және бекітуі;

Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы айқындайтын және бекітетін конкурстық не аукциондық комиссияның құрамына тапсырыс берушінің өкілдері де кіреді. Бұл ретте мынадай міндетті талаптардың бар болуы тиіс екенін атап өтеміз:

- Заңның 7-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыратын және өткізетін жағдайда, конкурстық не аукциондық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысы айқындалуға тиіс;

- Заңның 7-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы (яғни тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыратын және өткізетін жағдайда, конкурстық не аукциондық комиссияның төрағасы болып тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімі айқындалуға тиіс.

4) қажет болған жағдайда мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының конкурстық немесе аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуі;

5) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастыруы;

6) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының тапсырыс берушіге мәліметтері мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы және (немесе) конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелігін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген, мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан ұсыныстар мен ескертулерді жіберуі;

7) конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындауы;

8) тапсырыс берушінің жеңімпазбен мемлекеттік сатып алу туралы шартты осы Заңда және электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттама негізінде жасасуы.

Заңның 7-1-бабының 2-тармағында, осы Заңның 7-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес айқындалған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруы және өткізуі осы Занда және электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатыны белгіленген. 

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль