Мемлекеттік сатып алудағы камералдық бақылау

125
Бурковская Марина Петровна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, ВКО
Қазіргі уақытта, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама әлеуетті өнім берушілердің сатып алуға қатысу кезінде қателесулеріне мүмкіндік бермейді.

Мемлекеттік сатып алуда камералдық бақылауды белгілеудің алғышарттары

Біздің еліміздің экономикалық жүйесі даму үстінде және жыл сайын нығайып келеді. Бұндай дамудың негізгі бағыттарының бірі, мемлекеттік органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар тапсырыс берушілер, ал заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер орындаушылар ретінде әрекет ететін бәсекелестік сатып алу (мемлекеттік сатып алу) болып табылады. Өкінішке орай, қазіргі кезде мемлекеттік сатып алуға қатысу әзірге «кедергілерден өтуге» ұқсайды, өнім берушілер мәреге жететіндеріне сенімді емес, өйткені конкурстық комиссия іс жүзінде кез келген негіздер бойынша конкурстық өтінімді қабылдамауы мүмкін. Өз кезегінде ұйымдастырушылар да конкурс жариялай отырып, қатысушылардың адал және кәсіпқой болып шығатынына сенім артпайды. Бастапқыда мемлекеттік сатып алу жүйесінің өзі өнім берушілер өздерінің жұмыстарға не көрсетілетін қызметтерге деген жылдық қажеттіліктерін ашық көрсете алатын, ал адал әлеуетті өнім берушілер әділ бәсекелестік қағидаттарына негізделген еліміздің кез келген өңіріндегі, кез-келген сатып алуға қатысуға мүмкіндік алатын еркін, жариялы сатып алу-сату нысаны ретінде ойластырылған болатын. Іс жүзінде, өнім берушілердің барлығы адал бола бермейтініне және тапсырыс берушілердің олармен «күрес» жүргізуіне, яғни өздерінің уақыты мен ақшаларын жоғалтуларына, кейде тіпті уақыттың өтіп кетуі себепті, сатып алудан бас тартуларына тура келетініне көзіміз жетті. Екінші жағынан, көптеген адал өнім берушілер, сатып алуға қатыса алмайды, өйткені тапсырыс берушілер олардың өтінімдерін ойдан шығарылған негіздер бойынша қабылдамай тастайды. Неліктен бұлай болады? Себептері көп. Біз олардың кейбіреулерін атап өтейік. Қолданыстағы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары және «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы (бұдан әрі – Заң) тапсырыс берушілермен қатар өнім берушілер үшін де конкурстық құжаттамаларды дайындау барысында туындайтын кейбір мәселелерге толық жауап бермейді. Осылайша, құқық қолдану тәжірибесі толығымен экономиканың түрлі салаларына, департаменттердің, кәсіпорындардың жекелеген топтарына, әкімшілік-аумақтық бірліктерге т. б. арналған. Басқаша айтқанда, барлық жерде мемлекеттік сатып алуды жүргізудің өзіндік дербес тәжірибесі орын алады. ҚР нормативтік-құқықтық базасына кірмейтін кейбір ведомстволық құжаттардың белгілі бір талаптары қосымша қиындықтар туындатады, нәтижесінде іс жүзінде азаматтық және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалардың нормалары түзетіледі. Бұл қаржыландыру, бухгалтерлік есеп, кәсіпорындарды тікелей жоғарыдан басқару тәсілдеріне, сондай-ақ ресми порталда жұмыс істеуге т. б. қатысты.

Камералдық бақылау қызметкерлерінің құзыреттілігі Камералдық бақылау рәсімдері, бұзушылықтарды түзету және хабарламаларға шағымдану жеткілікті түрде регламенттелген. Камералдық бақылауды жүргізу және бақылау объектісі үшін белгіленген өкілеттіктер, тексеру жүргізуге деген біліктілік тәсілін көздейді. Алайда, көбінесе камералдық бақылау қызметкерлері өз бағалауларында үнемі әділетті бола бермейді Сонымен 2016 жылғы наурыз айында бақылау объектісіне Алматы облысы бойынша ҚБИ бас маманы бақылаушы-ревизоры А. А. Әлібековтен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Кодексі 207-бабының 5-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілеріне сәйкес келетін бұзушылықтардың анықталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Камералдық бақылау, әкімшілік ғимаратты күзету қызметін сатып алу бойынша ашық электрондық конкурстың техникалық ерекшелігінде күзет ұйымы логотипінің фотосуретін ұсыну, сондай-ақ сенімді іскерлік репутациясы мен оң пікірлердің бар болуы туралы талаптардың негізсіз белгіленгенін айтқан. Ревизордың пікірінше, бұл талаптар әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектейді және қиындатады. Хабарламада келтірілген қорытындылармен, мынадай негіздер бойынша келісуге болмайды. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес, әлеуетті өнім берушілер өтініммен бірге сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын, оның ішінде тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, фирмалық атауларын көрсете отырып, техникалық ерекшелікті береді. «Күзет қызметі туралы» ҚР Заңында күзет ұйымының белгісі болуы туралы талаптар белгіленген. Сонымен, көрсетілген Заңның 15-бабының 4-тармағына сәйкес жеке күзет ұйымдарында күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлер күзет қызметiн өздерiнiң күзет қызметi субъектiсiнің күзетшісі екенін бiлдiретiн арнаулы киім киіп жүзеге асырады. «Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің арнайы киім үлгілерін және оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 142 бұйрығымен кеңсе үй-жайларына арналған арнайы киімде белгілердің болу жағдайлары регламенттелген. Осылайша, күзет ұйымының логотипі көрсетілген фотосуретті беру туралы талап қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейді. Оның үстіне Заңның 3-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Бұған қоса, конкурс жеңімпазының техникалық ерекшелігі мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қосымша болып табылады, ал мәлімденген фотосуреттердің бар болуы тапсырыс берушіге болашақта шарттың, оның ішінде формалық киімдегі логотип бойынша талаптарының ол қолданыста болған уақыт ішінде орындалуын бақылауға мүмкіндік береді. Сенімді іскерлік репутация мен оң пікірлердің бар болуы туралы талаптардың болуы туралы талап, тапсырыс берушінің кәсіпқой күзет ұйымымен шарт жасасуды қалауының эмоциялық құраушысы болып табылады. Сенімді іскерлік репутация мен оң пікірлердің болуын талап ету туралы қорытынды жұмыс тәжірибесін «көзейді» – бұл тексерушінің Заңның немесе Қағидалардың сілтемелерімен расталмаған субъективті пікірі. Сонымен Үлгілік конкурстық құжаттаманың 16-тармағы 2) тармақшасының 2-азат жолына сәйкес (камералдық бақылау сілтеме жасаған) лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінде өндіруші зауыттан хаттардың, техникалық паспорттардың, өнімнің сәйкестік сертификаттарының көшірмелері, сатып алынатын тауарлардың үлгілері болуы туралы талапқа жол берілмейді. Тиісінше, бұл шектеулер тауарларды жеткізуге қатысты екені анық. Сондықтан, камералдық бақылаудың бұл нормаға сілтеме жасауы негізсіз және заңсыз. Егер хабарламада көрсетілген бірінші негіздеме бойынша нормативтік құқықтық актілерде конкурсты ұйымдастырушыға осындай талап белгілеуге құқық беретін нақты регламент бар болса, екінші жағдайда – мәселе даулы. Егер бұ мәселе сотта шешілер болса, субъективті екі (конкурсты ұйымдастырушы мен бақылаушының) пікірлерге , аталған мәселе бойынша шешім қабылдаған соттың субъективті пікірі қосылар еді. Бұл арада құқықтың қолданылуы туралы сөз етуге болмайды, өйткені Қағидаларда техникалық ерекшелік бойынша бақылау объектісі бұзбаған нақты шектеулер белгіленген. Парасаттылық және әділдік қағидаттарына сүйене отырып, аталған жағдайда камералдық бақылау атынан нақты тұлғаның өзге шешімді қабылдауына болар еді. Егер бұл жағдайда хабарламаға шағым жасалмаса, бақылаушыда және бақылау объектісінде осы мысал іс жүзінде қалады және бұзушылық ретінде бағаланады. Басқа салалардағы осыған ұқсас жағдайлар басқаша айтылады және онда келтірілген мысалдан басқаша тәжірибе орын алды деп ойлаймын.

Комитет қорытындысы Камералдық бақылау жүргізу қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес дайындалады және мына мәліметтерді қамтиды:

камералдық бақылау объектісінің атауын; 

камералдық бақылау жөніндегі уәкілетті органның атауын;

 қарсылықты қарау күнін;

 хабарламада көрсетілген, анықталған бұзушылықтарға сілтемені;

бұзушылықтардың заңдылығы бойынша Комитеттің қорытындысы;

Комитеттің қорытындысы (оң немесе теріс).

Анықталған бұзушылықтар туралы хабарламаны, Комитеттің қорытындыларын қоға беру (тапсыру) мерзімдері

Камералдық бақылау жол беретін, жекелеген қызметкерлердің заң технологиясын жеткілікті білмеуімен және кейбір заң нормаларын дербес түсіндірумен шартталған қателерді қалай болдырмауға болады?

Қателерді болдырмау үшін, кем дегенде үш талап орындалуы тиіс: хабарламаға шағымдану мүмкіндігі және бұл міндет Камералдық бақылау жүргізу қағидаларында іске асырылған; тексеруші тұлғаның субъективті тәсілін болдырмау. Бұл талапты тек бірінші кезеңде уәкілетті органның жағдайлардың ең көп санын бойынша ресми түсіндірмелері жалпыға қолжетімді болған кезде ғана мүмкін. Мысалы, жұмыс тәжірибесі бойынша: тәжірибесі бар болуы туралы талапты заңсыз деп нені санауға болады. Өкінішке орай, қазіргі кезде бұндай ақпаратқа ортақ қол жеткізілмеген, қолда бар ақпарат көбінесе ресми түрде, жауап кеңінен берілмегендіктен, ол түсіндіруді қажет ететін сол нормаларға жасалған сілтемелерден ғана тұрады; екінші кезеңде Заңға, одан да маңыздырақ Қағидаларға берілетін ресми ғылыми-құқықтық түсіндірмелерді даярлау және баспадан шығару қажет. Осы шарттардың орындалуы бақылау объектілері жол беретін бұзушылықтардың санын барынша азайтады. Бұдан басқа, бақылау объектісінің әкімшілік жауапкершілігі көзделген жерлерде, бұзушылықтарға субъективті тәсілдерді қолдануға рұқсат етілмейді. Барлық айтылғандарды қорытындылай келе, камералдық бақылау – бұл мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіруде, құқық қолдану тәжірибесінде бірыңғай талаптар белгілеуде, тексеру жүйесінің өзінде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмаудағы қозғаушы күш. Бұл, сонымен қатар камералдық бақылау алдында осындай міндеттердің тұрмағанына қарамастан, бақылау объектісі мен тексеру субъектісі үшін де сенімді оқыту алаңы.

                                                                                                                                             М. П. Бурковская

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль