-
-
-

+7 (747) 094-29-09; Мы в WhatsApp >>

Новые правила в закупках

Новые правила в закупках, которые вы могли пропустить

Апрель насыщен изменениями в законодательстве о госзакупках, некоторые из которых вступают в силу с мая 2024 года. Внесли правки как в правила госзакупок, так и в закон. В марте приняли еще три постановления об изъятии ТРУ из национального режима.

Скидка 15% на журнал >>>

Рады приветствовать Вас на сайте для специалистов в сфере государственных закупок!

gz.mcfr.kz – профессиональный сайт и многие особо ценные материалы доступны только зарегистрированным.
Пройдите регистрацию и читайте материал бесплатно.
Регистрация меньше минуты.

Зарегистрируйтесь, и в подарок Вы получите трехдневный доступ к справочной системе «Actualis: Госзакупки».

напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверная почта или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
ИЛИ ВОЙТИ ЧЕРЕЗ СОЦСЕТИ
Зарегистрироваться
Для скачивания файла зарегистрируйтесь

Все материалы на портале gz.mcfr.kz созданы экспертами в области госзакупок.
Материалы абсолютно бесплатные.
Чтобы скачать файлы, Вам нужно только зарегистрироваться.

Зарегистрируйтесь, и в подарок Вы получите трехдневный доступ к справочной системе «Actualis: Госзакупки».

напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверная почта или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
ИЛИ ВОЙТИ ЧЕРЕЗ СОЦСЕТИ
Зарегистрироваться
×

ДАРИМ ПОДАРКИ ЗА РЕГИСТРАЦИЮ!
ТРЕХДНЕВНЫЙ ДЕМО ДОСТУП И СКИДКУ 30%

На справочную систему "Actualis: Госзакупки"
Активировать демо   Получить скидку
Государственный заказ. Вопросы и ответы
-

Лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі (1-бөлім)

22 августа 2016
480
Средний балл: 0 из 5
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Костанай

Заңнамада мемлекеттік сатып алу жөніндегі сарапшылардың әкімшілік жауапкершілігі қосымша көзделген.

Заңның 27-бабының 5-тармағына сәйкес, конкурсқа қатысуға өтінімдерді «Мемлекеттік сатып алу туралы»  ҚР Заңы 27-бабының 4-тармағында көзделген біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімде жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге байланысты конкурстық комиссияның сұрау салу жіберуіне және өзге де әрекеттер жасауына жол берілмейді.

ҚР ӘҚБтК 207-бабының 4-тармағында аталған талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген, өйткені, конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтiнiмдерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келтіру мерзімі өткеннен кейін, конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтiнiмдi жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтiнiмде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиiсті түрде ресiмделмеген құжаттарды сәйкес келтiруге байланысты конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) сұрау салуды жіберуі және өзге де әрекеттері – лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.             

Заңның 21-бабының 2-тармағында конкурстық құжаттамада осы Заңның 9-бабында белгіленген біліктілік талаптарынан басқа, қамтылуға тиіс талаптар айтылған.

ҚР ӘҚБтК 207-бабының 5-тармағына сәйкес, әлеуеттi өнiм берушiлерге және (немесе) олар тартатын, жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердiгерлеріне (бiрлесiп орындаушыларына) конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген бiлiктiлiк талаптарын белгiлеу – лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

ҚР ӘҚБтК 207-бабының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн өлшемшарттарды конкурстық құжаттамаға енгiзбеу бөлiгiнде бұзу – лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. Бұл міндет Заңның 21-бабының 4-тармағында көзделген, атап айтқанда: «Неғұрлым сапалы тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада конкурстық баға ұсынысына әсер ететін мынадай өлшемшарттарды:

1) әлеуетті өнім берушіде:

– мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің;

– Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес, ұсынылатын тауарларға ерікті сәйкестікті растау жүргізілгенін растайтын құжаттың;

– ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің);

– ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) және (немесе) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкестікті растаудың болуын;

2) тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстарды көздеуге міндетті.

Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттардың салыстырмалы мәнін есептеу мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады» .

ҚР ӘҚБтК 207-бабының 7-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн өлшемшарттардың салыстырмалы мәнiн конкурстық баға ұсыныстарына қолданбау бөлiгiнде бұзу –
лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. Аталған норма Заңның 27-бабы 8-тармағының талаптарына сәйкес, конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтадан қарау нәтижелері бойынша:
   1) біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және конкурсқа қатысушылар деп таниды;
   2) конкурстық баға ұсынысына осы « Мемлекеттік сатып алу туралы»  ҚР Заңының Заңның 21-бабының 4-тармағында көзделген өлшемшарттардың салыстырмалы мәндерін қолданатынына байланысты енгізілген.

Бұдан басқа, ҚР ӘҚБтК 207-бабының 8-тармағына сәйкес, әлеуеттi өнiм берушiнi және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердiгерлерін (бiрлесiп орындаушыларын) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген негiздер бойынша бiлiктiлiк талаптарына және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейді деп тану – лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

Келесі норма Заңның 20-бабы 1-тармағының 2-абзацында бекітілген, атап айтқанда: « Біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Заңның осы бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттамада біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті» .

 

Дереккөз: журнал "Государственный заказ. Вопросы и ответы", № 9

logo

Дорогой коллега, узнайте важные изменения с системой
«Actualis: Госзакупки»

► Что делать Заказчику по договору с негарантирующим
поставщиком электроэнергии
АКТИВИРОВАТЬ ДОСТУП