ЕурАзЭҚ жұмысы бірінші жылының қорытындысы

47
Ресей Президентінің айтуынша, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік жаһандық экономикадағы қиындықтарға қарамастан дамып келеді.

Қазақстан Президенті Мәскеуде Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты. Бұл ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттер арасындағы үшінші кездесу болып табылады. Оған сондай-ақ Ресей, Беларусь, Армения мен Қырғызстан президенттері қатысты.

Кездесу барысында, көшбасшылар ЕурАзЭҚ жұмысының бірінші жылын қорытындылады және болашақта интеграцияны дамыту міндеттерін айқындады. Биыл Беларусь ЕурАзЭҚ-ға төрағалық етуде. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап төрағалық Қазақстанға өтеді. «Әлемдік экономикалық ахуалдың тұрақсыздығын ескере отырып, біз жылдың қиын болатынын және бізге ерекше жағдайларда жұмыс істеуге тура келетінін түсінеміз», – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. Ол 2016 жылы Қазақстанның төрағалық етуі кезеңінде Шанхай ынтымақтастық ұйымымен және Қытаймен сауда-экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға бар күшімізді саламыз деп мәлімдеді. «Бұл біздің мүмкіндіктерімізді кеңейтуге, Еуразиялық экономикалық одақты нығайтуға мүмкіндік береді», – деді Президент.

Еуразиялық бестіктің көшбасшылары 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап өз міндеттеріне кірісетін Еуразиялық экономикалық комиссияның жаңа құрамы туралы мәселені қарады. Армения мен Қырғызстан қосылғаннан кейін ЕЭК-нің Жоғарғы кеңесі алқа мүшелері құзыретінің нақты болмауының алдын алу және бюрократиялық аппараттың өсуін болдырмау үшін, әр ел өкілдерінің санын үштен екіге азайту туралы шешім қабылдады.

Президенттер сондай-ақ ЕурАзЭҚ-ның басқа елдермен және интеграциялық бірлестіктермен ынтымақтастықтың болашағын талқылады. Қытаймен соның ішінде Жібек жолы экономикалық белдеуімен түйісетін ЕурАзЭҚ-мен сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету тақырыбына ерекше көңіл аударылды. ЕурАзЭҚ құру туралы шартқа Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттері 2014 жылғы 29 мамырда қол қойды.

2015 жылдың 1 қаңтарында шарт күшіне енді. ЕурАзЭҚ-ға 2015 жылғы 2 қаңтарда Армения, 2015 жылғы 12 тамызда одаққа Қырғызстан қосылды.

ЕурАзЭҚ-дағы ахуал бойынша ресми келіссөздер басталар алдында Н. Назарбаев пен В. Путин жеке кездесу өткізді. Әңгіме барысында олар екі жақты ынтымақтастықтың және оған геосаясаттық конъюнктураның ең маңызды бағыттарын талқылады. Бұл кездесу өткен жылдағы соңғы – он төртінші кездесу болады. Жалпы алғанда, Астана мен Мәскеу арасындағы қандай да бір шешілмеген және тіпті шешілмейтін мәселелер жоқ десе де болады. Бірақ практикалық мәселелер бар, мысалға – әскери-техникалық ынтымақтастық мәселесі. Бұл туралы екі елдің көшбасшылары айтқан болатын, бірақ әңгіме жабық есік артында жалғасты. Мемлекет басшылары телекамералар объективі алдында, ең алдымен одақтық бірлестікті дамыту жолдарын талқылайтындары туралы сөз етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті: «Біз Еуразиялық экономикалық одақтың алғашқы қиын жылын өткіздік, осындай дағдарысқа тап келдік. Қалай болғанда да, мұндай шығындар болатынын білдік, сонда да біз дұрыс жасадық. Біз алға қарай жылжуға тиіспіз. Иә, барлық елдердің ЖІӨ-сі 30%-ға азайып, тауар айналымы төмендеді. Алайда, қарым-қатынас, ашық шекаралар, бірлескен кәсіпорындар өте маңызды рөл атқарады. Және бұл туралы біз бүгін Еуразиялық экономикалық комиссияның Жоғарғы Кеңесінің отырысында айтатын боламыз».

Ресей Президентінің айтуынша, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік жаһандық экономикадағы қиындықтарға қарамастан дамып келеді.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті: «Біз ережелер мен кедендік реттеу және техникалық және басқа проблемаларды реттеуді жақындастыру бойынша жұмысты жалғастырудамыз. Осының бәрі оң әсер бермеуі мүмкін емес. Менің ойымша, біздің бұрынырақта келісілгендердің барлығы және біз бүгін жұмыс істеп жатқандарымыздың аясында қазіргі қолдағы барымыз болмағанда, біздің экономикамызға тиер соққы бүгінгіге қарағанда әлдеқайда көп болар еді сенімдемін».

Кремльдегі бұл күн маңызды болды. ҰҚШҰ саммитінің Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына біртіндеп ауысатыны үйреншікті әдетке айналған. Одақтық бірлестіктердің сауда байланысын кеңейту – жиналғандардың қалт етпейтін назарында болды.

Көбінесе Қытаймен өзара ынтымақтастықты тереңдету, оның ішінде Жібек жолының экономикалық белдеуімен түйісулер туралы айтылды. Жақын арада Қытаймен ынтымақтастықтың жол картасы пайда болады. Бірақ өзара іс-қимылдар жекелеген мемлекеттермен ғана емес, сондай-ақ, экономикалық альянстармен де жоспарлануда. Жай ғана қызығушылықтан гөрі, өздерінің ЕурАзЭҚ-мен сауда жасасуға дайын екендіктерін бірқатар елдер білдіріп отыр. Еркін сауда аймағын құру туралы белсенді келіссөздер Израильмен, Үндістанмен, Мысырмен және Иранмен жүргізілуде.

Дереккөз: "Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар" журналы, № 2



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль