Мемлекеттік сатып алудағы тексерулердің негізгі тұстары (2-бөлім)

38
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары ҚР мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңда белгіленген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама қазіргі кезде үлкен өзгерістерге ұшырауда.

 «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303-III Заңын (2015.12.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (бұдан әрі – «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң),  «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚР 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V Заңын (бұдан әрі – «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заң),  2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі» (2015.16.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен),  бұдан әрі – Бюджет кодексін негізге ала отырып аталған рәсімдерді қозғайтын өзекті өзгерістерді қарастырамыз.

Бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен, оның ішінде бюджетті атқаруға байланысты тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген басқа қызмет кезінде тартылатын қарыздарды басқару және пайдалану тиімділігін талдау, бағалау және тексеру мақсатында мемлекеттік аудит  және қаржылық бақылау жүзеге асырылады.

ҚР мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

Мемлекеттік аудит  және қаржылық бақылау органдары  ҚР мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңда белгіленген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.

Бақылау объектілеріне:

1) тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, конкурстық комиссия (аукциондық комиссия), сараптама комиссиясы, сарапшы;

2) өткізілетін мемлекеттік сатып алулар нысанасы шегінде әлеуетті өнім беруші, өнім беруші, сондай-ақ жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлер не қызметтер көрсету бойынша бірлескен орындаушылар ретінде тартылатын тұлғалар;

3) мемлекеттік сатып алуға тауар биржалары арқылы қатысатын тұлғалар;

4) мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор бақылау объектілері жатады.

Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың негізгі қағидаттарына:

1) тәуелсіздік – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының тәуелсіздігіне қол сұғатын араласуға жол бермеу;

2) объективтілік – Қазақстан Республикасының заңнамасына, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезінде объективті тәсілдерді қолдануы және мүдделер жанжалын болғызбау;

3) кәсіби құзыреттілік – мемлекеттік аудиторлардың білікті және сапалы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін білім мен дағдының қажетті көлемінің болуы, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын, кәсіби әдеп қағидаларын сақтауы, сондай-ақ кәсіби борышын орындауы;

4) құпиялылық – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау барысында алынатын немесе өздері жасайтын құжаттарды үшінші тұлғаларға беру не онда қамтылған мәліметтерді ауызша жария ету құқығынсыз сақтау жөніндегі міндеттемесі;

5) анықтық – мемлекеттік аудит нәтижелерін аудиторлық дәлелдемелермен растау;

6) ашықтық – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін баяндаудың анықтығы;

7) жариялылық – құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін жариялау;

8) мемлекеттік аудит нәтижелерін өзара тану – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын сақтаған жағдайда осы органдардың мемлекеттік аудит нәтижелерін тануы жатады.

Субъектіге байланысты мемлекеттік аудит сыртқы мемлекеттік аудитке және ішкі мемлекеттік аудитке бөлінеді.

Мемлекеттік аудит мынадай типтерге бөлінеді:

1) қаржылық есептілік аудиті – мемлекеттік аудит объектісі қаржылық есептілігінің, бухгалтерлік есебінің және қаржылық жай-күйінің анықтығын, негізділігін бағалау;

2) тиімділік аудиті – мемлекеттік аудит объектісінің қызметін тиімділік, үнемділік, өнімділік және нәтижелілік нысанына бағалау және талдау;

3) сәйкестік аудиті – мемлекеттік аудит объектісінің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, сондай-ақ оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілерін сақтауын бағалау, тексеру.

Қаржылық бақылауды «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген құзыреті шегінде бюджетке өтеуді, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету, нұсқамаларды орындау және кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту жолымен қалпына келтіруді қамтамасыз ету арқылы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүзеге асырады.

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың ден қою шаралары:

1) барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті, анықталған бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама шығару;

2) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құзырет шегінде әкімшілік іс жүргізуді қозғау;

3) мемлекеттік аудит объектісі лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларда, материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілеттік берілген органдарға беру;

4) бюджетке өтеуді қамтамасыз ету, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтіру және нұсқамаларды орындау мақсатында сотқа талап қоюды беру болып табылады.

Уәкілетті орган «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 15-бабы 3-тармағында көрсетілген  жағдайлардың бірі басталған кезде тексеруді жүзеге асырады.

Қолданыстағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңда бақылау объектісінің құқықтары мен міндеттері көзделген.    

Мемлекеттік аудит объектісі басшысының:

1) мемлекеттік аудиттің мақсатымен, ұзақтығымен оның нәтижелерімен, тұжырымдарымен және ұсынымдарымен таныс болуға;

2) қаржылық бақылаудың ден қоюының қабылданатын шараларымен таныс болуға;

3) тексеру тағайындау туралы актіні ұсынбаған мемлекеттік аудиторларды тексеруге жібермеуге;

4) мемлекеттік аудит нәтижелерімен келіспеген жағдайда қол қойылған аудиторлық есеп және (немесе) қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есеп ұсынылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда ол тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органына өз қарсылығын жіберуге;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

Мемлекеттік аудит объектісінің басшысы:

1) мемлекеттік аудиторларды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге;

2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары сұрататын деректердің уақтылығын, анықтығын, объективтілігін және толықтығын қамтамасыз етуге;

3) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне жол бермеуге;

4) мемлекеттік аудиторлардың әрекетіне араласпауға және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізуге кедергі келтірмеуге;

5) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының заңды талаптарын орындауға;

6) аудиторлық қорытындыда берілген, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жіберген ұсынымдар мен нұсқамалардың орындалуы туралы, сондай-ақ камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы туралы ақпаратты уақтылы ұсынуға;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

Ұйымдастырушылар мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу туралы  қолданыстағы заңнаманы бұзғаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінде, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексінде жауапкершілік шаралары көзделгенін естерінде ұстаулары тиіс.

Әрбір тапсырыс беруші алынатын бюджеттік қаражаттардың, оның ішінде ақылы қызмет көрсетуден алынатын қаражаттардың мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етуге міндетті.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңда мемлекеттік сатып алудың жоспарында көзделмеген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға  салынатын тиымдар анық белгіленген.

Мемлекеттік сатып алуды конкурс/аукцион тәсілімен  өткізу кезінде әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімін қарауға назар аударылады. Өйткені әлеуеттi өнiм берушiні Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына және (немесе) конкурстық не аукциондық құжаттама талаптарына  сәйкес келмейді деп негізсіз танығаны үшін әрбір комиссия мүшелеріне 100 АЕК  мөлшерiнде әкімшілік айыппұл салынады.

Бұл ретте конкурстық не аукциондық құжаттамада Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.

Бұдан басқа, қолданыстағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада тек 2 жағдайда ғана, тапсырыс беруші:  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті бюджетті нақтылау (түзету) кезінде болған, мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған; сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, тапсырыс берушінің бюджетіне (бизнес-жоспарына, кірістер мен шығыстар сметасына) мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттігін жоққа шығаратын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда»  мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы екендігі белгіленген.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту кезінде жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде,  айыппұл көзделген.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 4-бабында Заңның өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормалары қолданылмай мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру (яғни, өнім берушілермен тікелей шарт жасасу) жағдайлары  көзделген. Бұл ретте тапсырыс берушілер аталған сатып алуды  мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау қағидаттарын сақтай отырып жүзеге асырылуы тиіс екендігін есте ұстаулары тиіс.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қызметкерлері тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға  бөлінген (жұмсалған) қарды қаражаттарының мөлшері мен сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің нарықтық құны арасындағы айырмашылықты бағалауды қоса алғандағы  баға белгілеу мәселелерін көтеруі мүмкін.

Бұдан басқа, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін сақтамастан тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алғаны үшін қолданыстағы заңнамада  100 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.

Мемлекеттік сатып алу саласында жасалған алаяқтық үшін  жауапкершілік шарасының қатаңдатылғанына ерекше назар аударғымыз келеді, ҚР Қылмыстық кодексінде мүлкi тәркiленiп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалау шарасы көзделген.

Осылайша, ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнаманы сақтауын  тексеру кезінде, онсыз мемлекеттік сатып алудың: мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау, мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін теңдей мүмкіндік беру сияқты негізгі  қағидаттарын сақтау мүмкін болмайтын, бюджет қаражаттарының тиімді және мақсатты пайдаланылуына ерекше назар аударылатынын атап өткіміз келеді.

Д. Г. Бондарева

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алулар бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль