Еуразиялық экономикалық одақта жұмыс істеу

14
Гафуров Ернар Еркенович
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Алматы
ЕАЭО туралы шартқа қол қойылғаннан кейін ЕАЭО-ға мүше елдер арасындағы, сондай-ақ сол мемлекеттердің ішіндегі қарым-қатынастарда пәрменді шаралар қабылданғанын және мемлекеттік сатып алуды өткізу үдерісін жақсартуға арналған қадамдар жасалды.

Белгілі болғандай, «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы» ҚР 2014 жылғы 14 қазандағы № 240-V Заңымен біздің мемлекетіміз Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы 2014 жылғы 29 мамырда Астанада жасаған  Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты (бұдан әрі – ЕАЭО туралы шарт)  ратификациялады.

ЕАЭО туралы шартпен заңнамалық деңгейде үш мемлекет арасында мемлекеттік сатып алуды ЕАЭО елдері ішінде, сонымен қатар оларға қатысушылар арасында  мемлекеттік сатып алудың негізгі ережелері мен қағидалары бекітілді.

ЕАЭО туралы шарттың 88-бабына сәйкес, мүше мемлекеттер мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу (бұдан әрі – сатып алу) саласында реттеудің мынадай мақсаттары мен қағидаттарын айқындайды:

сатып алу саласындағы қатынастарды мүше мемлекеттің сатып алу туралы ұлттық заңнамасымен және халықаралық шарттармен реттеу;

мүше мемлекеттерде сатып алу үшін пайдаланылатын қаражаттың ұтымды және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету;

мүше мемлекеттерге сатып алу саласында ұлттық режим ұсыну;

үшінші елдерге сатып алу саласында мүше мемлекеттерге қарағанда неғұрлым қолайлы режим ұсынуға жол бермеу;

сатып алудың ақпараттық ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету;

бір мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес дайындалған электрондық цифрлық қолтаңбаны екінші мүше мемлекеттің өзара тануы арқылы электрондық форматта жүргізілетін сатып алуға қатысуға әлеуетті өнім берушілер мен өнім беруші мүше мемлекеттердің кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету;

мүше мемлекеттің сатып алу саласында ұлттық уәкілетті реттеуші және бақылаушы билік органдарының болуын қамтамасыз ету (бұл ретте осы функцияларды бір органның орындауына жол беріледі);

мүше мемлекеттердің сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеу;

сатып алу саласында бәсекелестікті дамыту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа және басқа да теріс пайдаланушылықтарға қарсы іс-қимыл жасау.

Осы Шарттың әрекеті мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) құрайтын сатып алуға қолданылмайды.

Мүше мемлекеттерде сатып алу ЕАЭО туралы шартқа 25-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

Осы бөлімнің әрекеті мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктері жүзеге асыратын сатып алуға қолданылмайды.

Мүше мемлекеттердің (ұлттық) орталық банктері өздерінің сатып алуды жүзеге асырудың ішкі қағидаларына (бұдан әрі – сатып алу туралы ережеге) сәйкес әкімшілік-шаруашылық қажеттіліктерді қамтамасыз ету, құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстарын орындау үшін сатып алуды жүзеге асырады. Қағидалар осы бапта жазылған мақсаттарға және қағидаттарға қайшы келмеуі, оның ішінде мүше мемлекеттердің әлеуетті өнім берушілеріне тең рұқсат беруді қамтамасыз етуі тиіс. Ерекше жағдайларда ұлттық (орталық) банктің жоғары органының шешімімен жоғарыда көрсетілген қағидаттардан алып қоюлар белгіленуі мүмкін.

Сатып алу туралы ереже сатып алуға қойылатын талаптарды, оның ішінде сатып алу рәсімдерін дайындау және жүргізу тәртібін (сатып алу тәсілдерін қоса алғанда) және оларды қолдану шарттарын, шарттарды (келісімшарттарды) жасасу тәртібін қамтуы тиіс.

Бұл ретте сатып алу туралы ереже және мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктері жоспарлап отырған және жүзеге асырған сатып алу туралы ақпарат сатып алу туралы ережеде айқындалған тәртіппен мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерінің Интернет желісіндегі ресми сайттарында орналастырылады.

ЕАЭО туралы шартқа қол қойылғаннан кейін ЕАЭО-ға мүше елдер арасындағы, сондай-ақ сол мемлекеттердің ішіндегі  қарым-қатынастарда пәрменді шаралар қабылданғанын және мемлекеттік сатып алуды өткізу үдерісін жақсартуға арналған қадамдар жасалғанын атап өткен жөн.

БАҚ деректері бойынша, ресейдегі «Газпром» сияқты ірі компанияның әрекеттерін мысалға келтіруге болады. ЕАЭО туралы шартта декларацияланған ережелерді орындау үшін, аталған компания мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ЕАЭО-ға қатысушы елдер шығаратын өнімдерге басымдық беруді шешті. Бұл жөнінде KAZENERGY-2015 Еуразиялық форумында сөйлеген сөзінде «Газпром» АҚБ Директорлар кеңесінің төрағасы Виктор Зубков мәлімдеді. Бұның өзі Еуразиялық экономикалық одақ аясында Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға және екі мемлекеттің өнеркәсіп секторында өзара тиімді ынтымақтастық пен  мүдделі ұсыныстар әзірлеуде күш біріктіруге мүмкіндік береді.

ЕАЭО-ға қатысушы мемлекеттердің өнеркәсіп кәсіпорындары арасындағы өзара пайдалы ынтымақтастық, аталған кәсіпорынның 2015 жылғы шілдедегі қажеттіліктері үшін пайдаланылатын  өнеркәсіптік мақсаттағы өнімдер импортының орнын толтыру қағидаттарын іс жүзінде қолдануға мүмкіндік беретін, «Газпромға» арналған арнайы бағдарламалар аясында көзделгендігін естен шығармаған жөн.

Қазақстанға көрсетілген мәселелерді шешу үшін белгілі бір құрылымдық ведомствоны бекітсе мақсатқа сай болар еді.

Дегенмен, Қазақстанда ЕАЭО туралы шартқа қол қойылуына байланысты өнеркәсіп саласында белгілі бір алға басушы қадамдар жасалып жатқанын айта кету қажет.

Сонымен, 2015 жылғы 2 қазанда, қазақстандық ірі автокөлік зауыты «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-сі ресейлік «НиАС» ЖШҚ-мен Кеден одағы аясында өндірілетін өнімдерді оқшаулау үшін тетіктерді пайдалану жөніндегі жұмыстарды бастау туралы  меморандумға қол қойды.

«НиАС» ЖШҚ-мен ынтымақтастық шеңберіндегі өзара қарым-қатынастар Кеден одағы аясында М2 және М3 класты автобустарды шығару бойынша оқшаулау деңгейін арттыруға бағытталатын болады. Бұл техника Қостанай қаласындағы СарыарқаАвтоПром» ЖШС-сі алаңында табысты түрде өндірілуде.

Біздің компаниямыздың серіктесі – «НиАС» ЖШҚ-сы өзін Ресей нарығында жоғары сапалы автокомпоненттерді  шығарушы ретінде көрсетті. Мамандардың ақпараты бойынша, Ресейде шығарылған бөлшектерді қолдану, әрине  алдағы уақытта олардың сапасына ешбір әсерін тигізбейтіндей, соңғы өнімнің құнын азайтуға мүмкіндік беретін болады.

Сонымен қатар, әділдік үшін айта кету керек, ЕАЭО туралы шартқа қол қою қатысушы мемлекеттер арасындағы мемлекеттік сатып алуға барлық қатысты мәселелерді автоматты түрде шеше алған жоқ, дегенмен күштерді біріктіру арқылы бұл мәселеде біз қандай да бір оң нәтижеге қол жеткіземіз.

Е. Е. Гафуров



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях