Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары

64
Мухаметжанова Сара Султановна
Редактор-эксперт, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 8-бабында әлеуметті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары нақты белгіленген. Бұл ретте біліктілік талаптары жалпы және арнайы талаптарға бөлінеді.

Сатып алудың конкурстық немесе аукциондық рәсімдеріне қатысуға және жеңімпаз деп танылуға ниетті әлеуетті өнім берушілер, оның ішінде олар тартатын қосалқы мердігерлер не бірлесіп орындаушылар қолданыстағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген біліктілік талаптарына және конкурстық/аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келулері тиіс.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабында әлеуметті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары нақты белгіленген.

Бұл ретте біліктілік талаптары жалпы және арнайы талаптарға бөлінеді.

Әлеуетті өнім беруші мынадай жалпы біліктілік талаптарына сай келуі:

1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін), азаматтық іс-әрекетке қабілеттілігінің (жеке тұлғалар үшін) болуы;

2) төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің болмауы;

3) банкроттық не таратылу рәсімдеріне жатқызылмауы тиіс.

Төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің болмауы туралы талаптар өздеріне қатысты оңалту рәсімі өткізіліп жатқан әлеуетті өнім берушілерге, сондай-ақ жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану міндетті болатын, мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды.

Әлеуетті өнім беруші жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін мынадай құжаттардың бірін:

1) әлеуетті өнім берушіге халықаралық рейтингтік ұйымның рейтингі берілгендігін растайтын құжатты;

2) әлеуетті өнім берушінің биржаның ресми листингіне енгізілгендігі туралы қор биржасының үзінді көшірмесін беру арқылы растауға құқылы.

Лицензиялануға жататын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын әлеуеттi өнiм берушiнiң құқықтық қабiлетi ҚР ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік ақпараттық жүйе арқылы расталады.

Мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда, әлеуеттi өнiм берушi ҚР рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берiлген тиiстi лицензияның нотариат куәландырған көшiрмесiн табыс етеді. Аталған талап электрондық емес, яғни веб- порталдан тыс өткізілетін мемлекеттік сатып алуларға қолданылады.

Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу өткізілетін соманың жүз процентке тең мөлшерде ҚР бір немесе бірнеше резидент банктерінің банктік кепілдік түрінде шартты орындауын қамтамасыз етуге ұсыну арқылы төлем қабілеті туралы жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін мынадай жағдайларда:

1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурсқа қатысуға өтініммен бірге не аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде аукционға қатысуға өтініммен бірге растауға құқылы. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толығымен орындау үшін конкурстық не аукциондық құжаттамада белгіленген мерзімге әлеуетті өнім беруші ұсынады;

2) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толығымен орындау үшін жеткілікті мерзімге оның біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау кезеңінде растауға құқылы.

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушісі бұдан басқа мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде қойылатын арнайы біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Осылайша, мемлекеттік сатып алудың конкурстық не аукциондық рәсімдерін өткізу кезінде тапсырыс берушілер техникалық ерекшелікте әлеуетті өнім беруші ие болуы тиіс мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді сапалы және адал орындау үшін жеткілікті материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарын көрсетеді.

Әлеуетті өнім беруші жұмыстарды орындау үшін қажет растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, конкурстық құжаттамада көзделген жабдықтың (тетіктердің, машиналардың), не ұқсас (қосымша) жабдықтың (тетіктердің, машиналардың) болуы туралы мәліметтерді көрсетеді.

Аталған ақпарат ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 378 бұйрығымен бекітілген Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Электрондық сатып алу қағидалары) 1-қосымша болып табылатын Конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 4-қосымшаны (Біліктілігі туралы мәліметтер) толтыру кезінде көрсетіледі.

Электрондық сатып алу қағидаларының Конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 5-қосымшада (Қызметті сатып алу кезіндегі біліктілігі туралы мәліметтер) әлеуетті өнім беруші қызметті көрсету үшін қажет растайтын қағаз құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, конкурстық құжаттамада көзделген жабдықтың (материалдардың), не ұқсас (қосымша) жабдықтың (материалдардың) болуы туралы мәліметтерді көрсетеді. Сондай-ақ растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып осы конкурс (лот) бойынша қызметтерді көрсету мақсатында қажетті жүктелген міндеттерді орындау үшін жұмысшылардың біліктілігі туралы мәліметті де көрсету қажет. Бұл ретте аталған ақпарат осы конкурс (лот) бойынша техникалық ерекшелікте көрсетілген осындай жұмысшылар болған кезде және жұмысшыларға талаптар болған жағдайда көрсетіледі.

Электрондық сатып алу қағидаларының 91-тармағында әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көрсетілген, мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын иелену бөлігінде арнайы біліктілік талаптарына сәйкес келмегені үшін, оған конкурсқа қатысуға рұқсат берілмейтіні көзделген. Бұл ретте, тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті материалдық және еңбек ресурстары конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікте көрсетілуі мүмкін. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық ресурстарды иеленуі банктің (банктердің), салық органының анықтамасымен расталады.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген біліктілік талаптары әлеуетті өнім беруші жүргізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлер не қызметтер көрсету бойынша бірлескен орындаушылар ретінде тартуды көздейтін жеке және заңды тұлғаларға да қолданылады.

Жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлескен орындаушыларын) тартуды көздейтін әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуда көзделген жұмыстарды не көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыруға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлескен орындаушылардың) құқығын растайтын рұқсат беру құжаттарын ұсынуға тиіс. Жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін орындау үшін қосалқы мердігерлер (бірлескен орындаушылар) тартылған жағдайда, рұқсат беру құжаттары олар орындайтын жұмыс, көрсетілетін қызмет түрлеріне беріледі.

Жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) берілуі мүмкін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шекті көлемдері электрондық сатып алуды өткізу қағидаларында белгіленеді және қосалқы мердігерлер туралы мәліметтерді берген жағдайда әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) жұмыстар көлемінің (құрылыс құнының) үштен екіден астам жиынтығын құрайды.

Заңның 8-бабының 9-тармағына сәйкес, мынадай мемлекеттік сатып алуға қатысқанда:

- осы Заңның 4-бабының 1-тармағы ережелерінің негізінде, яғни Заң нормаларын қолданбастан;

- баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен;

- бір көзден алу тәсілімен (егер баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алулар екі рет өтпеді деп танылған жағдайда);

- тауар биржалары арқылы өткізілген сатып алу кезінде, әлеуетті өнім берушілер өздерінің жоғарыда көрсетілген жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкес келуін растаудан босатылады.

Тапсырыс берушілер мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың ерекше және арнайы тәртіптерді қолдану арқылы мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылуын қоспағанда, Заңнамада көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейтінін есте ұстағандары жөн. 

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль