Заңсыз әрекеттерге (әрекетсіздіктерге) немесе заңсыз шешімдерге шағым жасау

43
Боган Анна Александровна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Алматы
Тапсырыс берушінің сатып алу тәсілін таңдау туралы және сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы Заңда көзделмеген шешімдеріне тек сот тәртібімен ғана шағым жасауға болады.

Заңның қолданыстағы редакциясында да, Заң жобасында да, заңсыз әрекеттерге (әрекетсіздіктерге) немесе заңсыз шешімдерге шағым жасау екі тәсілмен:

● уәкілетті органға шағым беру арқылы;

● сот тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін.

Әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, конкурстық комиссияның және т. б., сатып алуларды жүргізу процесі кезінде олар жол берген кез келген заңсыз әрекетіне (әрекетсіздігіне), шешіміне немесе олар қабылдаған кез келген заңсыз құжаттарына (шешімдер, хаттамалар) шағымды уәкілетті органға (ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті) бере алады. Тапсырыс берушінің сатып алу тәсілін таңдау туралы және сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы Заңда көзделмеген шешімдеріне тек сот тәртібімен ғана шағым жасауға болады.

Заңның қолданыстағы редакциясында әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік бақылау органдарына шағыммен жүгінуіне шектеулі мерзім белгіленбеген.

Тиісінше бұндай жүгінулерге «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III ҚР Заңында белгіленген жалпы ережелер мен мерзімдер қолданылады. Сонымен жоғарыда көрсетілген Заңның 12-бабына сәйкес, лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ субъектінің шешімдеріне бағыныстылық тәртібімен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектіге, жеке немесе заңды тұлғаға тиісті субъектінің немесе заңды тұлғаның іс-әрекет жасағаны не шешім қабылдағаны туралы белгілі болған кезден бастап, үш айдан кешіктірілмей шағым беріледі.

Шағым беру мерзімінің өтіп кетуі субъекті немесе заңды тұлға үшін шағымды қараудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Шағым беру мерзімінің өтіп кету себептері шағымды мәні бойынша қарау кезінде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негіздердің бірі болып шығуы мүмкін.

Заң жобасында тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың заңсыз әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) немесе шешімдеріне әлеуетті өнім берушінің шағым жасауы үшін қысқартылған мерзімді белгілеу көзделуде.

Осылайша, мынадай норманы енгізу көзделуде:

Әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне, егер олардың әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, мемлекеттік сатып алу өткізудің кез келген кезеңінде, бірақ мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама жарияланған күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға шағым жасауға құқылы.

Уәкілетті органға тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасаудың көрсетілген мерзімі өткеннен кейін осындай әрекеттерге шағым жасау сот тәртібінде жүзеге асырылады.

Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының және т.б. әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне уәкілетті органға шағым жасалған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу мерзімі шағым қаралғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Менің пікірімше, бұндай көзделген жаңа енгізулер «Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес, құқықтық актiнiң қолданылуы тоқтатылғанға дейiн бұл құқықтық актiнi қабылдаған мемлекеттік орган, одан жоғары тұрған мемлекеттік орган не сот оның қолданылуын тоқтата тұруы, өзгертуi немесе күшiн жоюы мүмкiн екендігіне байланысты.

Осылайша, мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейін конкурстық комиссия мемлекеттік сатып алу барысында қабылданған шешімдерді уәкілетті органның, мемлекеттік бақылау органдарының, прокуратураның ұйғарымы (қаулысы) бойынша жоюға, өзгертуге құқылы.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгеннен кейін, «Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес, конкурстық комиссияның шешімдері өз күшін жояды және талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен мемлекеттік сатып алу туралы шартына шағым беруге жатады.

Осыған байланысты Заң жобасында мемлекеттік сатып алу туралы шарт жеңімпаз өнім берушіге қол қоюға бірден емес, әлеуетті өнім берушінің әрекеттерге (әрекетсіздікке) немесе шешімдерге (оның ішінде қорытындылар туралы хаттамаға) шағым жасауы үшін белгіленген 5 жұмыс күні аяқталғаннан кейін жіберіледі.

Сондай-ақ Заң жобасының ережелерінде уәкілетті органның шағым түскен күннен бастап тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алуды тоқтата тұру туралы хабарлама жіберу міндеті көзделген.

Бұдан басқа, Заңның қолданыстағы редакциясында уәкілетті органның шағымды қарауға арналған мерзімі белгіленбеген. Тиісінше бұндай шағымды қарауға «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңында белгіленген жалпы ережелер қолданылады. Сонымен жоғарыда көрсетілген Заңның 8-бабына сәйкес:

● қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектіге, лауазымды адамға келіп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады.

● қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектiге, лауазымды адамға келiп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.

Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады, бұл туралы қарау мерзiмi ұзартылған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өтініш берушiге хабарланады.

Егер өтiнiште баяндалған мәселелердi шешу ұзақ мерзiмдi талап етсе, онда өтiнiш түпкiлiктi орындалғанға дейiн қосымша бақылауға қойылады, бұл туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өтініш берушiге хабарланады.

Заң жобасында уәкілетті органның – шағым түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарау мерзімін енгізу көзделген.

Шағымның шағымды берудің және оны қараудың жалпы мерзімдерін қысқарту бөлігінде көзделген жаңа енгізулердің жағымды да және жағымсыз да жақтары бар деп ойлаймын.

Менің пікірімше, негізгі жағымды жағы, егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін тапсырыс беруші, ұйымдастырушы және т.б. тарапынан заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, бұндай заңсыз шешімдердің күшінің жойылуы және мемлекеттік сатып алу туралы шарттың заңнама талаптарына сәйкес жасалуы болып табылады.

Менің тәжірибемде конкурстық комиссия немесе тапсырыс беруші тарапынан мемлекеттік сатып алу қорытындыларының көпе-көрнеу заңды бұзу жолымен шығарылған жағдайлары бірнеше мәрте кездесті, алайда уәкілетті органдар жағынан шағымды қараудың ұзақтығына байланысты, өздерімен заңсыз шарт жасалған өнім берушілер шарт бойынша міндеттемелерін толық көлемде орындап үлгереді.

Заңның 15-бабы 6-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, уәкілетті орган бақылау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бақылау объектісінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғанын анықтаған жағдайда, міндеттемелері толық көлемде және тиісінше орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасасылған, күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы қуыныммен сотқа жүгінеді.

Негізгі жағымсыз жағы, менің ойымша, әлеуетті өнім берушілер кейде өздерінің білмеуіне немесе басқа да себептерге байланысты, олардың құқықтары бұзылды деп санайды және іс жүзінде тапсырыс беруші, ұйымдастырушы және т.б. тарапынан ешқандай заң бұзушылыққа жол берілмеген жағдайда шағыммен жүгінеді. Бұл жағдайда шарт жасасу мерзімдері кейінге жылжиды, ал заңнамаға сәйкес бұндай себеп, мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындау мерзімін ұзартуға негіз болып табылмайды. Осылайша жеңімпаз өнім берушілер міндеттемелерін уақтылы орындамау тәуекеліне және оның салдарынан – міндеттемелерін тиісінше (уақтылы) орындамағаны үшін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу туралы талап арыздар бойынша соттағы даулы іске тап болады.

Кез келген жағдайда көзделіп отырған жаңа енгізулер жөнінде алдын ала қобалжу немесе қуану ерте деп ойлаймын, өйткені тәжірибеде уәкілетті органға шағым берудің қысқартылған мерзімдерін белгілейтін Заң редакциялары бұған дейін де болған.



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль