Алматы қ. бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы бақылау іс-шараларының қорытындысы

18
ҚР ҚМ ҚБК Алматы қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы 254 бақылау объектісіне тексеру жүргізді

ҚР ҚМ ҚБК Алматы қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы (бұдан әрі – Инспекция) 2015 жылғы І тоқсанда 254 бақылау объектісіне тексеру жүргізді, оның ішінде: республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер – 32, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер – 85 және шаруашылық жүргізетін субъектілер – 118.

Жоспарлы кешенді бақылаумен 81 объект, жоспарлы тақырыптық бақылаумен – 91 объект қамтылды.

2015 жылы 82 жоспардан тыс бақылау іс-шаралары жүргізілді.

Жоспардан тыс бақылау іс-шараларының жалпы санынан:

- Қаржылық бақылау комитетінің тапсырмасы бойынша 2 тексеру немесе 2,4 %;

- заңды және жеке тұлғалардың жүгінулері бойынша – 73 немесе 89,0 %;

- құқық қорғау органдарының өтінулері бойынша – 7 немесе 8,6 % тексерулер жүргізілді.

Бұдан басқа, құқық қорғау органдарының тапсыруы бойынша мамандар 6 тұжырымдама берді.

Анықталған қаржылық бұзушылықтардың, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жасау талаптарын бұзушылықтардың  жалпы сомасы 21 508,4 млн теңгені құрады.

Бұдан басқа, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу кезінде қорытындыға әсер ететін, жалпы сомасы 10 999,3 млн теңге болатын мемлекеттік сатып алу туралы ҚР заңнамасын бұзушылықтар анықталды.

2015 жылғы І жарты жылдықтағы бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша қабылданған шаралар арқылы орнына келтірілуге және бюджетке өтеуге жататын 15 583,8 млн теңге болатын жалпы сомадан 15 352,4 млн теңге немесе 98,5 %-ы бюджетке қайтарылды және өтелді.

Анықталған бұзушылықтарды, оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында, есептік кезеңде 232 ұсынымдар жіберілді. Тексерілген бақылау объектілерінің 344 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бақылау іс-шараларының нәтижесі бойынша 42 лауазымдық тұлға 5 232,9 мың теңге болатын сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 5 184,7 мың теңгесі немесе 99,0 %-ы бюджетке өндіріліп алынды.

20 бақылау объектісі бойынша мемлекеттік сатып алу қорытындыларының күші жойылды.

Сот органдарына мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы 6 талап арыз берілді, олардың екеуі бойынша – талап арызды қанағаттандыру туралы шешім шығарылды.

2015 жылғы І жарты жылдықта құқық қорғау органдарына сомасы 5 396 465,3 мың теңге болатын 9 бақылау материалдары, олардың ішінде инспекцияның бастамасы бойынша – сомасы 3 399 835,4 мың теңге болатын 3 материал берілді.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль