ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бақылауымен шығу тегі туралы сертификаттардың берілуі

18
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өзінің еншілес компаниясы – «Тауарлардың шығу тегін сертификаттау орталығы» ЖШС – тауардың шығу тегі туралы бұзушылықтармен жасалған сараптау актілерінің негізінде берген «СТ-KZ» сертификаттарын қайтарып алуға арналған құқықтық мүмкіндіктерді қарастыруда.

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өзінің еншілес компаниясы – «Тауарлардың шығу тегін сертификаттау орталығы» ЖШС – тауардың шығу тегі туралы бұзушылықтармен жасалған сараптау актілерінің негізінде берген «СТ-KZ» сертификаттарын қайтарып алуға арналған құқықтық мүмкіндіктерді қарастыруда.

Тауардың шығу тегін сараптауды коммерциялық ұйымдар жүргізеді және олардың актілерінің негізінде, Үкімет қаулысына сәйкес отандық тауар өндірушілердің сертификаттары ресімделеді, куәландырылады және беріледі. «СТ-KZ» сертификаттарының түпнұсқаға сай екендігін тексеруге осыған ұқса тауар шығаратын әріптерімізге қатысты күмәндары пайда болған жекелеген қазақстандық өндірушілердің тиісті өтініштері себеп болды. Бұл арада, «СТ-KZ» иеленушілердің мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың сатып алуларына қатысу кезінде жеңілдіктері бар екендігін түсіндіре кеткен жөн.

ҚР Ұлттық палатасы, шығу тегінің сертификаттарын беруге байланысты рәсімдердің заңға сыйымдылығы мәселесін ерекше бақылауға алғанын хабарлайды. ҰКП әрбір осыған ұқсас жүгінулер бойынша шұғыл түрде тексерулер жүргізеді, бұзушылықтар анықталған жағдайда – өз құзыреті аясында шаралар қабылдайды.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сертификаттар беру тәжірибесіне бір ай бойына талдау жүргізді және ережелерді жетілдіру жөнінде Инвестициялар және даму жөніндегі министрліктің уәкілетті органына ұсыныстар енгізді. ҰКП сонымен қатар, тауардың шыққан тегін сараптау, ресімдеу, куәландыру және сертификат беру бір органның иелігінде болатындай – «бір терезе» қағидатын енгізуді ұсынады. Заңды бұзушылықтар дәл осы бірінші кезеңде жиі туындайтынын атап өткіміз келеді, бұған Сауда-өндірістік палатасының көп жылдық тәжірибесі де куә.

Естеріңізге саламыз, СӨП-тің барлық функциялары, оның ішінде шығу тегі туралы сертификат беру функциясы ҰКП-ға 2014 жылғы 22 шілдеден бастап («ҚР Ұлттық кәсіпкерлерінің палатасы туралы» заң күшіне енгеннен және «Сауда-өнеркәсіптік палаталары туралы» заң күшін жойғаннан кейін) берілген. СӨП-тің жылдар бойы қалыптасқан білікті сарапшылар ұжымы, ол таратылғаннан кейін ҰКП-ның еншілес ұйымына қабылданды.

Бүгінгі күні Тауарлардың шығу тегін сертификаттау орталығының бүкіл Қазақстан бойынша өз бөлімшелері бар. Оның мамандары нысандарындағы мынандай сертификаттарды ресімдейді: «СТ-1», «СТ-2», «СT-KZ».

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль