Мемлекеттік сатып алуды шетелдік компаниялардың қатысуымен өткізу

33
Мемлекеттік сатып алуды шетелдік компаниялардың қатысуымен өткізу
Гафуров Ернар Еркенович
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Алматы
ҚР Заңнамасына сәйкес, егер нормативтік актілерде қандай да бір әрекеттерді жүзеге асыруға, не қандай да бір тұлғаның орналасу орнына не өзге де мән-жайлардың орындалу орнына тура шектеулер қойылмаса, тиісінше бұндай шектеулер жоқ.

Бірыңғай тізбені қалыптастыруды, бекітуді және жүргізуді Кеден одағы комиссиясы жүзеге асырады

Еуразиялық экономикалық комиссия сайтының деректері бойынша, Ресей Федерациясында Кеден одағының сертификаттау бойынша 1 026 органдары мен Бірыңғай тізбеге енгізілген өнімнің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыратын 1 699 сынақ зертханалары жұмыс істейді. Аталған өнім Кеден одағы комиссиясының 07.04.2011 ж. № 620 шешімімен бекітілген бірыңғай құжаттарды беру арқылы Кеден одағы шеңберінде міндетті түрде сәйкестікке бағалауға (растауға) жатады. Сондай-ақ Ресей Федерациясында Кеден одағының Техникалық регламенттерінің (бұдан әрі – Техникалық регламенттер) талаптарына сәйкес, өнімнің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыратын Кеден одағының сертификаттау бойынша 758 органдары мен 1 553 сынақ зертханалары (орталықтары) жұмыс істейді. Беларусь Республикасында Бірыңғай тізбе бойынша сертификаттау жөніндегі 55 орган мен өнімнің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыратын 358 сынақ зертханалары (орталықтары), сондай-ақ Техникалық регламенттер бойынша сертификаттау жөніндегі 49 орган мен 240 сынақ зертханалары (орталықтары) жұмыс істейді. Ал Қазақстан Республикасына қатысты, бізде Бірыңғай тізбе бойынша сертификаттау жөніндегі 105 орган мен 637 сынақ зертханалары (орталықтары), сондай-ақ Техникалық регламенттер бойынша сертификаттау жөніндегі 75 орган мен 209 сынақ зертханалары жұмыс істейді.

Аккредиттелген органдардың басым көпшілігі Ресей Федерациясында орналасқан және жалпы саны 5 036 бірлікті құрайды. Екінші позицияда Қазақстан Республикасы, органдардың жалпы саны 1026 бірлікті құрайды. Және үшінші орында Беларусь Республикасы, ондағы органдардың жалпы саны 702 бірліктен тұрады.

Мемлекеттік сатып алуды шетелдік компаниялардың қатысуымен өткізуге қатысты құқықтық аспектілер

«Мемлекеттік сатып алу туралы ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 29) тармақшасына сәйкес, өнім беруші – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, тапсырыс берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы жасасқан шартта оның келiсiмшарт жасаушы агентi ретiнде әрекет ететiн заңды тұлға (егер ҚР заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда өнiм берушi болуы мүмкiн.

Заңның 1-бабының 32) тармақшасына сәйкес, тапсырыс берушілер – ұлттық басқарушы холдингтердi, ұлттық холдингтердi, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды, ҚР Ұлттық Банкін, оның ведомстволарын және оларға қатысты өзі құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, осы Заңға, сондай-ақ ҚР азаматтық заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар.

ҚР Заңнамасына сәйкес, егер нормативтік актілерде қандай да бір әрекеттерді жүзеге асыруға, не қандай да бір тұлғаның орналасу орнына не өзге де мән-жайлардың орындалу орнына тура шектеулер қойылмаса, тиісінше бұндай шектеулер жоқ.

Осыдан келіп шығатыны, шетелдік заңды тұлғалардың ҚР резиденттерімен бірге мемлекеттік сатып аулға жалпы негіздерде қатысуға құқығы бар деп айта аламыз.

Сонымен қатар, жоғарыда келтірілген Заңның 1-бабының 3) тармақшасының нормаларын ескере отырып, шетелдік тұлға мемлекеттік сатып алудың тапсырыс берушісі бола алмайтындығын, өйткені мемлекеттік органдар мен ұйымдар ғана тапсырыс беруші болып табылатынын және өз кезегінде олардың шетел мемлекеттінің резиденті бола алмайтынын атап өткен жөн.

Тиісінше, біз шетелдік заңды тұлға ҚР аумағында өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатыса алады, оған тек бір ғана шектеу қойылады – бұндай тұлға мемлекеттік сатып алу шартының бір тарапы – өнім беруші ғана бола алады деген тұжырым жасаймыз.

Бұдан әрі Кеден одағының құрылуы мен әрекет етуі шетелдік компанияның қатысуымен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қалай әсер ететінін қарастырамыз?

Жоғарыда көрсетілгендей, Қазақстанда шетелдік компаниялар мемлекеттік сатып алуға тек өнім беруші ретінде ғана қатыса алады.

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» ҚР Кодексінің (бұдан әрі – КО Кеден кодексі) 306-бабының 1-тармағында, кедендік реттеу мақсатында тауарларға қатысты кедендік рәсімдердің мынадай:

1) ішкі тұтыну үшін шығару;

2) экспорт;

3) кедендік транзит;

4) кеден қоймасы;

5) кедендік аумақта қайта өңдеу;

6) кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу;

7) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу;

8) уақытша әкелу (жіберу);

9) уақытша әкету;

10) кері импорт;

11) кері экспорт;

12) бажсыз сауда;

13) жою;

14) мемлекеттің пайдасына бас тарту;

15) еркін кедендік аймақ;

16) еркін қойма;

17) арнайы кедендік рәсім  (кедендік баждар мен салықтарды алмай және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай, кедендік мақсаттар үшін Кеден одағының кедендік аумағында немесе оның шегінен тысқары жерлерде тауарлардың жекелеген санаттарын пайдалану және (немесе) оларға билік ету талаптары мен шарттарын айқындайтын кедендік рәсім болып табылады) түрлері белгіленеді.

 

КО Кеден кодексінің 306-бабының 1-тармағының 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсімдер Кеден одағына мүше – мемлекеттердің халықаралық шарттарымен белгіленеді.

Арнайы кедендік рәсім Комиссияның шешімімен айқындалған жағдайларға сәйкес және тауарлар санаттарына қатысты КО Кеден кодексінде белгіленеді.

Санкт-Петербург қаласында 2010 жылғы 18 маусымда қол қойылған «Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімнің» (бұдан әрі – Келісім)  10-бабында, мыналар белгіленген:

Еркін кеден аймағы – тауарлар ЕЭА аумағының немесе оның бір бөлігінің шегінде кедендік баждарды, салықтарды төлемей, сондай-ақ шетелдік тауарларға қатысты тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай және кеден одағының тауарларына қатысты тыйым салулар мен шектеулерді қолданбай орналастырылатын және пайдаланылатын кедендік рәсім.

Еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлар шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды, ал еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылған Кеден одағының тауарлары Кеден одағының тауарлары мәртебесін сақтайды.

Келісімнің 8-бабының 1 және 2-тармақтарында:

Еркін қойманың кедендік рәсімі – тауарларды еркін қоймада кедендік баждарды, салықтарды төлеусіз, сондай-ақ шетелдік тауарларға қатысты тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай-ақ және кеден одағы тауарларына қатысты тыйым салулар мен шектеулерді қолданбай-ақ орналастыруға және пайдалануға болатын кедендік рәсім екендігі көрсетілген.

Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында кеден одағы тауарларының еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылмайтыны белгіленуі мүмкін.

Еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды, ал еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған кеден одағының тауарлары кеден одағы тауарлары мәртебесін сақтайды.

Еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған кеден одағының тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар кеден одағының тауарлары мәртебесін алады.

Жоғарыда айтылғандардан келіп шығатыны, ҚР аумағында мемлекеттік сатып алуға қатысуға ниетті өнім беруші – шетелдік компаниялар, Кеден одағының құрылуымен байланысты белгілі бір жеңілдіктерге ие болады, атап айтқанда:

1) шетелдік компаниялардың тауарлары, жұмыстары көрсетілетін қызметтері ЕЭА (еркін экономикалық аймақ) аумағы шегінде немесе оның бөлігінде кеден баждарын, салықтарды төлеместен, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан орналастырылады және пайдаланылады;

2) шетелдік компаниялардың тауарлары, жұмыстары көрсетілетін қызметтері еркін қоймада кеден баждарын, салықтарды төлеместен, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан орналастырылады және пайдаланылады.

Кеден одағын құруға және оның қызметін одан әрі жетілдіруге байланысты шетелдік компаниялардың Қазақстан Республикасына тауар жеткізуіне және қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес мемлекеттік сатып алуларға қатысуына арналған неғұрлым қолайлы жағдайлар ашылуда және жасалуда. Аталған жағдай ақпарат алмасуға, Кеден одағына мүше мемлекеттер ішінде және Кеден одағына мүше болып табылмайтын үшінші елдерге қатысты серіктестік қарым-қатынастардың дамуына арналған мүмкіндіктер ашады. Бұның өзі, өз кезегінде, біздің мемлекетіміздің экономикалық көрсеткіштерінің жақсаруына әкеледі және біздің ішкі тауар өндірушілеріміз бен жұмыстар мен көрсетілетін қызметті жеткізушілеріміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдайлар жасайды.

Осылайша, Кеден одағының құрылуымен Кеден одағына мүше мемлекеттердегі елдерде өнімдерді Кеден одағына мүше елдердің Арнайы келісімімен және Кеден одағының Техникалық регламентімен бекітілген Тауарлардың, өнімдердің тізбесі бойынша өнімдердің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыратын аккредиттеу жөніндегі органдар мен сынақ зертханалары (орталықтары) құрылғаны туралы тұжырым жасауға болады. Сондай-ақ шетелдік компаниялардың келешекте мемлекеттік сатып алуға қатысуына және тиісінше Кеден одағына қатысушы елдердің ішкі нарығына тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуіне мүмкіндіктер жасалды.

Е. Е. Гафуров



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях