Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданылу мерзімі

18
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың көбісі күнтізбелік (қаржылық) жылдың соңына дейінгі мерзімге немесе шарт жасалған сәттен бастап бір жылға жасалады. Алайда ҚР мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген ерекшеліктер бар, біз оларды төменде қарастырамыз.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың көбісі күнтізбелік (қаржылық) жылдың соңына дейінгі мерзімге немесе шарт жасалған сәттен бастап бір жылға жасалады. Алайда ҚР мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген ерекшеліктер бар, біз оларды төменде қарастырамыз.

  Заңының 37-бабының 6-тармағына сәйкес, мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер және оралымды басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар:

1) жобалау-сметалық құжаттамада оларды келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарда) аяқтау мерзiмi көзделген жұмыстарды;

2) дайындаудың технологиялық мерзiмiнiң ұзақтығы оларды келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) беруге негіз болатын активтер мен басқа да тауарларды;

3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтердi сатып алған жағдайда бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасаса алады. Мемлекеттiк сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс;

4) бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге көрсетілетін қызметтердi;

5) тиiстi бюджетте, даму жоспарында (бизнес-жоспарда), қаржыландыру жоспарында белгiленген, орындалу (көрсетілу, берілу) мерзiмi орындау ұзақтығына байланысты келесi (кейiнгi) қаржы жылына (жылдарына) белгіленген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алған жағдайда бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкiн.

Мемлекеттiк сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс.

Бұдан басқа Заңның 37-бабының 7-тармағында, шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-ақ дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар даму жоспарында (бизнес-жоспарда) белгiленген, басқару органы немесе аталған тұлғалардың жоғары органы бекiткен келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзiмiмен iс-шараларды орындау үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы ұзақ мерзiмдi шарт жасасуы мүмкiн екендігі көзделген.

Заңның жоғарыда көрсетілген нормасы неғұрлым түсініктірек болуы үшін, көрсетілген мемлекеттік мекемелерге қатысты (дауыс беретiн акцияларының жарғылық капиталға қатысу үлестерінің елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар) үлестес болып табылатын заңды тұлғалар кімдер болып табылатынын қарастырайық? Заңның 1-бабының 7) тармақшасында көрсетілген ұғымнан келіп шығатындай, мемлекеттік кәсіпорындардың үлестес тұлғалары – дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларға, яғни жоғарыда көрсетілген мемлекеттік кәсіпорындарға дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы тікелей не жанама түрде тиесілі болатын заңды тұлғалар.

Сондай-ақ Заңның 37-бабының 8-тармағында, жылдық қаржы есептiлiгiнiң аудитi бойынша көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзiмге жасалуы мүмкiн.

Маңызды. Заңның 37-бабының 7 және 8-тармақтарында көзделген жоғарыда айтылған жағдайларда, бәсекелестiк негiзде өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілермен ғана қолданысы бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға жол берiлетiні туралы тапсырыс беруші білуге тиіс.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях