MCFR.KZ Госзакупки

Әлеуетті өнім берушінің шарт жасасудан жалтаруы

  • 26 ноября 2018
  • 72

Мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы деп танылған әлеуетті өнім берушінің тапсырыс берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан (тура және жанама) жалтаратын, бас тартатын жағдайлары да кездеседі.

Мемлекеттік сатып алу шартын жасау мерзімі

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 383-бабына сәйкес «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі-Заң) 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері бар тұлғаны қоспағанда, тапсырыс беруші жеңімпазға веб-портал арқылы осы Қағидаларға 1920 және 21-қосымшаларына сәйкес тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарттарға сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын:

      1) конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға шағымдану мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      2) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы айқындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.

Шарттың жобасы Заңның 43-бабының 3-тармағына сәйкес конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату тәсілдерімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы шарттың жобасы қоса берілген хабарлама веб-порталға келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шарттың жобасын электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырады.

Договор о государственных закупках в РК  

Мемлекеттік сатып алу шартына қол қоюдан бас тарту

Мемлекеттік сатып алудан бас тарту тек тапсырыс берушіге кейбір айқындалған жағдайларда (Заңның 5-бабы 10-тармағы) ғана қарастырылған.

★Екінші жеңімпазбен шарт жасасу★

Уклонение потенциального поставщика от заключения  договора закупок

Арайлым Ахметрасулова

Главный редактор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Екінші жеңімпаз шарт жасасудан жалтарған жағдайда тапсырыс берушінің әрекеті.

Мемлекеттік сатып алу шартына қол қоюдан бас тарту өнім беруші үшін заңмен көзделмеген, стапы алуда жеңімпаз атанған өнім беруші тапсырыс берушімен шартқа отыруға міндетті. 

Өнім беруші келесі жағдайлардын бірінде, шартты жасасудан жалтарған болып танылады: 

  • жеңімпаз немесе екінші орын алған әлеуетті өнім беруші, осы Заңда белгіленген мерзімде тапсырыс берушіге қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоймаған жағдайда;
  • шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді  және (немесе) Заңының 26 бабына сәйкес соманы енгізбеген жағдайда.

★Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) антидемпинг сомасын енгізбеу★

Уклонение от заключения договора о государственных закупках

Рауана Карабаева

автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Өнім берушінің шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайдағы тапсырыс берушінің әрекеті

Тапсырыс беруші мерзімдерді бұза отырып, шартты жіберген кезіндегі өнім беруші әрекеті

Өнім беруші егер тапсырыс беруші мерзімдерді бұза отырып, шартты жіберген болса, мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасаудан бас тартуға құқылы ма?

Мысалы: Конкурс тамызда өткізілді, тапсырыс беруші қазан айының соңында шартты жібереді, ал жұмыстарды орындау үшін 4 ай қажет.

  

«Мемлекеттік сатып алу туралы» (бұдан әрі – Заң) ҚР Заңының 12-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуданжалтарған, жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілердің (екінші орын алған әлеуетті өнім берушілердің) тізбесін білдіреді

Заңның 12-бабының 5-тармағына сәйкес Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі Заңның 12-бабының 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде қалыптастырылады.

Тапсырыс берушінің Нұсқаулығына сәйкес егер жеңімпаз болып танылған немесе екінші орын алған әлеуетті өнім беруші заңмен белгіленген мерзімде веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоймаса, мұндай әлеуетті өнім беруші веб-портал арқылы қабылданатын уәкілетті органның шешімімен автоматты түрде мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жосықсыз тізіліміне енгізіледі.

Бұл ретте мемлекеттік сатып алу веб-порталымен автоматты түрде әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу үшін мәліметтері бар өтінім және PDF форматында уәкілетті органның бұйрығы жасақталады.

Жоғарыда баяндалғандарды есепке ала отырып, егер шарт мемлекеттік сатып алудың веб-порталында жасалса және өнім берушімен уақытылы қол қойылмаса, онда мұндай әлеуетті өнім беруші шартпен белгіленген мерзімдерді бұза отырып, тапсырыс берушімен жіберілгендігіне қарамастан тізілімге автоматты түрде енгізілетіндігін назарға алған жөн.

Сонымен қатар, Заңның 12-бабының 7-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы шешімге олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасауына болады.

Бірақ, егер арыз бойынша шешім оң болса, шағым беру уақытында әлеуетті өнім беруші Заңның 12-бабының 6-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндігінен айырылады.

Сондай-ақ, Заңның 43-бабының 2-тармағына сәйкес тапсырыс беруші жеңімпазға мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын:

      1) конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға шағымдану мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      2) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы айқындалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберетіндігін назарға алыңыз.

Осылайша, тапсырыс берушімен шартты жіберу мерзімі бұзылған жағдайда әлеуетті өлім берушілерге шартты бірнеше ай өткеннен кейін алудың сәтін күтпей, уақытылы тапсырыс берушінің заңсыз әрекеттеріне арызбен уәкілетті органға жүгінуге кеңес береміз.

 

Сот шешімі мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудың негізі ретінде

Уклонение потенциального поставщика от заключения  договора закупок

Андрей Романов

юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Өнім беруші тапсырыс берушінің ведомстволық ұйымы орналасқан үйдің қызмет көрсетуші ұйымы бола тұрып, бір көзден алу тәсілімен шарт жасаудан бас тартты. Өнім беруші өзінің бас тартуының дәлелі ретінде электрондық цифрлық қолтаңбасының жоқ екенін, веб-порталда тіркелмегенін, ҚҚС төлеуші еместігін, сондықтан тіпті шарт жасағаннан кейін тапсырыс берушіге электрондық шот-фактура жібере алмайтынын алға тартты. Тапсырыс беруші не істеу керек?

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться