ЭШФ-ны түзету

53
ЭШФ-ны түзету
Түзетілген электрондық шот-фактура бұрын жазылған электрондық шот-фактураға өзгеріс енгізу қажет болғанда жазып беріледі.

Біз электрондық шот-фактураны (бұдан әрі – ЭШФ) қалай жазып беру керектігі туралы ақпарат жариялағанбыз, бұл мақалада бұрын жазылған шотты қалай түзету керектігін қарастырамыз.

Тауарларды іске асыру айналымын түзету қатемен байланысты емес – ол «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» ҚР Кодексінің (бұдан әрі – ҚР СК) 239-бабында көрсетілген жағдайлар бойынша жүргізіледі.

Салық салынатын айналым мөлшерін түзету кезінде қосымша ЭШФ жазып беріледі.

Қате түзетілген жағдайда – түзетілген ЭШФ.

Түзетілген ЭШФ жазу тәртібі ҚР СК 263-бабының 14, 14-1-тармақтарында белгіленген:

бұрын жазып берілген шот-фактураға өзгерістер енгізу, оның ішінде қателерді түзету мақсатында өзгерістер енгізу бұрын жазып берілген шот-фактураны жою және түзетілген шот-фактураны жазып беру арқылы жүргізіледі. Бұл ретте түзетілген шот-фактурада бұрын жазып берілген шот-фактурада көрсетілгеннен өзге тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің өнім берушісін көрсетуге жол берілмейді.

Аталған талап қосымша шот-фактура жазып беру жағдайына қолданылмайды.

Түзетілген шот-фактура мына ақпараттарды:

– шот-фактураның түзетілгені туралы белгіні;

түзетілген шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін;

– күші жойылатын шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін (бастапқы, түзетілген құжат туралы мәлімет) қамтуға тиіс.

Электрондық нысанда жазылатын түзетілген шот-фактура бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осындай түзетілген шот-фактураны алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде  электрондық нысанда жазып берілген шот-фактуралардың  құжат айналымы тәртібі бойынша мұндай шот-фактураны жазып берумен келіспейтінін көрсетуге  құқылы.

Түзетілген ЭШФ жазып беру белгісі 4-жолдағы белгі болып табылады. Белгіні орнатқан кезде бастапқы (түзетілген) шот-фактураның мәліметтері көрсетілетін 4.1, 4.2 және 4.3-жолдар міндетті түрде толтырылуға тиіс:

– «Жазып беру күні» деген 4.1-жолда жойылатын (түзетілетін) электрондық шот-фактура күні көрсетіледі;

– «Есептік жүйе нөмірі» деген 4.2-жолда жойылатын электрондық шот-фактураның нөмірі көрсетіледі. Бұл ретте, егер жойылатын электрондық шот-фактура тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші ЭШФ АЖ-де тіркелгеннен кейін жазып берілген жағдайда, түзетілген ЭШФ жазып берген кезде 4.1, 4.2 және 4.3-жолдарды толтыру қажет;

– «Тіркеу нөмірі» деген 4.3-жолда жойылатын электрондық шот-фактураның тіркеу нөмірі көрсетіледі. Егер жойылатын шот-фактура 2015 жылдың 1 сәуіріне дейін жазып берілген жағдайда, онда түзетілген ЭШФ-ні жазып берген кезде ЭШФ АЖ тіркеу нөмірін көрсету талап етілмейді.

Түзетілген ЭШФ күні қашанда оны ЭШФ АЖ-де тіркеген күн болып табылады. Салық заңнамасы және электрондық шот-фактуралардың құжат айналымы ережелері түзетілген шот-фактура нөміріне қойылатын арнайы талаптарды ұсынбайды.  Сондықтан салық төлеуші келесі реттік нөмір ретінде ережелерге сай өз есеп жүйесінің нөмірін пайдалана алады, бұрынғы нөмірін де сақтайды (егер бұған өз есеп жүйеңізде жол берілсе).

ЭШФ АЖ бір күнде бірдей нөмірдегі екі әртүрлі құжатты тіркеуге мүмкіндік бермейді,  алайда мұндай құжаттарды әртүрлі күнде тіркеуге болады. Түзетілген ЭШФ-ның барлық өрістері қайта толтырылады – қате болмағанда қалай толтырылуға тиіс болса, солай толтырылады. Егер бастапқы құжатта өріс дұрыс толтырылса,  демек, түзетілген құжатта да оны солай толтырамыз; егер қате кеткен болса – түзетілген мәнмен толтырамыз.

Түзетілген ЭШФ-да іске асыру бойынша айналым жасау күні

 «Электрондық шот-фактураның жалпы мәліметтері» А тарауының 3-жолында көрсетілетін тауарларды  іске асыру бойынша айналым жасау күні ҚР СК 237-бабына сәйкес айқындалады және ЭШФ-ны түзету күніне байланысты емес. Көбінесе бұл күн тауарды тиеу күні немесе жұмыстарды орындау күні (тапсырыс берушінің жұмысты қабылдауы).  Бұл өріс міндетті түрде толтырылуға тиіс. Егер бастапқы шот-фактурада айналым күні  дұрыс көрсетілсе, онда түзетілген ЭШФ-да ол бастапқыдағыдай толтырылады (сол мәнмен). Егер бұрын көрсетілген айналым күнін көрсету керек болса, түзетілген шот-фактурада оны дұрыс мәнмен толтыру қажет. Аталған өріс үшін ЭШФ құжат айналымы қағидаларында шағын шектеу белгіленген: айналым күні түзетілген ЭШФ жазған күннен кешірек кезеңге жатқызылмайды. Яғни, мысалы, ЭШФ-ны 2017 жылы 4 маусымда жазып,  онда  айналым күнін 2017 жылғы 8 маусым деп көрсетуге болмайды.  

Түзетілген ЭШФ жазып беру кезінде бұрын жазып берілген ЭШФ және жойылатын негізгі ЭШФ-ға жазып берілген барлық қосымша ЭШФ жойылады. Мұндай қосымша шот-фактураларды қайтадан жаза отырып содан соң қалпына келтіру керек, бірақ енді түзетілген ЭШФ-ға. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы  оның атына түзетілген электрондық шот-фактура жазып берілген жағдайда, жазып берілген күннен бастап 10 күн ішінде аталған шот-фактураны қабылдамауға құқылы. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы  белгіленген мерзім ішінде қабылдамауы орындалмаған электрондық шот-фактура  қуатталды деп саналады. Егер негізгі шот-фактура есептемеде көрсетілсе, онда түзетілген ЭШФ жазып бергеннен кейін бұрын ұсынылған есептемені түзету, оның ішінде ҚҚС бойынша Декларацияның 300.07 және 300.08 реестріндегі шот-фактураның нөмірі мен күні туралы мәліметтерді түзету қажеттігін есте ұстаған жөн.

ЭШФ АЖ-де түзетілген шот-фактураны қалай жазып беру керек

ЭШФ АЖ-де түзетілген шот-фактураны жазып беру үшін «Түзетілген шот-фактура жазып беру» функциясын қолдануға болады. Түзетілген шот-фактура ЭШФ АЖ-де ресімделген бастапқы ЭШФ негізінде ғана жасалады. Егер негізгі шот-фактура қағаз тасығышта жазылған болса, онда түзетілген шот-фактура да тек қана қағаз тасығышта жасалады.

ЭШФ АЖ-де жойылған шот-фактураларды – «Жойылғандар» бөлімінен, түзетілген шот-фактураларды  «Түзетілгендер» бөлімінен қарауға болады.

Қазіргі таңда уәкілетті органдар «Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 77 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы» бұйрық жобасын әзірледі, оған сәйкес электрондық шот-фактураның нысанына, ЭШФ толтыру ережелеріне, құжат айналымы қағидаларына өзгеріс енгізу жоспарлануда. Жобаға сәйкес электрондық шот-фактураның нысанына өзгертулер 2017 жылдың 1 қазанынан бастап енгізіледі.

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуді растайтын құжаттардың реквизиттерін (F бөлімі), жеткізушінің банк реквизиттерін (В1 бөлімі), жеткізушінің сенім білдірілген адамының (оператордың) реквизиттерін (I бөлімі), сатып алушының сенім білдірілген адамының (оператордың) реквизиттерін (J бөлімі) көрсету үшін жаңа бөлімдер қосылды.

Тізбеге енгізілген импортталған және өндірілген тауарларды, Тізбеге енгізілмеген импортталған тауарларды және басқа тауарларды бөлу үшін тауар, жұмыс, көрсетілетін қызметтің шығу белгісін көрсету мүмкіндігі енгізілді:

  • «1» - Қазақстан Республикасының аумағына Тізбеге енгізілген ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден және үшінші елдерден әкелінген тауар іске асырылған жағдайда. Егер бұрын тауар 12 «Қосымша мәліметтер» тармағында «БКТ», «ДСҰ», «КО» әріптік мағыналары көрсетілген ЭШФ-ның бұрынғы нұсқасымен сатып алынса,  онда сол тауар «1» белгісіне жатады;
  • «2» – Қазақстан Республикасының аумағына Тізбеге енгізілмеген ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден және үшінші елдерден әкелінген тауар іске асырылған жағдайда;
  • «3» – Қазақстан Республикасында өндірілген Тізбеге енгізілген тауар іске асырылған жағдайда;
  • «4» – Қазақстан Республикасында өндірілген Тізбеге енгізілмеген тауар іске асырылған жағдайда;
  • «5» – «1», «2», «3», «4» белгілеріне қатысты емес тауар іске асырылған жағдайда;
  • «6» – жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жағдайында.

Жаңа реквизиттер енгізілді: қатысу үлесі (бірлескен қызметке қатысушылар үшін), тауарды жеткізу шарттары (Инкотермс бойынша үш таңбалы символдық код), тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет идентификаторы (ЭШФ АЖ ішкі сыныптамасы бойынша) және тағы басқа.

«Қосымша мәліметтер» өрісі ЭШФ-ның түрлі бөлімдерінде еркін мәліметтер көрсету үшін босатылды (бұрын бұл өрістерде өндіріп алу тізбесіне кіретін тауарларға мониторинг жасау үшін мамандандырылған деректер көрсетілетін).

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль