Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу тәртібі

60
Абишев Александр Александрович
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Костанай
Заңның 37-бабында сатып алудың барлық түрлеріне арналған (электрондық және электрондық емес) мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудың жалпы тәртібі белгіленген.

Заңның 37-бабында сатып алудың барлық түрлеріне арналған (электрондық және электрондық емес) мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудың жалпы тәртібі белгіленген.

Заңнан дәйексөз. Заңның 37-бабының 1-тармағынан келіп шығатындай, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Үлгілік шартқа сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына қол қояды және оны жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім берушіге жібереді.

Бұл жағдайда, электрондық сатып алу туралы сөз болса, онда Үлгі шарттың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 Қаулысымен бекітілген Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Электрондық сатып алу қағидалары) 19,20 және 21-қосымшаларға сәйкес нысаны қолданылады. Егер шарт электрондық емес мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша жасалатын болса – Үлгі шарттың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне (бұдан әрі – Ереже) 4, 5 және 5-1-қосымшаларға сәйкес нысаны қолданылады.

Тапсырыс беруші конкурс тәслімен мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын шығару кезінде қорытындылар туралы хаттаманың және конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының бір данасын жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім берушіге жібереді.

Мемлекеттік сатып алу туралы электрондық шартты жасасуға жол беріледі. Бұл тек электрондық мемлекеттік сатып алуларға ғана қатысты.

Маңызды. Заңның 37-бабының 2-тармағында Қазақстан Республикасының резидентi емеспен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы шартты, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресiмдеуге жол берiлетінi көзделген.

Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қойылатын жалпы талаптардан басқа, сатып алу түріне қарай қойылатын жеке талаптар да бар. Бұл талаптар Сатып алу ережелері мен электрондық сатып алуға арналған Электрондық сатып алу қағидаларында жазылған.

            1. Электрондық емес сатып алулар бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу тәртібі

Электрондық емес сатып алуларға келетін болсақ, Ережелерде көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу тәртібі Заңның 37-бабының 1-тармағында келтірілген талаптардан іс жүзінде еш айырмашылығы жоқ. Сонымен Ереженің 155-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші қол қоюға және тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі әр бетіне бұрыштама соғуға тиіс осы Ережеге 4, 5 және 5-1-қосымшаларға сай Үлгі шарттарға сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының екі данасын тапсырыс беруші өнім берушіге жібереді.

            2. Электрондық мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу тәртібі. Шартты жасау нысандары

            Электрондық емес сатып алулармен салыстырғанда электрондық сатып алу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу тәртібі бойынша, онда жалпы талаптардан басқа өзіндік ерекше талаптар да қамтылады.           

Электрондық сатып алу қағидаларының 270-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасаудың екі мынадай нысанының бірін:

Ø  қағаз тасығыштағы нысанын;

Ø  электрондық шарт нысанын таңдайды.

Бұдан әрі мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасаудың көрсетілген нысандарының әрқайсысын жеке қарастырамыз.

Қағаз тасығыштағы шарт

Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларының 271-тармағында, мемлекеттік сатып алу туралы шартты қағаз құжатында жасаған жағдайда, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының екі данасын өнім берушіге жіберетіні белгіленген. Шарт жобасы Электрондық сатып алу қағидаларына 19, 20 және 21-қосымшаларға сәйкес үлгі шартқа сай жасалады, оған тапсырыс беруші қол қояды және тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі тағайындалмаған жағдайды қоспағанда, тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі әр парағына қол қояды.

Электрондық шарт

Электрондық сатып алу қағидаларының 272-тармағына сәйкес,электрондық шарт жасасу кезінде тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде веб-портал арқылы электрондық шартты рәсімдеу үшін өнім берушінің деректемелерін және шартқа қол қоятын тұлға туралы мәліметтерді жібереді.

Өз кезегінде, өнім беруші мемлекеттік сатып алу веб-порталында тиісті сұранысты алған сәттен үш жұмыс күні ішінде шартқа қол қоятын тұлға туралы мәліметтерді және өнім берушінің деректемелерін толтырады және растайды.

Маңызды. Егер өнім берушінің шартқа қол қоятын тұлға туралы мәліметтерді растауы және өнім берушінің деректемелері жоқ болса өнім беруші шарт жасаудан бас тартқан болып танылады.

Содан кейін, тапсырыс беруші шартқа қол қоятын тұлға туралы мәліметтерді және өнім берушінің деректемелерін растаған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей веб-портал арқылы Электрондық сатып алу қағидаларына 19, 20 және 21-қосымшаларға сәйкес, Үлгі шарттарға сай жасалған нысан бойынша электрондық шарттың жобасын қалыптастырады, электрондық сандық қолтаңбаны қояды және өнім берушіге қол қоюға жібереді.

Өнім беруші электрондық шартқа веб-портал арқылы Заңда белгіленген мерзімде электрондық сандық қолтаңбасын қол қояды.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях