Құқықтық реттеу қағидаттары және ҚР ҚМ ҚБК Алматы қаласы бойынша

13
ҚР ҚМ ҚБК Алматы қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектордың кәсіпорындары мен шаруашылық жүргізу субъектілерінің мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтауын тексеру бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізеді.

ҚР ҚМ ҚБК Алматы қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектордың кәсіпорындары мен шаруашылық жүргізу субъектілерінің мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтауын тексеру бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізеді.

Мемлекеттік сатып алу құқықтық реттеудің бюджет қаражаттарын оңтайлы және тиімді жұмсау, бұл процессте өнім берушілерге тең мүмкіндіктер беру, әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік, жарысушылық, мемлекеттік сатып алу процесіндегі жариялылық пен ашықтық сияқты құқықтық реттеудің бірқатар қағидаттарына негізделген.

Әдетте тексеру барысында тапсырыс берушілер мен ұйымдастырушылардың мемлекеттік сатып алу процесінде жол беретін түрлі заң бұзушылықтары анықталады, сонымен қатар қандай да бір конкурста жеңіске жету мақсатында өнім берушілердің де өз конкурстық өтінімдерін қалыптастыру кезінде, белгілі бір күрделі сипатқа ие болатын қолданыстағы заңнаманың нормаларын бұзушылықтары да орын алады.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімде, оның мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарының болуын растайтын құжаттарды беруі көзделген.

Мысал. Сонымен қатар Алматы қаласының Құрылыс басқармасында мемлекеттік бағдарлама бойынша жалпы сомасы 1 млрд 400 млн теңгені құрайтын бірнеше көппәтерлі тұрғын үй құрылысын салу бойынша электрондық конкурс өткізу кезінде тексерушілер, жеңімпаздардың бірінің конкурстық өтінімінде , қосымша мердігерлермен жасалған құрылыс техникаларын: экскаваторларды, «КамАЗ» маркалы жүкті өзі түсіргіштерді (самосвалдарды), сүргіштерді (бульдозерлерді), тегістеуші катоктарды, автогрейдерлерді, тракторлар мен құбыр төсегіштерді жалға алу туралы мазмұны шындыққа сәйкес келмейтін шарттардың көшірмелерін анықтады, өйткені қосалқы мердігерлер бұндай қосалқы мердігерлік шарттарының жасалу фактілерін теріске шығарды және ол туралы хабары жоқ екендіктерін білдірді.

Осылайша, мемлекеттік сатып алу процессін құқықтық реттеудің негізгі қағидаттарының бірі – әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік қағидаты бұзылды.

Осыған байланысты, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада осындай бұзушылықтарды анықтау кезінде уәкілетті органдарды тиісті қолға алу шараларын қолдануға міндеттейтіндіктен, конкурс жеңімпазын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап арыз беруге бастама жасалды және материалдар құқық қорғау органдарына берілді.

Алматы қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы (бұдан әрі – Инспекция) 2014 жылдың 9 айында 218 бақылау іс-шараларын, оның ішінде – республикалық бюджеттен қаржыландыратын 13 мемлекеттік мекемелерде, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 72-мемлекеттік мекемеде және 133 шаруашылық жүргізуші субъектілерде өткізді.

Бұл ретте анықталған қаржылық заң бұзушылықтардың жалпы сомасы 42 529 071,5 мың теңгені құрады. Бұдан басқа жалпы сомасы 20 989 078,0 мың теңге болатын мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу кезінде қорытындыға әсер ететін мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық фактілері анықталды.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 2014 жылғы 9 айда бюджетке қалпына келтіруге және өтеуге жататын 26 062 991,0 мың теңгені құрайтын жалпы соманың – 25 004 159,4 мың теңгесі қалпына келтірілді және өтелді, бұл 95,9 % құрайды.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша, анықталған бұзушылықтарды, оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында, есептік кезеңде 229 ұйғарымдар жіберілді. Ұйғарымдардың негізінде 12 бақылау объектісі бойынша мемлекеттік сатып алу қорытындысы күшін жойды.

Бұзушылықтарға жол бергені үшін тексерілген объектілердің 454 қызметкері тәртіптік жазаға тартылды, оның ішінде 6 лауазымдық тұлғалар атқарып отырған лауазымдарынан босатылды.

Маңызды. Инспекция есептік кезеңде әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша жалпы сомасы 17 297,9 мың теңгеге 137 өндірістік іс қозғады, оның 16 353,4 мың теңгесі немесе 94,5 % – бюджетке өнідіріліп алынды.

Есептік кезеңде құқық қорғау органдарына бақылау бойынша жалпы сомасы 12 258 644,0 мың теңге болатын 11 материал берілді, қазіргі кезде 2 материал бойынша қылмыстық істер қозғалуда.

Бұдан басқа құқық қорғау органдарының тапсырмасы бойынша Инспекция мамандары 53 тұжырымдама берді.

2014 жылғы 9 айда Инспекция қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша 111 іс-шара, оның ішінде: бұқаралық ақпарат құралдарында 34 жарияланым жарық көріп, 3 «дөңгелек үстел», және бақылаушы органдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерімен 74 кеңес жиындар өткізілді.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт
Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль