Заңға өзгерістер енгізілді

2645
Заңға өзгерістер енгізілді
Ахметрасулова Арайлым Аскаровна
Главный редактор журнала "Государственный заказ. Вопросы-ответы", эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу рәсімі жеңілдетілді.

2017 жылғы 5 мамырдағы № 60-VI «Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер енгізілді.

Ескі редакция

Жаңа редакция

5-баптың 4-тармағы

Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен, айына бір реттен асырмай мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы.

Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланбай ұсынылатын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыруға міндетті.

Толықтыру:

2. Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы мынадай:

1) мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған;

2) бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша, оның ішінде камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар, хабарламалар орындалған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті бюджет нақтыланған (түзетілген) кезде мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жағдайларға қолданылмайды.

39-баптың 3-тармағының 46) тармақшасы

театр-ойын-сауық ұйымының, филармонияның, музейдің және мәдени-демалыс ұйымының, кинематография ұйымының, мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымының, телерадио хабарларын тарату ұйымының сахналық көрсетілімдерді жүзеге асыру және өнер туындыларын көпшілік алдында орындау үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы

мәдениет ұйымының, мәдениет саласындағы білім беру ұйымының, телерадио хабарларын тарату ұйымының өнер туындыларын сахнада көрсетуді, көпшілік алдында орындау мен көрсетуді және мәдени құндылықтарды көрсетуді жүзеге асыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы

Заңға енгізілген жаңалықтар мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілерінің бақылаушы органдардың актілерін орындауға, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 50 %-дан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалардың, бюджеттік ұйымдардың мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты міндеттерін айтарлықтай жеңілдетті.

Жаңалықтардағы басты өлшемшарт ұйымдастырушыларды (тапсырыс берушілерді) тиісті әрекетті жүзеге асыру үшін кезекті айды күтуге мәжбүр ете отырып, мемлекеттік сатып алу жоспарына түзету жүргізуге мүмкіндік бермейтін нормаларды алып тастау болып табылады.

Заңға енгізілген түзетулер 2017 жылғы 21 мамырдан бастап күшіне енеді. Осылайша, көрсетілген күннен бастап, 5-бапта аталған жекелеген субъектілер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына, оның ішінде бақылаушы органдардың актілерін орындау кезінде де шектеусіз түрде түзету енгізе алады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль