Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау тәртібі

33
Абишев Александр Александрович
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Костанай
Осы мақалада біз мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде ұйымдастырушыны айқындау процесін, сондай-ақ атап айтқанда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының және бірыңғай сатып алуды ұйымдастырушының қызметтерін жан-жақты қарастырамыз.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау тәртібі. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының рөлінде

  1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау, тағайындау процесіне қойылатын жалпы талаптар

Осы мақалада және алдағы уақыттағы екі мақалада, біз мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде ұйымдастырушыны айқындау процесін, сондай-ақ атап айтқанда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының және бірыңғай сатып алуды ұйымдастырушының қызметтерін жан-жақты қарастырамыз.

Бұл бөлім мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны тағайындаудың негізгі кезеңдеріне, сатып алуды ұйымдастырушы рөлінде кімдер бола алатынына және оның қалай ресімделетініне арналады. Сонымен бірге, біз мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау, тағайындау процесінің өзіне қойылатын жалпы талаптарды қарастыратын боламыз.

Мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектісі – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ұғымынан бастаймыз.

Белгілі болғандай, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру процесінің бір тарапы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып табылады. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 19-3) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға не өзін құрған заңды тұлғаның атынан әрекет ететін құрылымдық бөлімше.

Маңызды: Сатып алуды ұйымдастырушы – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген құқықтар мен міндеттерге ие, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру процесінің толыққанды қатысушысы. Мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушысыз өтпейді, көп жағдайларда сатып алуларды ұйымдастырушы процесстің техникалық бөлігіне жауап береді және тиісінше ұйымдастыру мәселелерімен айналысады.

       Заңның 7-бабында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау тәртібі белгіленген.

Аталған баптың 1-тармағында, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындау үшін тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындайды делінген.

Тапсырыс берушінің өзі тікелей не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындауға жауапты өз құрылымдық бөлімшесінің атынан мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бола алатынын ескерген жөн. Көптеген мемлекеттік мекемелер мемлекеттік сатып алу бойынша бөлімдер мен басқармалар құрады. Сондай-ақ сатып алудың тапсырушысы өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекемені не оның аффилиирленген тұлғасын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы етіп айқындауға құқылы. Бұл көбінесе құрамына бірнеше мекемелер кіретін көпдеңгейлі ұйымдарға қатысты.

Бұндай жағдайларда ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінің (бұдан әрі – Ереже) 13-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші өзінің бұйрығымен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты тиісті құрылымдық бөлімшені анықтайды. Сондай ақ, егер тапсырыс берушінің құрылымдық бөлімшесі заңды тұлға болып табылған жағдайда да, тапсырыс беруші бұйрықпен оны мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге жауапты етіп айқындайды.

Мәлімет үшін. Бұл ретте Заңның 7-бабының 7-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушімен, әлеуетті өнім берушілермен, тиісті комиссиялармен және сарапшымен өзара қарым-қатынастарында өзінің атынан өкілдік ететін лауазымды адамды айқындауға міндетті. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкерлері қатарынан айқындалуға тиіс.

Сатып алуға тапсырыс берушінің әрекетіне келетін болсақ, ол Заңның 7-бабының 1-тармағына және Ереженің 14-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға болатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны, сондай-ақ тапсырыс берушінің алда болатын мемлекеттік сатып алуда мүддесін білдіретін оның лауазымды адамын айқындайды.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях