Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасы мазмұнының міндетті талаптары

32
Электрондық және сонымен қатар электрондық емес мемлекеттік сатып алуларға да қатысы бар, яғни көптеген талаптардың ортақ болып табылатынын атап өту қажет.

Электрондық және сонымен қатар электрондық емес мемлекеттік сатып алуларға да қатысы бар, яғни көптеген талаптардың ортақ болып табылатынын атап өту қажет.

Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасының ортақ міндетті талаптары

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының мазмұнына Заңның 37-бабында көзделген шарттың міндетті талаптары енгізілуі тиіс.

1. Тұрақсыздық төлемі. Сонымен, Заңның 37-бабының 4-тармағында, мемлекеттік сатып алу туралы шартта осы мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелердің орындалмағаны не тиісінше орындалмағаны үшін тұрақсыздық төлемі, сондай-ақ Тапсырыс берушінің орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған міндеттеме мөлшерінде тұрақсыздық төлемін өндіріп алуды қамтамасыз ету жөніндегі міндеті көзделуге тиіс делінген.

2. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету. Тапсырыс беруші шарт жобасына өнім берушінің мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуі туралы талапты енгізуі қажет.

Заңнан дәйексөз. Заңның 37-бабының 5-тармағына, Ереженің 156-тармағына Электрондық сатып алу қағидаларының 273-тармағына сәйкес, өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті.

Қолданысы бір қаржы жылынан асатын мерзімге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда, ағымдағы қаржы жылына мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері шартта тиісті қаржы жылында көзделген жылдық сома негізге алына отырып есептеледі.

Ереженің 158-тармағында және Электрондық сатып алу қағидаларының 275-тармағында, шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін, мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс төленуі көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейтіні көрсетілген.           

Егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс төлеу көзделген жағдайда, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді авансқа тең мөлшерде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы белгілейді, ол мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызынан кем болмауы тиіс. Яғни, мысалға, егер ұйымдастырушы шарт бойынша авансты шарттың жалпы сомасының он пайызына тең мөлшерде белгілесе, шарт жобасында жазылатын қамтамасыз ету мөлшері де он пайызға тең болуы тиіс.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес, өнім беруші мемлекеттік атып алу туралы шартты орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:

– тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;

банк кепілдігін таңдауға құқылы.

Сондықтан, әлеуетті өнім берушінің шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу тәсілдері туралы талаптар да шарт жобасында көрсетілуі тиіс.

Тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талаптардың барлық өнім берушілерге қолданыла бермейтінін міндетті түрде ескеруі тиіс. Заңның 37-бабының 5-тармағынан, Ереженің 162-тармағынан келіп шығатыны, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап баға ұсыныстарын сұрату, тауар биржалары арқылы, осы Заңның 32-бабы 4) тармақшасының негізінде бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілерге қолданылмайды. Атап айтқанда сатып алулар, Заңның 31-бабында көзделген, ұйымдастырушы қабылдаған шаралар мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға әкелмегеннен кейін бір көзден алу тәсілімен өткізілген кезде.

Бұл жағдайда мынадай шаралар туралы сөз болып отыр.

Заның 31-бабының 5-тармағында, егер баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушілердің екіден аз баға ұсынысы табыс етілген болса, мемлекеттік сатып алу веб-порталы мұндай мемлекеттік сатып алуды өтпеді деп танитыны және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратыны белгіленген.

Аталған баптың 7-тармағының ережелерінен келіп шығатыны, егер баға ұсыныстары Заңның 31-бабының 6-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алудың веб-порталында автоматты түрде қабылданбағаннан кейін әлеуетті өнім берушілердің екіден аз баға ұсынысы қалған болса, онда мұндай мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.

Заңнан дәйексөз. Өз кезегінде жоғарыда айтылған Заңның 31-бабының 6-тармағында, әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы:

– егер ол осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен;

– егер әлеуетті өнім беруші бұрын осы лотқа баға ұсынысын берген;

– осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 3-1) 3-2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу веб-порталының одан автоматты түрде бас тартуына жатады.

Өзге негіздер бойынша баға ұсыныстарынан бас тартуға жол берілмейді делінген.

Сондай-ақ, Заңның 8-бабының 8-тармағында көзделген жағдайларда қамтамасыз етуді берген әлеуетті өнім берушіге, яғни әлеуетті өнім беруші сатып алу өткізілетін соманың жүз процентке тең мөлшеріндегі банктік кепілдік түрінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну арқылы төлем қабілеті туралы жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растаған кезде, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету туралы талап қолданылмайды. Бұл талап, Заңның 41-бабының 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу ерекше тәртіп қолданыла отырып, кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаның жеке меншік құқығына тиесілі тұрғын үйді сатып алу жүзеге асырылған жағдайда, кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болып табылмайтын өнім берушілерге де қолданылмайды.

3. Шартты бұзу туралы талап. Заңның 37-бабының 10-тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алу туралы шартта мынадай:

- Заңның 6-бабында көзделген шектеулердi бұзу;

- мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушіге осы Заңда көзделмеген көмек көрсету фактiлерiнiң бiрi анықталған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу туралы талап қамтылуға тиiс.

Әлеуетті өнім беруші мен әлеуетті өнім берушінің аффилиирленген тұлғасының (шешім қабылдай алатын және (немесе) әлеуетті өнім берушінің шешіміне ықпал көрсете алатын кез келген жеке немесе заңды тұлға және керісінше әлеуетті өнім берушінің кез келген жеке немесе заңды тұлғаға қатысты осындай құқығы бар болса) бір конкурсқа (лотқа) қатысуға құқығы жоқ екендігін есте ұстау қажет.

Мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мүддесіне орай жүзеге асырылатын болса, оның осындай сатып алуға әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға құқығы жоқ.

Кез келген жоғарыда көрсетілген фактілердің ықпалына түсетін әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына қол қоймауы тиіс.

4. Қосылған құн салығын және акциздерді төлеу туралы шарт. Заңның 37-бабының 11-1-тармағының, Ереженің 164-2-тармағының және Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларының 282-тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасы Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Кеден одағы кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын және акциздерді төлеу шарттарын қамтуы тиіс.

5. Шартты орындаудың ең аз мерзімі. Заңның 37-бабының 11-2-тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі күнтізбелік он бес күннен кем болмауға тиіс.

6. Әлеуетті өнім берушінің тауардың шығуы туралы CT-KZ нысанындағы сертификатты беруі. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасында әлеуетті өнім берушінің тауарында жергілікті қамтудың болуы туралы талап қоюға құқылы тапсырыс беруші жүргізетін барлық сатып алулар бойынша жеткізілетін тауардың бүкіл партиясына CT-KZ нысанындағы тауардың шығуы туралы сертификатты әлеуетті өнім берушінің беруі туралы талап қамтылуы тиіс.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль