Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасы

95
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарты мемлекетті сатып алу процесін жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді.

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарты мемлекетті сатып алу процесін жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді.

Аталған тақырып аясында бірінші кезекте біз мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасы түсінігін талдаймыз, шарт жобасын жасау тәртібін қарастырамыз және шарт жобасында қамтылатын міндетті талаптарға тоқталамыз.

Шарт жобасын қалай дұрыс жасауды және ол қандай талаптарды қамтуы тиіс екендігін білу, тапсырыс беруші мен сатып алуды ұйымдастырушыға келесі сатыға, атап айтқанда – мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасауға және оны орындауға проблемасыз көшуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын жасау тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларымен регламенттеледі. Ең алдымен, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі – Ереже) және  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 Қаулысымен бекітілген Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Электрондық сатып алу қағидалары) сияқты нормативтік құқықтық актілердің ережелерімен регламенттеледі.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Заң нормаларының электрондық мемлекеттік сатып алумен қатар, электрондық емес (қағаз жүзіндегі) сатып алуға да ортақ болып табылатынын атап өткен жөн.

Ережелерге келетін болсақ, Заң сияқты олар да мемлекеттік сатып алудың барлық түрлеріне қатысты болады, ал Электрондық сатып алудың қағидалары тек электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды ғана реттейді. Тиісінше жоғарыда көрсетілген реттеу талаптары мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына да қатысты болады.

Бұдан әрі біз мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасы қалай дұрыс жасалатынына және оның қандай міндетті талаптарды қамтитынына, сондай-ақ тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын өнім берушіге қандай тәсілдермен беруге тиіс екендігіне толығырақ тоқталамыз.

  1. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын жасау тәртібі

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын жасауға кіріспес бұрын, тапсырыс беруші не сатып алынатынына (тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызмет) қарай, шарт жобасын жасауға қажетті Үлгі шарттың тиісті нысанын таңдайды. Шарт жобасы қазақ және орыс тілдерінде жасалады.

  • Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын жасау

Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде тапсырыс беруші тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын Үлгі шартқа сай Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларына 19, 20 және 21-қосымшаларға сәйкес жасайды.

  • Электрондық емес мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын жасау

Электрондық емес мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде тапсырыс беруші тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын Үлгі шартқа сай Ережеге 4, 5 және 5-1-қосымшаларға сәйкес жасайды. 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях