Шарттың орындалуын қамтамасыз ету

1643
Шарттың орындалуын қамтамасыз ету
Ахметрасулова Арайлым Аскаровна
Главный редактор журнала "Государственный заказ. Вопросы-ответы", эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Өнім беруші онымен шарт жасалған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті.

Өнім беруші онымен шарт жасалған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті. Көбінесе өнім берушілер заңда белгіленген мерзімді сақтамайды немесе  аталған қамтамасыз етуді мүлде енгізбейді, бұл оларды шарт жасасудан жалтарды деп тануға және мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізуге алып келеді. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету өнім берушінің онымен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындайтынының кепілі ретінде енгізіледі.  

Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.

Егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс төлеу көзделсе, өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша авансқа тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді.

Бір жылдан астам мерзімге жасалған шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері

Қолданылу мерзімі бір қаржы жылынан асатын мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда, ағымдағы қаржы жылына мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері тиісті қаржы жылында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жылдық сомасы негізге алына отырып есептеледі.

Шарттың орындалуын қамтамасыз ету түрлері

Өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:

1) тапсырыс берушінiң банк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiк ақшалай жарнаны;

2) қағаз жеткізгіштегі не электрондық құжат нысанындағы банк кепiлдiгін таңдауға құқылы.

Қосымша келісім жасалған кезде шарттың орындалуын қамтамасыз етудің сомасы

Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасына сәйкес, шартқа қосымша келісім өз мағынасы жағынан негізгі шартты өзгертеді немесе бұзады. Қосымша шартта белгіленген барлық жаңа талаптар, шартта белгіленген бұрынғы талаптарды жояды немесе жарамсыз етеді. Осыған байланысты  шартқа қосымша келісім негізгі шарттың бөлігі, әрі оның ажырамас бөлігі болып табылады. Негізгі шарттың бөлігі болып табыла отырып, шартқа қосымша келісім негізгі шартқа қойылатын барлық талаптарға сәйкес келуі тиіс. Шартқа қосымша келісімді жасау кезінде негізгі шартты жасасу кезіндегі ережелер қолданылады.

Осылайша, өнім берушінің шартты орындауды қамтамасыз етуді  жасалатын қосымша келісімнің үш пайызы мөлшерінде енгізуі қажет. Сондай-ақ,егер қосымша келісім аванс төлеуді көздесе, Заңның 43-бабы 10-тармағының 2, 3, 4-азат жолдарының талаптары сақталуы тиіс екендігін ескеру қажет. 

Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап қандай өнім бершілерге қолданылмайды?

 «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 43-б. 11-т. сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап:
  • баға ұсыныстарын сұрату;
  • тауар биржалары арқылы;
  • бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша айқындалған, Заңның 39-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының және 3-тармағының негізінде жүзеге асырылған;
  • сондай-ақ  Заңның 51-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда, кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілерге (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді, жеке тұлғаның жеке меншік құқығына тиесілі тұрғын үйлерді сатып алу) қолданылмайды.

Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтару мерзімі

Тапсырыс беруші енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім берушіге шартта көрсетілген мерзімде немесе өнім берушінің шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарады.

Қандай жағдайларда тапсырыс беруші  шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды?

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырыс беруші шарттық міндеттемелерді өнім берушінің орындамауына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарт бұзылған жағдайда өнім берушіге қайтармайды.

Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім берушінің енгізбеуінің салдарлары

Қағидалардың 416-т.  4) тармақшасында мыналар белгіленген:

«Заңның 43-бабы 19-тармағына сәйкес шарт шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен шарт жасасудан жалтарған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу туралы шартты қамтуы тиiс.

Бұл ретте тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы өнім берушіге шартты бұзуға ниеттілігі туралы хабарлама жібереді.

Егер өнім беруші веб-портал арқылы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, тапсырыс беруші шартты бұзу туралы хабарлама жібереді».

Осылайша, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбеген өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылады (Заңның 44-б. 1-т.)  

Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылған жағдайда мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы оның конкурсқа (аукционға) қатысуға енгізілген өтінімін қамтамасыз етуді ұстап қалады.

Мұндай өнім берушілер уәкілетті органның шешімі бойынша жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізіледі  (Заңның 12-б. 4-т. 2) тарм.).

Заңның 43-б. 7-б. сәйкес, тапсырыс беруші егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қоймаса, жеңімпаз мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын жібереді. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өзіне мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландыруға тиіс.

Осылайша, тапсырыс беруші шарт жобасын  екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге жіберуге құқылы, алайда техникалық тұрғыда аталған функционал көзделмеген, бұған шартта Қазынашылықта тіркелу белгісі бар болған жағдай қосылмайды.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Вопросы по теме

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль