Бір көзден алу тәсілімен сатып алу

237
Бір көзден алу тәсілімен сатып алу
Бір көзден алу тәсілімен сатып алу – сатып алудың ең қолайлы тәсілі болып табылады.

Бір көзден алу тәсілімен сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделген нақты негіздемелер бойынша ғана жүзеге асырылады.

Заңның 39-бабының ережелеріне сүйене отырып, бір көзден алу тәсілімен сатып алуды екі түрге бөлуге болады, олардың әрқайсысы сатып алуды өткізу негіздемелерінің тізбесін қамтиды.  

Бірінші түрі – басқа тәсілдермен өткізілген (конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату) өткізілмеген сатып алу нәтижелері бойынша жүзеге асырылатын бір көзден алу тәсілімен сатып алулар.

Екінші түріне Заңның 39-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасау жолымен өткізілетін бір көзден алу тәсілімен сатып алулар жатады.

1. Сатып алуды өткізу жағдайлары

Заңның 39-бабының 1-тармағына сүйенсек,   бір көзден алу тәсілімен (бұдан әрі – БК) мемлекеттік сатып алу осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу, егер:

1) осы Заңда көзделген жағдайларда конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда жүзеге асырылады. Осы ереже конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жарамсыз деп танылған жағдайларға қолданылмайды;

2) осы Заңда көзделген жағдайларда баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған, осы Заңның 38-бабының 8 және 10-тармақтарында көзделген шаралар мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасуға алып келмеген жағдайда жүзеге асырылады.

БК тәсілімен сатып алудың екінші түріне келсек, Заңның 39-бабының 3-тармағында шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен (бұдан әрі – ШТЖБК) сатып алуды жүзеге асырудың 54 негіздемесінің толық тізілімі айқындалған.

2. Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу

2.1. Өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден алу

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 360-тармағына сәйкес  жүргізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу мен ұйымдастыру веб-порталда мынадай жүйелі шаралардың орындалуын қарастырады:

1) сатып алудың осы тәсілін қолдану негіздемесімен шешім қабылдау;

2) ұйымдастырушыны айқындау;

3) ұйымдастырушының осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыруды веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушіге (бұдан әрі – ӘӨБ) жіберуі;

4) конкурс, аукцион тәсілімен сатып алу жағдайларында бірде-бір өтінім берілмесе немесе баға ұсыныстарын сұрату кезінде екі мәрте бірде-бір баға ұсынысы түспесе, ӘӨБ коммерциялық ұсыныс беру туралы сұрау салу жіберу (кемінде үш ӘӨБ-ге) жолымен анықталады;

5) әлеуетті өнім берушінің шақыруда көзделген құжаттарды қоса, осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес бір көзден мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы келісімді веб-портал арқылы ұйымдастырушыға жіберуі;

6) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу БК тәсілімен мемлекеттік сатып алу қатысуға оларға ұсынылатын баға негіздемесі, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүргізілмеді деп танылған мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда, ұйымдастырушының веб-портал арқылы өнім беруші ұсынған өнім берушінің біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды қарауы;

7) веб-порталда сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың орналастырылуы;

8) шарт жасасу;

9) Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алуды өткізу қорытындылары туралы есепті веб-порталда орналастыру.

Конкурс тәсілімен өткізілмеген сатып алу бойынша БК тәсілімен сатып алу

Қорытындылар

Ұйымдастырушы

Әлеуетті өнім беруші

1 ӘӨБ жіберілді

Шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде  веб-портал арқылы аталған конкурсқа қатысуға өтінім берген ӘӨБ-ге шақыру жібереді.

Жасалған шарттың бағасы ӘӨБ-нің конкурстық баға ұсынысынан аспауға тиіс  

ӘӨБ осы ұйымдастырушыға біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қайтадан ұсынбауға құқылы. Бес жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы қатысу туралы растау жібереді

Ұсынылған өтінім жоқ

Шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде веб-портал арқылы  тапсырыс беруші айқындаған ӘӨБ-ге шақыру жібереді (Қағидалардың 360-т. 4) тт.)

Күнтізбелік он күн ішінде ұйымдастырушыға веб-портал арқылы шақыруда көзделген құжаттарды тіркей отырып, өзінің қатысу туралы растауын жібереді

Бірде-бір ӘӨБ жіберілмеді

Шешім қабылднған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде  веб-портал арқылы, Заңның 6-бабының талаптарын бұзған тұлғаларды қоспағанда, шартты жеңілдікті есептей отырып, ең аз бағамен конкурстық өтінім берген ӘӨБ-ге шақыру жібереді

Бес жұмыс күні ішінде ұйымдастырушыға веб-портал арқылы шақыруда көзделген құжаттарды тіркей отырып, өзінің қатысу туралы растауын жібереді  

Ағымдағы қаржы жылы шегінде жүргізілмеді деп танылған конкурстың (аукционның) конкурстық құжаттамасында (аукциондық құжаттамасында) көзделген тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдерінен асуына жол беріледі, бірақ бұл мерзім БК тәсілімен мемлекеттік сатып алуға кеткен мерзімнен аспауға тиіс.

Ұйымдастырушы сұратылған ақпаратты әлеуетті өнім беруші ұсынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы веб-порталда қалыптастырады және орналастырады

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілмеген сатып алу бойынша БК тәсілімен сатып алу

Баға ұсыныстары

Ұйымдастырушы

Әлеуетті өнім беруші

Бір баға ұсынысы

Веб-портал автоматты түрде қорытындылар хаттамасын орналастырған күні осы баға ұсынысын берген ӘӨБ-ге шақыру жібереді. Бұл ретте шарт бағасы ӘӨБ-нің баға ұсынысынан аспауға тиіс  

Күнтізбелік бес күн ішінде веб-портал арқылы ұйымдастырушыға шақыруда көзделген құжаттарды тіркей отырып,  қатысу туралы өз растауын жібереді

Баға ұсынысының болмауы

Шешім қабылданған күннен бастап  екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы тапсырыс беруші айқындаған ӘӨБ-ге шақыру жібереді (Қағидалардың 360-т. 4) тт.)

Күнтізбелік бес күн ішінде веб-портал арқылы ұйымдастырушыға шақыруда көзделген құжаттарды тіркей отырып,  қатысу туралы өз растауын жібереді

БК тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай негіздердің бірі бойынша:

1) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізілмеген баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша жүзеге асырылған жағдайды қоспағанда, егер ӘӨБ біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмеген;

2) егер әлеуетті өнім берушіде Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер болған;

3) егер әлеуетті өнім беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысудан бас тартқан жағдайларда жүргізілмеді деп танылады.

Егер БК тәсілімен сатып алу жүргізілмеді деп танылған жағдайда, Заңда көзделген тәсілдермен жүзеге асырылады.

2.2. Шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу

ШТЖБК жолымен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде тапсырыс беруші өнім берушіні айқындайды және онымен веб-портал арқылы шарт жасасады.

Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 15), 28), 50), 51), 53) және 54) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде тапсырыс беруші ӘӨБ-ні айқындау үшін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жарнамасындағы, каталогтарындағы, сипаттамаларындағы және ҚР Азаматтық заңнамасына сәйкес көпшілік оферта болып танылған белгісіз тұлғалар тобына арналған басқа ұсыныстардағы жалпыға қолжетімді ақпарат көздерін зерделеу арқылы сатып алынатын ТЖҚ нарығын талдау нәтижелері бойынша айқындалған сатып алынатын ТЖҚ нарығында, оның оның ішінде ұқсас ТЖҚ бойынша қызметін жүзеге асыратын кемінде үш әлеуетті өнім берушіге коммерциялық ұсыныстар беру туралы сұрау салулар (18-1-қосымша) жібереді.

Ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің коммерциялық ұсыныстары негізінде тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидатын сақтай отырып, ӘӨБ-ні айқындайды және оған веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын жібереді.

Егер ӘӨБ шарт жобасына веб-портал арқылы оны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қол қоймаса (электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырмаса), тапсырыс беруші осы ӘӨБ-ге жіберілген шарттың жобасын кері қайтарады.

Тапсырыс беруші ШТЖБК тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы есепті веб-порталда шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей орналастыратынын есте ұстаған жөн. Есепте өнім берушіні таңдаудың негіздемелері, жасалған шарттың бағалары, сондай-ақ осы Қағидалардың 17-қосымшасына сәйкес шарттың өзге де талаптары қамтылады.

Әлеуетті өнім берушіге шақыру жіберу, оларға веб-портал арқылы қажетті ақпаратты ұсыну және сатып алуды ұйымдастырушының қорытындылар туралы хаттаманы орналастыру жөніндегі талаптары ҚР мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын тікелей шарт жасасу жолымен БК тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.

3. Веб-порталдағы әрекеттер

ШТЖБК тәсілімен жоспар тармағынан шарт жасау үшін, пайдаланушы тапсырыс беруші рөлімен «Менің шарттарым» тарауындағы «Жұмыс кабинеті» мәзіріне кіріп, «Үлгілік электрондық нысандағы шарт жобасын жасау» 3.2.1-тармағына ұқсас әрекеттерді орындауы керек, бұл ретте «Шартты тікелей жасасу әдісімен бір көзден алу» тәсілін, жоспар тармағының түрін және сатып алу мәнінің түрін таңдайды.

Шарт жобасын жасағаннан кейін «Тапсырыс беруші және өнім беруші» қосымшасында өнім берушіні таңдау керек: «Өнім берушіні таңдау, БСН, ЖСН, ТСН, ТЕН бойынша іздеу» өрісіне мәнді енгізіп, «Іздеу» батырмасын басу керек.

Нәтиже көрсетілгеннен кейін осы өнім берушіні шартқа қосу үшін «Таңдау» батырмасын, содан соң «Сақтау» батырмасын басу қажет. Ешер өнім берушіні өзгерту керек болса, «Өнім берушіні шығарып тастау» батырмасын басу қажет.

Өнім берушіні таңдағаннан кейін «Жалпы» қосымшасына өтіп, түсіп қалатын тізімнен  шарт жасау нысанын таңдап, «Сақтау» батырмасын (үлгілік немесе үлгілік емес электрондық нысан) басу керек.

Заңның 43-бабының 1-тармағына сәйкес үлгілік шарттың нысаны ҚР заңнамасына сәйкес жасалатын жариялы шарттарға жататын мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға қолданылмайды. Шарттың жариялылығы ҚР Азаматтық кодексінің 387-бабында регламенттеледі және тапсырыс беруші айқындайды. Осыған байланысты тапсырыс беруші шарттың жариялылығын анықтай отырып, шарт жасау кезінде шарт жасаудың үлгілік немесе үлгілік емес нысанын таңдайды.  

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль