Мемлекеттік сатып алудағы камералдық бақылау (1-ші бөлім)

181
Камералдық бақылау және мемлекеттік сатып алуда камералдық бақылауды белгілеудің алғышарттары

Мемлекеттік сатып алуда камералдық бақылауды

белгілеудің алғышарттары

Біздің еліміздің экономикалық жүйесі даму үстінде және жыл сайын нығайып келеді. Бұндай дамудың негізгі бағыттарының бірі, мемлекеттік органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар тапсырыс берушілер, ал заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер орындаушылар ретінде әрекет ететін бәсекелестік сатып алу (мемлекеттік сатып алу) болып табылады.

Өкінішке орай, қазіргі кезде мемлекеттік сатып алуға қатысу әзірге «кедергілерден өтуге» ұқсайды, өнім берушілер мәреге жететіндеріне сенімді емес, өйткені конкурстық комиссия іс жүзінде кез келген негіздер бойынша конкурстық өтінімді қабылдамауы мүмкін. Өз кезегінде ұйымдастырушылар да конкурс жариялай отырып, қатысушылардың адал және кәсіпқой болып шығатынына сенім артпайды.

 Бастапқыда мемлекеттік сатып алу жүйесінің өзі өнім берушілер өздерінің жұмыстарға не көрсетілетін қызметтерге деген жылдық қажеттіліктерін ашық көрсете алатын, ал адал әлеуетті өнім берушілер әділ бәсекелестік қағидаттарына негізделген еліміздің кез келген өңіріндегі, кез-келген сатып алуға қатысуға мүмкіндік алатын еркін, жариялы сатып алу-сату нысаны ретінде ойластырылған болатын.

Іс жүзінде, өнім берушілердің барлығы адал бола бермейтініне және тапсырыс берушілердің олармен «күрес» жүргізуіне, яғни өздерінің уақыты мен ақшаларын жоғалтуларына, кейде тіпті уақыттың өтіп кетуі себепті, сатып алудан бас тартуларына тура келетініне көзіміз жетті. Екінші жағынан, көптеген адал өнім берушілер, сатып алуға қатыса алмайды, өйткені тапсырыс берушілер олардың өтінімдерін ойдан шығарылған негіздер бойынша қабылдамай тастайды.

Неліктен бұлай болады? Себептері көп. Біз олардың кейбіреулерін атап өтейік.

1.Қолданыстағы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары және «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы (бұдан әрі – Заң) тапсырыс берушілермен қатар өнім берушілер үшін де конкурстық құжаттамаларды дайындау барысында туындайтын кейбір мәселелерге толық жауап бермейді. Осылайша, құқық қолдану тәжірибесі толығымен экономиканың түрлі салаларына, департаменттердің, кәсіпорындардың жекелеген топтарына, әкімшілік-аумақтық бірліктерге т. б. арналған. Басқаша айтқанда, барлық жерде мемлекеттік сатып алуды жүргізудің өзіндік дербес тәжірибесі орын алады.

ҚР нормативтік-құқықтық базасына кірмейтін кейбір ведомстволық құжаттардың белгілі бір талаптары қосымша қиындықтар туындатады, нәтижесінде іс жүзінде азаматтық және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалардың нормалары түзетіледі. Бұл қаржыландыру, бухгалтерлік есеп, кәсіпорындарды тікелей жоғарыдан басқару тәсілдеріне, сондай-ақ ресми порталда жұмыс істеуге т.б. қатысты.

2. Қазіргі уақытта, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама әлеуетті өнім берушілердің сатып алуға қатысу кезінде қателесулеріне мүмкіндік бермейді.

Егер әлеуетті өнім беруші қазірдің өзінде баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып туралы өзінің өтінімін веб-порталда жариялаған болса, ол қорытындылар шығарылғаннан кейін одан заңды түрде бас тартуға құқылы емес, ал ұйымдастырушылардың бұндай өтінімдерді қабылдамауына ешқандай заңды негіз болмайды.

3.Осы уақытқа дейін, Заңға және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына ешқандай ресми түсіндірме жоқ. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдану туралы ҚР Жоғарғы Сотының қолданыстағы нормативтік қаулысы да көптеген сұрақтарға жауап бермейді, оның үстіне мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама өзгерістерге жиі ұшырайды.

Әрине, бұл проблемалар сатып алу үдерісін тоқтатпайды, бірақ сатып алуға қатысушылар қандай да бір шешімді қабылдай отырып, көбіне өздерін тәуекелге бел бууға мәжбүрлейді.

Мақала қысқартылып жарияланды, толық жарияланымды «Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар» журналынан оқыңыздар

Дереккөз: «Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар» № 5-2016 журналы



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль