Баға ұсыныстарын сұрату тәсілі

240
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілі
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ең танымал тәсілі – баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу.

1. БҰС тәсілімен сатып алу өткізу жағдайлары 

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 37-бабына сәйкес біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен (2017 жылға – 9 076 000 теңге), аспаса, осындай біртекті тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу жүргізіледі, бұл ретте баға шешуші шарт болып табылады.

Сондай-ақ Заңда анық белгіленгендей,  бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң бiрнеше түрiне баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi олардың бiртектi түрлері бойынша және (немесе) оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге мiндеттi. Бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге мiндеттi.

Берілуі (орындалуы, көрсетілуі) ҚР рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсат алуды немесе хабарлама жіберуді талап ететін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға тыйым салынады.

Сәйкесінше рұқсат алуды немесе хабарлама жіберуді талап ететін барлық бәсекелік сатып алуларды конкурс немесе аукцион тәсілімен өткізген жөн.

2. Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу

Ұйымдастырушы баға ұсыныстарын ұсыну мерзiмi аяқталғанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу туралы мынадай:

1) бөлiнген сомаларды көрсете отырып, өткізiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң көлемi туралы мәліметтерді;

2) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасын. Бұл ретте сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмеуге тиіс;

3) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету орнын;

4) тауарды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерiн;

5) әлеуетті өнім берушілердiң баға ұсыныстарын ұсынуды бастау және аяқтау мерзiмi туралы;

6) техникалық ерекшелігін көрсете отырып, шарттың жобасын веб-порталда қазақ және орыс тілдерінде орналастырады.

Мыналарды:

1) негізгі (орнатылған) жабдықтарды, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуді (лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді) қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшін;

2) тауарды лизингке беру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні айқындау және лизингтің нысанасын мұқият сипаттау қажеттігі туындағанда;

3) тапсырыс берушіде бар тауарды жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін мемлекеттік сатып алу жағдайларын қоспағанда, орналастырылатын ақпаратта тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға нұсқамалардың болуына жол берілмейтінін есте ұстаған жөн.

2.1. Веб-порталдағы ұйымдастырушылардың әрекеті

Хабарландыру жасау үшін «Жұмыс кабинеті» тарауына өтіп, «Хабарландыру жасау» тармағын таңдау керек, онда: сатып алуды өткізу тәсілін, сатып алу түрін (бірінші немесе қайтадан сатып алу), сатып алу нысанасының түрін (ТЖҚ), екі тілдегі хабарландыру атауын, сатып алуды өткізу (мүгедектер ұйымдары арасында сатып алу өткізілген жағдайда) белгісін қолмен толтыру қажет.

Инкотермс (Incoterms) халықаралық анықтамалығына сәйкес тауар жеткізу талаптарын міндетті түрде көрсету керек.

Егер сатып алу нысанасының түрі «Тауар» болса, толтыру бойынша әрекетке қол жетеді, егер «Көрсетілетін қызметтер»/«Жұмыстар» болса – техникалық ерекшелікті бекіту жөніндегі әрекетке қолжетімді. Қосқаннан кейін ЭЦҚ-ға қол қою қажет.

Хабарландыруды жариялағандағы келесі қадам шарт жобасын толтыру болып табылады, онда қажет жағдайда «Тармақты қосуды» басу арқылы тармақтарды қосуға болады.

Міндетті өрісті толтыру үшін «Деректерді енгізу нысаны» қосымшасын қарауға және толтыруға болады. Осы әрекеттерден кейін ЭЦҚ-ға қол қоя отырып, «Шарт жобасын бекіту» керек.

Содан соң жүйе сатып алуды жариялау мерзімдерін енгізуге арналған терезені көрсетеді (5 жұмыс күні). Мерзімін көрсете отырып, «Жариялау» батырмасын басу қажет.

3. Қорытынды шығару

Баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі өткеннен кейін веб-портал автоматты түрде баға ұсыныстарын салыстыруды және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысын шығаруды жүргізеді.

Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы:

1) егер ол осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен (бірақ веб-портал асатын абғаны өткізбейді де);

2) осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу веб-порталы автоматты түрде қабылдамайды (веб-портал өнім берушіні автоматты түрде тексереді).

Қорытындыларды қарау үшін сатып алуды көру нысанына өту керек және «Хаттаманы қарау» батырмасын басу қажет.

БҰ саны

2 және одан жоғары

Ең төмен баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.

Егер ең төмен баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім беруші ұсынған болса, баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан бұрынырақ келіп түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады. Екінші орын алған әлеуетті өнім беруші ең төмен баға ұсынысынан кейінгі баға негізінде айқындалады.

1

Егер баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушінің бір ғана баға ұсынысы ұсынылған болса, веб-портал мұндай мемлекеттік сатып алуды автоматты түрде өткізілмеді деп таниды және ұйымдастырушы осы баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім берушіден бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.

Бұл ретте жасалған шарттың бағасы әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысынан аспауға тиіс.

0

Егер баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушілердің бірде-бір баға ұсынысы ұсынылмаса, веб-портал мұндай мемлекеттік сатып алуды автоматты түрде өткізілмеді деп таниды және ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.

Егер қайтадан сатып алу өткізгеннен кейін де бірде-бір баға ұсынысы ұсынылмаса, ұйымдастырушы коммерциялық ұсыныс беруді сұрату жолымен айқындалған әлеуетті өнім берушіден бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асырады (Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 360-тармағы).  

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль