Мемлекеттік сатып алуды ашық конкурс әдісімен өткізу

373
Мемлекеттік  сатып алуды ашық конкурс әдісімен өткізу
Бәсекелі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдерінің бірі ашық конкурс болып табылады. Ол қандай жағдайларда қолданылады, оны қалай өткізу керек және қалай ұйымдастыру керек?

1. Конкурс тәсілімен сатып алуды өткізу жағдайлары

Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларда өткізіледі:

  1. сатып алу сомасы 4000 еселенген АЕК мөлшерінен асқанда;
  2. әлеуетті өнім берушінің біліктілігі маңызды болғанда;
  3. ҚР рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсат алуды немесе хабарлама жіберуді талап ететін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу, жеткізу (орындау, көрсету) қажет болғанда.

2. Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу

Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мынадай реттілікпен іс-шараларды орындауды көздейді:

1) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін жағдайларды қоспағанда, ұйымдастырушыны айқындау;

2) ұйымдастырушыға конкурсты ұйымдастыру мен өткізу үшін ақпарат пен құжаттарды (техникалық ерекшелікті (сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы) және екі тілдегі шарт жобасын) ұсыну;

3) ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға веб-портал арқылы жылдық жоспардың (алдын ала жылдық жоспардың) тармақтарын жіберу;

4) конкурстық комиссияның құрамын, сараптау комиссия тобының құрамын не сарапшыны (қажет болғанда) айқындау және бекіту, конкурстық комиссияның хатшысын айқындау;

5) конкурстық құжаттаманың жобасын бекіту;

6) веб-порталда хабарландыруды, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың (бұдан әрі – КҚ) мәтінін орналастыру;

7) КҚ жобасын веб-портал арқылы алдын ала талқылау және КҚ жобасын алдын ала талқылаудың хаттамасын, сондай-ақ КҚ мәтінін веб-порталда жариялау;

8) әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер ұсынуы;

9) өтінімдерді автоматты түрде ашу және тиісті ашу хаттамасын веб-порталда жариялау;

10) біліктілік талаптарына және КҚ талаптарына сәйкестігі тұрғысында әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін, сондай-ақ Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің болмауын конкурстық комиссияның веб-портал арқылы қарауы;

11) әлеуетті өнім берушілермен конкурсқа қатысуға арналған өздерінің өтінімдерін біліктілік талаптарына және КҚ талаптарына сәйкестендіру (қажет жағдайда);

12) өтінімдерді қайтадан қарау;

13) біліктілік талаптарына және КҚ талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану, сондай-ақ конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынымдарына өлшемшарттардың салыстырмалы мәндерiн қолдану;

14) конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын веб-порталдың автоматты түрде салыстыруы, ең төменгі шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын, сондай-ақ екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні айқындау және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттаманы веб-порталда жариялау;

15) жеңімпазбен шарт жасасу.

2.1. Веб-порталдағы ұйымдастырушылардың іс-әрекеті

Пайдаланушы хабарландыру жасауды «Ұйымдастырушы» рөлінде жүзеге асырады. Хабарландыру жасау үшін пайдаланушының жеке кабинетінде «Жұмыс кабинеті» бөліміне өтіп, «Хабарландыру жасау» мәзірін таңдау керек.

Егер сатып алу мүгедектер ұйымдары арасында өткізілсе, хабарландыру жобасын жасау нысанында «Мүгедектер ұйымдары арасындағы сатып алу» белгісін қою керек. Егер ұйымдастырушы бірыңғай ұйымдастырушының тізілімінде тұрса, жүйе хабарландыруды бірыңғай ұйымдастырушы түрінде жариялауға мүмкіндік береді – ол үшін «Бірыңғай ұйымдастырушы» белгісін қою керек.

Хабарландыру жасау кезінде: сатып алуды өткізу тәсілін, сатып алу түрін (бірінші немесе қайтадан), сатып алу мәнінің түрін, орыс және қазақ тіліндегі атауларын, қажет жағдайда сатып алу белгісін қоюды қолмен толтыру керек.

Барлық міндетті өрістерді толтырғаннан кейін «Бұдан әрі» батырмасын басу қажет. Ашылған терезеде қанатбелгі қоя отырып, талап етілетін лоттарды таңдау және «Белгіленген лоттарды қосу» батырмасын басу қажет.

Өкілдердің мәліметтерін қосу парағында өтінімнің қолдану мерзімін көрсету керек және ұйымдастырушы мен тапсырыс берушінің өкілдері туралы деректерді толтыру керек.

Хабарландыру жобасын жасаудың келесі қадамы конкурстық комиссияны қосу болып табылады (Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 59-тармағына сәйкес тақ сан).

Егер сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы өткізсе,  комиссияның ең аз құрамы бес мүшеден тұруға тиіс: төрағадан және төрт комиссия мүшесінен.

Егер сатып алуды  ұйымдастырушы өткізсе, комиссияның ең аз құрамы – төрағадан және екі комиссия мүшесінен тұрады.

Комиссия мүшесін қосу «Комиссия мүшесін қосу» батырмасының көмегімен жүзеге асырылады.

Егер сатып алуға қатысу үшін өнім берушілерге белгілі бір құжаттарды ұсыну талап етілсе, онда хатшы «Өнім берушінің міндеттілігі» белгісін қоюы керек.

2.1.1. Техникалық ерекшелік

 «Техникалық ерекшелік» бөліміне өту үшін құжаттардың жалпы тізімінде «2-қосымша (Техникалық ерекшелік)» гиперсілтемесін басу қажет. Сатып алу мәнінің «Тауар» түрі үшін нысанды сипаттамаларымен бірге орыс және қазақ тілдерінде толтыру керек, «Көрсетілетін қызметтер» немесе «Жұмыс» нысандары үшін – жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің сипаттамасымен бірге техникалық ерекшелік файлын тіркеу керек.

Егер сатып алу нысанасының түрі «Жұмыс» болса және барлық лоттар үшін хабарландыруда «ТЭН және ЖСҚ-мен жұмыс» мәні толтырылса, өнім беруші үшін техникалық ерекшелікті тіркеу міндетті болып табылмайды.  

Егер хабарландыруда «ТЭН/ЖСҚ әзірлеуге қатысты жұмыс» мәні толтырылған лоттар болса, онда техникалық ерекшелік «ТЭН/ЖСҚ әзірлеуге қатысты жұмыс» толтырылған лоттарды тіркеу үшін міндетті болып табылады.

2.1.2. Лицензиялар/рұқсаттар туралы деректерді толтыру

Егер сатып алуға қатысу үшін өнім берушілерге лицензияларды/рұқсаттарды ұсыну талап етілсе, ұйымдастырушы хабарландыру жобасында «Конкурстық құжаттаманы дайындау» қадамында өнім берушінің міндеттілік белгісін қоюы керек. Лицензия түрін (-лер) анықтау үшін «Лицензиялар» белсенді сілтемесін басу керек. Сәйкесінше рұқсаттар үшін «Рұқсаттар» белсенді сілтемесін басу қажет. Талап етілетін лицензияны/рұқсатты іздеуді  сүзгілер жиынтығы көмегімен жүзеге асыруға болады. Талап етілетін лицензияны/рұқсатты қанатбелгімен белгілеп, «Белгіленген  лицензияларды қосу»/« Белгіленген  рұқсаттарды қосу» батырмасын басу керек.

2.1.3. Шарт жобасын қалыптастыру

Жүйеде автоматты түрде жасалған шарт жобасын редакциялау және қарау үшін, «Конкурстық құжаттаманы дайындау» қадамында «Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасы» белсенді сілтемесін басу керек.

Шарт жобасына тармақтар мен тармақшаларды қосуға рұқсат етіледі.  Ол үшін «Тармақты қосу» белсенді сілтемесін басу керек.

Шарт мәтініне тармақтарды қосу/жою сатып алуды жариялау кезеңінде шарт жобасын қалыптастыру кезінде ғана мүмкін болады.

Егер ұйымдастырушы сатып алуды шарт жобасында айқындалған нақты талаптармен жарияласа және өнім беруші шарт жобасында айқындалған талаптармен келіссе, онда шарт жасау кезінде шартқа өткізілетін мемдлекеттік сатып алудың мазмұнын өзгертуге әкелетін өзгеріс енгізуге жол берілмейді.  

Шарт жасау сатысында сомаларды анықтауға, ішінара төлеуге, т. б. қатысты тармақтарды қосу мүмкін емес,  демек, сатып алуды жариялау кезінде шарттың ерекше талаптарын (мәселен, ай сайынғы төлем сомасын) анықтау үшін, егер аталған сомалар сатып алу қорытындысына байланысты болса, төлем мен жарғылардың есептерін сипаттайтын тармақтарды күні бұрын енгізу қажет.  

Егер аталған сомалар сатып алу қорытындысына байланысты емес болса, оларды хабарландыру шартының жобасында көрсету керек. Аталған цифрлардың шартты жасау кезінде редакцияланбайтынын ескерген жөн.

Аванс беру және шартты қамтамасыз етуді енгізу бөлігінде талаптарды көрсетуге үзілді-кесілді тыйым салынады, өйткені үлгілік шарттың аталған мәтіні Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 19, 20, 21-қосымшаларда үлгілік үлгітүрлермен қатаң регламенттелген және өнім берушінің әрекетіне қарай өзгеруі мүмкін (аванстан бас тарту). Шартты толтырғаннан кейін «Шарт жобасын бекіту» батырмасын басу керек. Шарттың бекітілген жобасына «Қол қою» батырмасының көмегімен қол қою қажет.

2.2. Хабарландыру жариялау

Хабарландыру жариялау күні мен өтінімдерді қабылдаудың алдын ала басталу  мерзімі арасындағы ең аз аралық – 5 жұмыс күні. Өтінімдерді қабылдаудың басталуы мен аяқталуы арасындағы ең аз аралық – 15 күнтізбелік күн. Өтінімдерді қабылдаудың басталу мерзімі жұмыс күні болуға тиіс.

 «Талқылаудың басталу мерзімі» мен «Талқылаудың аяқталу мерзімі» өрістері мына жағдайларда көрсетілмейді:

– егер хабарландырудағы барлық лоттарда «ТЭН және ЖСҚ-мен жұмыс» белгісі болса;

- егер қайтадан сатып алу жүзеге асырылса.

Хабарландыруды жариялау үшін «Жариялау» батырмасын басу қажет. Егер деректерді редакциялау талап етілсе, «Кейін қарай» (жүйе алдыңғы қадамға оралтады) батырмасын басу керек.

Сәтті жарияланған жағдайда хабарландыруға «Жарияланды» статусы, ал лотқа (-тар) «Жарияланды» статусы беріледі.  Олай болмаған жағдайда жүйе қателік туралы хабарлама жібереді.

КҚ-ны талқылау, өтінімдерді қарау және қорытындыларды шығару мәселелерін келесі мақалада қарастыратын боламыз.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль