Заңды тұлға – ҚР резиденті Ресей Федерациясының мемлекеттік сатып алуларына қатыса ала ма?

290
2014 жылғы 29 мамырда қол қойылған және Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 14 қазанда ратификациялаған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт  (ЕАЭО туралы шарт) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. 

2014 жылғы 29 мамырда қол қойылған және Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 14 қазанда ратификациялаған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт(ЕАЭО туралы шарт) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

ЕАЭО туралы шартта XXII «Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу» бөлімі қамтылған. ЕАЭО туралы шарттың көрсетілген бөлімі 88-бабының 1-тармағына сәйкес, мүше мемлекеттер (Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы және Беларусь Республикасы) мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу саласында реттеудің мақсаттары мен қағидаттарын, оның ішінде:

- бір мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес дайындалған электрондық цифрлық қолтаңбаны екінші мүше мемлекеттің өзара тануы арқылы электрондық форматта жүргізілетін сатып алуға қатысуға әлеуетті өнім берушілер мен өнім беруші мүше мемлекеттердің кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуді айқындайды.

Мәлімет үшін. Бұл ретте қолданылмайтын жағдайлар көзделген. Сонымен, ЕАЭО туралы шарттың XXII бөлімі 88-бабының 2-тармағына сәйкес, осы шарттың әрекеті мүше мемлекеттің заңамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) құрайтын сатып алуға қолданылмайды. Сондай-ақ осы бөлімнің әрекеті мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктері жүзеге асыратын сатып алуға қолданылмайды.

Мүше мемлекеттерде сатып алу – ЕАЭО туралы шартқа  25-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

Нәтижесінде, бүгінгі күні Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын өнім беруші компаниялардың Ресей Федерациясыныңмемлекеттік және муниципалдық сатып алуларына қатысуына заңды негіз бар деуге болады. Дегенмен іс жүзінде барлығы оңай емес.

Дереккөз: «Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар» № 1-2016журналы

Мақала қысқартылып жарияланды, толық жарияланымды «Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар» журналынан оқыңыздар



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях