Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін негізсіз қабылдамаудың салдары

405
Мемлекеттік сатып алуға қатысуды және онда жеңуді қалайтын әрбір әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу саласындағы қолданыстағы заңнамада бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Заңнан дәйексөз. Атап айтқанда заңнамада бекітілгендей, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 10-тармағына сәйкес, «осы Заңның 41 және 42-баптарында көзделген конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың ерекше және арнайы тәртіптерді қолдану арқылы мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылуын қоспағанда, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді».

Заңның 8-бабыныңжоғарыда көрсетілген 2 және 3-тармақтарын толығырақ қарастырамыз.

Әлеуетті өнім беруші мынадай жалпы біліктілік талаптарына сай келуі:

1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін), азаматтық іс-әрекетке қабілеттілігінің (жеке тұлғалар үшін) болуы;

2) төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің болмауы;

3) банкроттық не таратылу рәсімдеріне жатқызылмауы тиіс.

Осы тармақтың 2) тармақшасының талаптары өздеріне қатысты оңалту рәсімі өткізіліп жатқан әлеуетті өнім берушілерге, сондай-ақ жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану міндетті болатын, мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды.

Маңызды. Арнайы біліктілік талаптарына сәйкес келу бөлігінде әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарының бар екендігін растауы қажет. Бұл реттетапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті материалдық, қаржылық және еңбек ресурстары конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікте көрсетілуі мүмкін.Әлеуетті өнім беруші қаржылық ресурстарға ие екендігін банктен (банктерден),салық органдарынан берілетінанықтама арқылы куәландырады.

Мақала қысқартылып жарияланды, толық нұсқасын «Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар» журналынан оқыңыздар, № 1-2016.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі 

 «Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар» журналы 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль