text
MCFR.KZ Госзакупки

Веб-порталда шарттармен жұмыс істеу бойынша нұсқаулық

  • 19 октября 2018
  • 1317
Веб-порталда шарттармен жұмыс істеу бойынша нұсқаулық

Үлгілік, үлгілік емес немесе қағаз түрінде мемлекеттік сатып алу туралы шартты қалыптастыру. Мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарттың мөлшерін өзгерту. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау мерзімі. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты келісу және оған қол қою.

Типтік немесе типтік емес (файлды тіркеу жолымен) немесе қағаз нысанын таңдаумен шарт жобасын құру

-        Шартты жасаудың типтік электрондық нысаны – Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидатына сәйкес типтік шартқа сәйкес

-        Шартты жасаудың типтік емес электрондық нысаны – Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидатына сәйкес типтік шартқа сәйкес келмейтін, ұйымның өзіндік шартын ескереді

-        Шартты жасаудың қағаз нысаны (веб-портал көмегінсіз) – Шартты қағаз жүзінде жасасып, веб-порталда файлдың тіркелуін ұсынады.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидатына сәйкес шарттың электрондық типтік нысаны веб-портал арқылы шартты жасау кезде шартты құрғанда (Тапсырыс берушімен және өнім жеткізушімен шартқа қол қойғанда) автоматты түрде келесі жағдайларда анықталады:

Сатып алудың төмендегі тәсілдері бойынша қорытындыларынан:

  • Баға ұсыныстарын сұрату;
  • Ашық конкурс;
  • Білікті өнім жеткізушілер арасында конкурс;
  • Аукцион;
  • Бір көзден жүргізілмеген  сатып алу бойынша;
  • Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу.

Электрондық типтік емес нысанын (шарт файлын тіркеу) немесе шарттың электрондық типтік нысанын енгізуі Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидатына сәйкес веб-портал көмегімен пайдаланушымен шартты құру кезде (Шартқа Тапсырыс берушімен және өнім жеткізушімен қол қоюы) келесі жағдайларда іске асырылады:

тікелей шартты жасау әдісімен бір көзден алу тәсілімен жоспардан;

ЭЦҚ-мен ҚР салық төлеушілері ретінде тіркелген, ҚР резиденттері болып табылмайтындар сатып алуда қатысқан кезде.

 

Шартты қағазда жасасу нысаны (веб-портал көмегінсіз) веб-порталда автоматты түрде сатып алудың келесі тәсілдеріне шартты құрғанда жасалады:

  • тауарлық биржалар арқылы;
  • тұрғын-үй сатып алу бойынша конкурста;
  • 39) баптың 3 тармағының 4), 17),  20), 21), 23), 26), 40), 41) тармақшалары бойынша тікелей шартты жасау әдісімен бір көзден алу тәсілінде;
  • ЭЦҚ-сіз ҚР салық төлеушілері ретінде тіркелмеген, ҚР резиденттері болып табылмайтындармен сатып алуға қатысқанда;
  • Екі сатылы процедураларды қолданумен.

Типтік электрондық жасау нысанды шарт жобасын құру

Типтік электрондық нысанды шарт жобасын құру

Қорытындылардан шартты құру үшін Тапсырыс беруші рөлді пайдаланушыға «Жұмыс кабинеті» мәзіріндегі Менің шарттарым бөлігіне кіру қажет.

 

Бұдан әрі «Шартты құру» батырмасын басу қажет.

 

Алдын ала құрылған шартты іздеу қажет болған жағдайда фильтрді қолдануға болады. Кеңейтілген іздеу мақсатында «Кеңейтілген іздеу» белсенді сілтемені басу қажет.

 

Бұдан кейін шартты құруға арналған лотты іздеу параметрлерін толтыру нысаны бейнеленеді. «Сатып алу тәсілі», «Жоспар тармағының типі», «Сатып алу нысанның түрі»  лотты іздеудің міндетті жолдары. Түсірмелі мәзірден шартты жасаудың электрондық нысанына сәйкес келетін (2.1 Типтік, типтік емес (файлды жүктеу жолымен) немесе қағаз жүзіндегі шартты қалыптастыру шарттары тарауын қараңыз) сатып алудың тәсілін таңдау қажет:

Сатып алудың төмендегі тәсілдері бойынша қорытындыларынан жүргізіледі:

  • Баға ұсыныстарын сұрату;
  • Ашық конкурс;
  • Білікті өнім жеткізушілер арасында конкурс;
  • Екі сатылы конкурс;
  • Екі сатылы процедуралары қолданған конкурс (Екі сатылы процедураларды қолдана отырып Конкурстың Екінші сатысы)
  • Аукцион;
  • Бір көзден жүргізілмеген  сатып алу бойынша.

 

Таңдалған мәндерге сәйкес келетін жоспардың тармақтары ғана бейнеленеді.

 

Қажетті лоттарды белгілеп, «Шартты құру» батырмасын басу қажет. Шарт жасалғаны туралы хабарлама бейнеленеді. Шартты ашу үшін шарттың нөмірімен белсенді сілтемесін басу қажет.

 

Шарттың карточкасы бейнеленеді. «Жалпы деректер» қойындысында «Шарт нөмірі», «Шарттың сипаттамасы қазақ тілінде», «Шарттың сипаттамасы орыс тілінде», «Орындаудың жоспарланатын күнін», «Шарттың әрекет ету мерзімі» міндетті жолдарды толтыру қажет. Жолдарды толтырғаннан кейін «Сақтау» батырмасын басу қажет.

 

«Шарт нысандары» қойындысында лоттар туралы ақпарат бейнеленеді. Толығырақ ақпаратты қарап шығу үшін нөмір сілтемесін немесе редакциялаудың пиктограммасын басу қажет. «Лотты орындаудың жоспарлы мерзімі» міндетті жолды толтыру қажет.

«Бірлігіне бағасы (ҚҚС есепке алынбағанда)» жолында өнім жеткізушінің баға ұсынысына сәйкес келетін мән бейнеленеді. Редакциялау қажет болған жағдайда сақтау қажет.

 

«Тапсырыс беруші және өнім жеткізуші» қойындысында өнім жеткізуші және тапсырыс беруші туралы ақпарат бейнеленеді. Егер «ҚҚС төлеуші» белгісін өзгерту қажет болғанда, түсірмелі мәзірден сәкесінше мәнді таңдау қажет.

 

«Шарт және келісу» қойындысында шарттың жобасы орналастырылады.

 

Мемлекеттік сатып алуды іске асыру ережелеріне сәйкес сатып алу нысанның түріне қарай шарттың типтік нысаны бейнеленеді.

Шартты тез толтыру үшін «Енгізу нысаны» қойындысына өту ұсынылады. Қандайда бір мәнді толтыру үшін белсенді сілтемені басқанда, енгізудің нысаны бейнеленеді.

 

«Келісу» қойындысында келісу бойынша Тапсырыс беруші мен Өнім жеткізушінің іс-әрекеті бейнеленеді. 

 

Типтік электрондық жасау нысанды шарт жобасының техникалық ерекшелігін қарап шығу

Шарттың техникалық ерекшелігін қарап шығу үшін, «Шарттың нысандары» қойындысына өтіп, шарт нысанын (лотын) таңдау қажет.

Шарттың нысаны бойынша ашылқған мәліметтерінде шарттың осы нысаны бойынша техникалық ерекшелігі бейнеленеді.

 

Негізгі шарттың «Шарттың нысандары» қойындысында, егер сатып алу тәсілі «Ашық конкурс», «Аукцион», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс», «Жүргізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден» болғанда, өнім жеткізушімен сатып алуға қатысу өтінімін беру кезде ұсынылған, шарттың әрбір нысанына техникалық ерекшелігі бейнеленеді.


Егер сатып алу тәсілі «Баға ұсыныстарын сұрату», сонымен қатар «Ашық конкурс» тәсіліне «ТЭН/ЖСҚ жұмыс істеу» белгісі орнатылса, онда «Шарт нысандары» қойындысында шарттың әрбір нысанында сатып алуда тапсырыс берушімен тіркелген техникалық ерекшелігі бейнеленеді.

Егер сатып алу тәсілі «Тікелей шарт жасау әдісімен бір көзден» болса, «Шарт нысандары» қойындысындағы әрбір шарттың нысанда тапсырыс берушіге техникалық ерекшеліктері бар файлды тіркеуге арналған нысан бейнеленеді.

 

МАҢЫЗДЫ:

Қосымша келісімді құрған кезде «Шарт нысандары» қойындысындағы техникалық ерекшелік аналық шарттан беріледі, бұл қосымша келісімді құруға негіздемесі ретінде  Заңның 45 бабының  2 тарм. 2) және  7) тармақшалары болған жағдайларды қоса алмағанда -  бұл жағдайларда ҚКЗ құжаттардың  тапсырыс берушімен орындалуы мүмкін, ал сонымен қатар  Заңның 45 бабының  2 тарм. 4) тармақшасында – бұл жағдайда үздігірек сипаттарын ұсына отырып, өнім жеткізушімен техникалық ерекшелікті тіркеу мүмкіндігі бар.

 

Егер «Тікелей шарт жасау әдісімен бір көзден» сатып алу тәсілі болса, онда қосымша келісімнің әрбір шарттың нысанында тапсырыс беруші үшін қосымша техникалық ерекшелік файлын тіркеуге арналған нысан бейнеленеді.

 

Шарт бойынша жеткізу мерзімі

Егер жоспарланатын жеткізу мерзімін өзгерту қажет болса, Тапсырыс беруші «Шарт нысандары» қойындысында «Шарт бойынша жеткізу мерзімдері» жолындағы мәнді редакциялау қажет, үнсіз келісіммен осы жолдар мәндері жоспар тармақтарынан толтырылады.

Шартты орындаудың жоспарланатын мерзімі

«Жалпы» қойындысындағы «Орындаудың жоспарланатын мерзімі» жолы үшін күнтізбеден күнді таңдаудан басқа, күнтізбелік күн саны түрінде мерзімді толтыру қарастырылған. Көрсетілген мерзім шарттың күшіне ену күніне қосылады. Мысалы, 15 күнтізбелік күн мәні енгізілгенде, қол қою және Қазынашылықта тіркеуден өткенінен кейін 04.04.2018 мерзіміне 15 күн қосылады - 19.04.2018.

Шартты келісу

Тапсырыс берушімен шартты келісуі

Тапсырыс берушімен шартты келісуге жіберу үшін «Шарт және келісу» қойындысына өту қажет, мұнда шарттың типтік нысаны үшін шарттың шаблонын толтыру қажет, ал типтік емес нысанды үшін – шарт файлын тіркеу қажет.

Типтік шартты жылдам толтыру үшін «Енгізу нысаны» қойындысына өту қажет. Қандайда бір мәнді толтыру үшін белсенді сілтемені басып, жолдарды мәндерге толтырып, сақтау қажет.

«Келісу» қойындысында Тапсырыс беруші мен Өнім жеткізушінің келісуі бойынша іс-әрекеттері бейнеленеді.

 

Тапсырыс беруші Өнім жеткізушіге хабарлама жазып ұсына алады, ол үшін енгізу жолында мәтінді орналастырып, «Хабарламаны жіберу» батырмасын басу қажет.

Міндетті толтырылатын жолдарды толтырғаннан кейін «Шарт» қойындысына өтіп, беттің төменгі жағындағы «Шартты бекіту» батырмасын басу қажет.

 

 

Жүйе тапсырыс берушімен шарттың бекітілгені және өнім жеткізушіге толтыруға жіберулгені туралы хабарлама бейнеленеді.

 

Шарттың мәртебесі «Өнім жеткізушіге келісуге жіберілді» дегенге ауысады.

 

«Техникалық ерекшелік» бөлігінде техникалық ерекшелік файлы орналасады, оны қарап шығу үшін белсенді батырманы басу қажет.

Назар аударыңыз! Техникалық ерекшелікті тек, сатып алу тәсілі келесі тәсілдерінің біріне сәйкес келгенде: «Баға ұсыныстарын сұрату», «Тікелей шартты жасау әдісімен бір көзден», «Ашық конкурс» («ТЭН және ЖСҚ жұмыс істеу» белгілерімен жұмыс істеу сатып алу нысанының түрі болатын жағдайда ғана) талап етіледі, атап айтқанда өнім жеткізушімен техникалық ерекшелікті ұсыну қажет болмаған жағдайда. Сатып алудың басқа түрлері бойынша техникалық ерекшелікке қол қойылуы Өнім жеткізуші тарапынан іске асырылады, және тапсырыс берушіден талап етілмейді («Қол қою» батырмасы болмайды).

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өнім жеткізуші тарапынан 3 жұмыс күн ішінде шартты растауы болмаған жағдайда, Өнім жеткізушінің деректері автоматты түрде Порталмен расталады.

Атап айтқанда, егер өнім жеткізуші, Тапсырыс берушімен шартты келісуге жіберу уақытынан бастап, 3 жұмыс күн ішінде, шарттың келісуін орындамаса, жүйе автоматты түрде мәндерді:

- банкілік реквизиттер;

- заңды мекенжайы;

- қол қою құқығына ие басшының тегі, аты-жөні (осындай уәкілетті қызметкер жоқ болғанда, ИНИС «Басшы мәліметтері» бөлігінен басшының тегі, аты-жөні көрсетіледі);

- байланысу телефоны, тіркеу деректерден алады.

Бұл кезде шарттың мәртебесі «Тапсырыс берушіге келісуге жіберілді» дегенге өзгереді, «Келісу» қойындысында жүйе деректердің Порталмен расталғанын тіркеу қажет. Тапсырыс берушіге шартты қалыптастыру және қол қою әрекеттері қол жетімді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! «Өнім жеткізушіге келісуге жіберілді», «Тапсырыс берушіде қол қойылуда», «Тапсырыс берушіге келісуге жіберілді», «Келісу аяқталуы күтілуде», «Өнім жеткізушіде қол қойылуда», «Тіркеуге жіберілуге дайын» немесе «Қазынашылықта тіркеуде» мәртебеде құрылған шарт  болған және шарттың жасалудың бір сатысында өнім жеткізуші жосықсыз қатысушылар тізбесіне қосылған жағдайда, бұл кезде жалғыз рұқсат етілетін «Жасаудан бас тарту немесе мерзімнен бұрын тоқтату»  әрекеті ықтимал болып табылады.

Өнім жеткізушімен шартты келісуі

Тапсырыс беруші шартты толтырғаннан және келісуге жібергеннен кейін, Өнім жеткізуші шартты келісу үшін «Менің шарттарым», «Жұмыс кабинеті» мәзіріне өтеді.

 

Шартты іздеуді фильтрлер жиынтығының көмегімен жүзеге асыруға болады. Кеңейтілген іздеу үшін «Кеңейтілген іздеу» белсенді сілтемесіне басу қажет.

 Шарттың мәртебесі «Өнім жеткізушіге келісуге жіберілді» мәртебесіне сәйкес келеді. Шартты ашу үшін   пиктограммасына басу қажет.

Шарттың карточкасы бейнеленеді. «Жалпы» қойындысында шарт бойынша жалпы ақпарат бар.

 Лот(тар) туралы деректерді қарау үшін «Шарт нысандары» қойындысына өту қажет.

 

Толығырақ қарап шығу үшін лоттың Ид немесе пиктограммаға басу қажет.

 

«Бірлігіне баға» жолында үнсіз келісіммен баға ұсыныс беру кезде өнім жеткізушімен көрсетілген бағасы көрсетіледі, бұл мән редакциялауға қол жетімді.  Бағаны өзгерту қажет болған жағдайда «Сақтау» батырмасын басу қажет.

Ескертпе: Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 45 б. сәйкес өзгерістер енгізу шарт жобасының сомасын азайту бөлігінде рұқсат етіледі. Өнім жеткізуші «Шарт нысандары» қойындысындағы «Бірлік бағасы» жолының мәнін азайту арқылы шарттың сомасын өзгертуге бастама жасай алады.

Тапсырыс беруші электрондық шарт жобасының деректерін келісу және растау алдында шарттың жалпы сомасының мәнін мұқият қарауы тиіс және, сома артық азайған жағдайда «Шарт нысандары» қойындысындағы «Бірлік бағасы» жолындағы  мәнін түзете алады.

«Шарт және келісу» қойындысында шарт жобасы орналасады.

 

 

Беттің төменгі бөлігінде Сатып алынатын тауарлар (жұмыстар/қызметтер) тізбесі және шартты келісу сатылары бейнеленеді.

Шартты жылдам толтыру үшін «Енгізу нысаны» қойындысына өту қажет. Қандайда бір мәнді толтыру үшін белсенді сілтемені басып, жолдарды мәндерге толтырып, «Сақтау» батырмасын басу қажет.

 

Шарт бойынша барлық міндетті жолдар толтырылғанынан кеййін, «Шарт» қойындысына өтіп, «Шартты бекіту» батырмасын басу қажет.

 «Техникалық ерекшелік» бөлігінде техникалық ерекшелік файлы орналасады, оны қарап шығу үшін белсенді батырманы басу қажет.

Назар аударыңыз! Техникалық ерекшелікті тек, сатып алу тәсілі келесі тәсілдерінің біріне сәйкес келгенде: «Ашық конкурс», «Аукцион», «Бір көзден жүргізілмеген сатып алулар», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу» талап етіледі, атап айтқанда өнім жеткізуші техникалық ерекшелікті ұсынған жағдайда. Сатып алудың басқа түрлері бойынша техникалық ерекшелікке қол қойылуы Тапсырыс беруші  тарапынан іске асырылады, және тапсырыс берушіден талап етілмейді («Қол қою» батырмасы болмайды).

«Келісу» қойындысында Тапсырыс беруші және Өнім жеткізушінің келісуі бойынша іс-әрекеттері бейнеленеді.

 

Шар бойынша сұрақтар туындағанда Өнім жеткізуші Тапсырыс берушіге хабарлама жазып ұсына алады, ол үшін енгізу жолында мәтінді орналастырып, «Хабарламаны жіберу» батырмасын басу қажет.

Өнім жеткізуші шартты бекіткенінен кейін жүйе растау хабарламаны бейнелеп, шарт мәртебесін «Тапсырыс берушіге келісуге жіберілді» дегенге өзгертеді.

 

Өнім жеткізуші тарапынан шартты келісуден кейін Тапсырыс беруші «Шарт және келісу» қойындысына өтеді. Өнім жеткізуші енгізген деректерді қарап шығу қажет. Енгізілген деректермен келіскен жағдайда «Мен осы шартпен келісемін» терезесінде қанатбелгі қою және «Келісуге шартты жіберу» батырмасына басу қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өнім жеткізуші тарапынан 3 жұмыс күн ішінде шартты растауы болмаған жағдайда, Өнім жеткізушінің деректері автоматты түрде Порталмен расталады.

Атап айтқанда, егер өнім жеткізуші, Тапсырыс берушімен шартты келісуге жіберу уақытынан бастап, 3 жұмыс күн ішінде, шарттың келісуін орындамаса, жүйе автоматты түрде мәндерді:

- банкілік реквизиттер;

- заңды мекенжайы;

- қол қою құқығына ие басшының тегі, аты-жөні (осындай уәкілетті қызметкер жоқ болғанда, ИНИС «Басшы мәліметтері» бөлікте басшының тегі, аты-жөні көрсетіледі);

- байланысу телефоны, тіркеу деректерден алады.

Бұл кезде шарттың мәртебесі «Тапсырыс берушіге келісуге жіберілді» дегенге өзгереді, «Келісу» қойындысында жүйе деректердің Порталмен расталғанын тіркеу қажет. Тапсырыс берушіге шартты қалыптастыру және қол қою әрекеттері қол жетімді.

 

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты