text
MCFR.KZ Госзакупки

Мемлекеттік сатып алу веб-порталда жұмыс істеу

  • 25 октября 2018
  • 1254

Мемлекеттік сатып алу дегеніміз не? Мемлекеттік сатып алулар қайда өткізіледі? Мемлекеттік сатып алуға қалай қатысуға болады?

Мемлекеттiк сатып алу веб-порталы

Мемлекеттiк сатып алу веб-порталы – электрондық мемлекеттiк сатып алудың электрондық қызмет көрсетулеріне қол жеткiзудiң бірыңғай нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк ақпараттық жүйе.

Мемлекеттік сатып алу веб–порталы мынадай атқарымдылықты қамтамасыз етеді:

- мемлекеттік сатып алу процесінің қатысушыларын тіркеу;

- мемлекеттік сатып алуларды жоспарлау;

- электрондық мемлекеттік сатып алуды, соның ішінде тапсырыс беруші мен әлеуетті өнім беруші арасында электрондық құжат алмасуды жүргізу;

- мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жоспарланған, өткізіліп отырған және жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алу туралы ақпарат ұсыну;

- өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша статистика мен есептілікті қалыптастыру;  

- мемлекеттік сатып алу саласында түсіндірулер мен нормативтік-анықтамалық ақпаратты жариялау;

- мемлекеттік сатып алу тізіліміне енгізілетін мәліметтерді ұсыну мен жариялау.  

Мемлекеттік сатып алу жүйесі

Мемлекеттік сатып алу жүйесі жылдар бойы қалыптасты. Мемлекеттік сатып алудың қолданыстағы жүйесінің заңнамалық негізі «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы (бұдан әрі – Заң) болып табылады. Бұл – мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілері арасындағы қарым-қатынасты реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт. Басқа да нормативтік құқықтық актілер бар, бірақ дәл Заңда ғана мемлекеттік сатып алу процесінің басты ережелері көрсетіледі.

Мемлекеттік сатып алу жүйесі қалыптасқан бүкіл кезең ішінде Заң бірнеше рет қайта басып шығарылды және өзгертілді (алғашқы редакциясының күні 1997 жылғы 16 шілде). Өзгерістерді уақытты өзі қабылдатты, олардың негізгі мақсаты – процестің өзінің ашықтық қағидатын сақтай отырып, мемлекеттік сатып алу жүйесін жақсарту және жеңілдету.

Мемлекеттік сатып алу – осы Заңда және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тапсырыс берушілердің ақылы негізде сатып алуы (Заңның 2-бабының 14) тармақшасы).

Осылайша, мемлекеттік сатып алу жүйесі тапсырыс берушінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметін орындауына қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі – ТЖҚ) сатып алуға байланысты оның негізі қатысушыларының (тапсырыс берушілер мен өнім берушілердің) қатынастарын білдіреді.

Мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алудың веб-порталы (www.goszakup.gov.kz) – мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтеріне қолжетімділіктің бірыңғай нүктесін білдіретін мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі.

Өнім берушілерге қойылатын негізгі талаптар


Бастапқыда мемлекеттік сатып алуға қатысуға тілек білдіргендердің бәріне тең құқықтар мен мүмкіндіктер беріледі. Сонымен бір мезетте Заңмен көзделген белгілі бір ерекшеліктер, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілер сәйкес келуге тиіс талаптар бар.

Әлеуетті өнім берушінің өткізілетін сатып алуға қатысуға құқығы жоқ жағдайлары Заңның 6-бабында көрсетілген. Осылайша, аталған баптың 1-тармағында  осындай 10 жағдай берілген:

1) осы әлеуетті өнім берушінің бірінші басшыларының және (немесе) осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жегжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушінің немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі болып табылса;

2) әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның жұмыскері тапсырыс берушіге не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға өткізілетін мемлекеттік сатып алуды дайындау бойынша сараптамалық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсетсе, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеушінің жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі мемлекеттік сатып алуға қатысуын қоспағанда, өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын объектінің құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретінде қатысса, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқылы емес.

Бұл талап халықаралық құрылыс стандарттарына сәйкес іске асырылатын жобаларға қолданылмайды;

3) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнің басшысы мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiндегі заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты болса;

4) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнің басшысы мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болса;

5) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiнің басшысы болса;

6) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;

7) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) баланстық құны тиісті негізгі қаражат құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынса;

8) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган оларды Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізсе;

9) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына не Қазақстан Республикасының бейрезиденті - әлеуетті өнім беруші мемлекеттің заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрса;

10) әлеуетті өнім беруші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы) және (немесе) олардың басшысы, құрылтайшылары (акционерлері) терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізілсе, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқылы емес.

Бұл ақпаратты қалай тексеруге болады? АҚПАРАТТЫҚ БАЗАЛАР

Әлеуетті жеткізушілерге қойылатын біліктілік талаптары қандай?

Сатып алу әдісіне қатысу үшін қалай өтініш беруге болады:

 Келісімге қалай және қашан келуге болады?

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты