Сатып алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулық

532
"Ашық конкурс" тәсілімен сатып алуға арналған конкурстық құжаттама бойынша өнім берушілерге ескертулер Егер сатып алу бойынша конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрату бар болған жағдайда, өнім беруші конкурстық құжаттама жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей сұрату туралы хабарлама жаза алады. Ескерту. Егер барлық лоттарға арналған хабарландыруда "ТЭК, не ЖСҚ" алаңы толтырылған болса, ережелерді талқылау функционалы қол жетімсіз болуы тиіс. Өнім берушінің сұратуларын қарау үшін "Құжаттаманың ережелерін талқылау" қосымша бетіне өтіп, хабарлама тақырыбын басу қажет, осыдан кейін хабарлама мәтіні және өнім берушінің деректері көрсетіледі. 

1."Ашық конкурс" тәсілімен сатып алуға арналған конкурстық құжаттама бойынша өнім берушілерге ескертулер

Егер сатып алу бойынша конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрату бар болған жағдайда, өнім беруші конкурстық құжаттама жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей сұрату туралы хабарлама жаза алады.

Ескерту. Егер барлық лоттарға арналған хабарландыруда "ТЭК, не ЖСҚ" алаңы толтырылған болса, ережелерді талқылау функционалы қол жетімсіз болуы тиіс.

Өнім берушінің сұратуларын қарау үшін "Құжаттаманың ережелерін талқылау" қосымша бетіне өтіп, хабарлама тақырыбын басу қажет, осыдан кейін хабарлама мәтіні және өнім берушінің деректері көрсетіледі.

"Жауап ұсыну" батырмасы құжаттаманы талдауды аяқтау мерзімі басталғаннан кейін белсенді болады.

Ескерту. Өнім берушінің сұратуына жауапты тек 1 рет қана, хатшы не тапсырыс берушінің өкілі, не ұйымдастырушының өкілі береді.

Шешімді таңдау үшін ашылатын тізімнен мәнді таңдау, содан соң "Жауап беру" батырмасын басу қажет. Ескертуді кері қайтаруды немесе конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруді ұсынды шешкен жағдайда "Кері қайтару себебі/түсіндіру мәтіні" міндетті алаңын толтыру қажет.

Жүйе әрекетті растауды талап ететін қалқып шығатын терезені көрсетеді.

2.Өнім берушілердің ашық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін қарау

Өтінімдерді қабылдауды аяқтау мерзімі басталған кезде хабарламаларды көру нысанындағы "Қатысушының бейіні → "Хабарламалар" бөлімінде мемлекеттік сатып алу веб-порталы конкурстық комиссия мүшелеріне өнім берушілердің өтінімін қарау қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі.

Өнім берушілердің өтінімін қарау қажет болатын хабарландыруларды іздеуді жүзеге асыру үшін, конкурстық комиссия мүшелеріне "Жұмыс кабинеті" бөліміне өтіп "Хабарландыруларды іздеу" (жалпы) дегенді таңдау қажет.

Өнім беруші өтінімінің ұсынылған құжаттарын қарау үшін, хабарламаларды көру нысанындағы "Қол жетімді әрекеттер" бөліміндегі тізімнен "Өтінімдерді қарау" дегенді таңдау керек.

"Төраға", "Комиссия" рөліндегі пайдаланушылар өнім берушілердің өтінімдерін хабарландырудың мәртебесі "Өтінімдерді қарау" болған кезде қарай алады.

Конкурсқа өтінім берген өнім берушілер туралы ақпараттарды қарау үшін, өтінім нөмірінің сілтемесін басу қажет. Өтінімнің нөмірін басқан кезде өнім берушілерге рұқсат беру бетіне ауысу жүзеге асырылады.

Өтінім бойынша өнім берушілердің құжаттамаларын қарау үшін "Құжаттама" бөліміне ауысу керек.

Рұқсат беру/кері қайтару бойынша белгілерді таңдау алаңы "Рұқсат берілді", "Кері қайтарылды" мәндерімен ашылатын тізімді қамтиды.

"Себептерді негіздеу" алаңы өнім берушіні қабылдамаған жағдайда толтыру үшін міндетті болып табылады.

Дауыс беруді "Жалпы сипаттағы құжаттар" және "Жеке сипаттағы құжаттар" бөлімдері бойынша жүргізу керек.

Дауыс беру аяқталғаннан кейін әрбір бөлім бойынша "Сақтау" батырмасын басу қажет. Аталған батырманы басу кезінде енгізілген нәтижелерді сақтау жүзеге асырылады.

Барлық бөлімдер бойынша дауыс беруді аяқтау үшін "Дауыс беру" батырмасын басу керек.

Назар аударыңыздар! "Дауысты кері қайтарып алу" функциясын қолдана отырып, комиссияның дауыс беруі аяқталғанға дейін өз дауысын кері қайтарып алу мүмкіндігі ұсынылады.

3.Комиссия мүшелерінің алдын ала рұқсат беру хаттамасына қол қоюы

Алдын ала рұқсат беру хаттамасы қалыптастырылғаннан кейін, конкурстық комиссия мүшелеріне хаттамаға қол қою қажеттілігі туралы хабарлама жіберу жүзеге асырылады.

Ескерту. Бұл ретте, хаттамаға хатшы қол қойғанға дейін – конкурс комиссиясының мүшелерінің қол қоюы қол жетімсіз болады.

Алдын ала рұқсат беру хаттамасына қол қойылар алдында құжаттың дұрыстығы тексерілуі тиіс. Құжатқа электрондық цифрлық қол қою арқылы, сіз электрондық құжаттың тұтастығын және тұпнұсқалығын растайсыз.

Назар аударыңыздар! Алдын ала рұқсат беру хаттамасы қалыптастырылған кезде веб-порталда өнім берушінің Жосықсыз өнім берушілер тізілімінде, сондай-ақ Борышкерлер тізілімінде бар немесе жоқ екендігіне тексеру жүргізіледі.

4.Ашық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қайта қарау

Өтінімдерді қайта қабылдауды аяқтау мерзімі басталған кезде конкурстық комиссия мүшелері үшін өнім берушілердің өтінімдерін қайта қарау бойынша әрекеттер қол жетімді болады.

Ол үшін, хабарландыруларды қарау нысанындағы "Қол жетімді әрекеттер" бөлімінде "Өтінімдерді қарау" дегенді таңдау керек.

Конкурсқа өтінімдерді қайталап берген өнім берушілер туралы ақпаратты қарау үшін, өтінім нөмірінің сілтемесін басу керек. Өтінімнің нөмірін басқан кезде өнім берушілерге қайта рұқсат беру бетіне ауысу жүзеге асырылады.

Қабылданбаған өнім берушілерге рұқсат беру/кері қайтару бойынша қайта дауыс беру үшін, хабарландыруларды қарау нысанында "Өнім берушіге лоттар бойынша рұқсат беру" бөліміне өту қажет.

Рұқсат беру/кері қайтару бойынша белгілерді таңдауға арналған алаң: "Рұқсат берілді", "Кері қайтарылды" мәндерімен ашылатын тізімді қамтиды.

"Себептерді негіздеу" алаңы өнім берушіні қабылдамаған жағдайда толтыру үшін міндетті болып табылады.

Дауыс беруді аяқтау үшін "Сақтау", содан соң "Дауыс беру" батырмаларын басу қажет.

Дауыс беруді аяқтау үшін ашық конкурстың хатшысы хабарландыруларды қарау нысанындағы "Қол жетімді әрекеттер" бөліміндегі тізімнен "Өтінімдерді қарау" дегенді таңдауы керек.

Қорытындылар хаттамаларымен танысу және оған қол қою үшін конкурстық комиссия мүшелері хабарландыруларды қарау нысанына өтулері тиіс.

Дереккөз: www. mcfr.kz

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі

ACTUALIS электрондық жүйесіне тестілік (сынақтамалық) көрсету мүкіндігін алу



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях