«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 31-бабы қолданысқа енгізілді

712
Байканова Дилара Елеубаевна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Астана
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы жаңа Заңының 31-бабында мемлекеттік сатып алуды біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен жүзеге асыру және мемлекеттік сатып алудың білікті өнім берушілерінің тізілімі жайлы айтылады.

Заңға «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекшеліктері» 31-бабы қосылды. Аталған бап 2016 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұл тәсіл бойынша мемлекеттік сатып алу уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша өткізілетін болады. Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім беруші конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.

 Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай дәйектілікпен жүзеге асырылады:

1) бірінші кезеңде уәкілетті орган ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өзге де коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен білікті әлеуетті өнім берушілердің тізілімін қалыптастырады;

2) екінші кезеңде тапсырыс беруші білікті әлеуетті өнім берушілердің тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер арасында конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.

Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім беруші біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.

Аукцион бойынша аукционның бастапқы бағасы ұғымы қосылды. Егер бұрын аукционға қатысушы әлеуетті өнім берушілер бірінші кезеңде құжаттарды тіркеп, ал бағаны егер аукционға жіберілген жағдайда қойған болса, жаңа жылдан бастап әлеуетті өнім берушілер құжаттармен бірге баға қоюлары тиіс және аукционға жіберілген өнім берушілердің ең төмен бағасынан бастап аукцион басталады.

Аукционды өткізу кезінде аукционға қатысушылар өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстар береді, онда баға туралы ағымдағы ең төмен ұсынысты аукцион адымы шегіндегі шамаға төмендету көзделеді.

Егер өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың аукционға басқа қатысушы ұсынған бастапқы бағаға тең бастапқы бағасы ұсынылса, басқа ұсыныстардан бұрынырақ келіп түскен тауардың бастапқы бағасы ең төмен бастапқы баға деп танылады.

Егер аукционды өткізу басталғаннан кейінгі отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бірде-бірі өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс бермеген болса, бастапқы бағасы ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім беруші аукцион жеңімпазы деп танылады.

Баға ұсыныстарын ұсыну тәсілімен мемлекеттiк сатып алу тәсілі бойынша негізгі құралдарды қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау кезінде техникалық ерекшелікте, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуде (лицензиялық бағдарламалық қамтылымды) тауардың маркасын көрсетуге болады.

Заң нормаларын қолданбай сатып алу тәсілі Заңнан алынып тасталды.Оның орнына шартты тікелей жасасудың негіздерінен тұратын 54 тармақшаны қамтитын «Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу» тәсілі қосылды. Аталған негіздер Заңның 39-бабының 3-тармағында көрсетілген.

Тапсырыс беруші шарт жасалған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде, мемлекеттік сатып алу веб-порталында шартты тікелей жасасу жолымен мемлекеттік сатып алу туралы есепті орналастыруға міндетті. Есепте өнім берушіні таңдаудың негіздемелері, жасалған шарттың бағалары, сондай-ақ шарттың өзге де талаптары қамтылуға тиіс.

Шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы есепті орналастыру туралы талап, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға, сондай-ақ осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 9), 18), 31), 32) және 35) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.

Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші өнім берушіні айқындайды және онымен мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады.

Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға қойылатын талаптар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға, сондай-ақ осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 35), 40) және 41) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.

Заңда мемлекеттік сатып алу туралы электрондық шарт жасасу ғана қалдырылды – бұл сатып алу веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарт. Тапсырыс беруші жеңімпазға шарттың жобасын баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы айқындалған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде, ал конкурс және аукцион бойынша жеңімпазға конкурс/аукцион бойынша қорытындыларға шағымдану мерзімі өткен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жібереді.

Өнім беруші тарапынан шарт жасасу мерзімдері:

  • мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату тәсілдерімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы қоса берілген хабарлама мемлекеттік сатып алу веб-порталына келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландыруға тиіс;
  • егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімдерде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қоймаса, тапсырыс беруші жеңімпаз мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын жібереді;
  • мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өзіне мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландыруға тиіс;
  • жеңімпаз шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге жіберілген шарт жобасына шарттың орындалу мерзімін бес жұмыс күніне ұлғайту бөлігі бойынша өзгерістер енгізуге рұқсат беріледі.

Егер шарт ҚР бейрезидентімен жасалған жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты ҚР заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынатын нысанда ресімдеуге жол беріледі. Бұл ретте сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету шарт сомасының үш пайызына тең мөлшерде аударылады.

Егер конкурстық және аукциондық құжаттамалардың талаптарында аванс көрсетілген болса, онда шарттың орындалуын қамтамасыз ету авансқа тең мөлшерде аударылады. Өнім беруші аванстан бас тартуға және қамтамасыз етуді шарт сомасының үш пайызына тең мөлшерде енгізуге құқылы.

Заңның 43-бабының 26-тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалғаны туралы құжаттар (тауарды қабылдау-тапсыру актісі, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі, шот-фактура) электрондық нысанда ресімделеді.

Назар аударыңыздар. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалғаны туралы құжаттарды мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық нысанда ресімдеу туралы талаптар осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 35), 40), 41) тармақшаларында және 50-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды.

Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау кезінде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы, саны, сапасы, техникалық өзіндік ерекшелігі, құны, оларды беру (орындау, көрсету) орны мен мерзімі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың мазмұнына сәйкес келуге тиіс.

Маңызды. Заңның 43-бабының 26-тармағы бойынша талап қолданысқа 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі.

Бұдан басқа, Заңға «Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасау» 47-бабы қосылды. Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шағым жасаған жағдайда, конкурс және аукцион қорытындылары туралы хаттама жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға жүгіну қажет.

Әлеуетті өнім беруші тарапынан шағым сатып алу порталында беріледі. Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне уәкілетті органға шағым жасалған жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мерзімі шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы орналастырған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмеген мерзімдерде уәкілетті органға шағым жасалған жағдайда, шағым келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.

Уәкілетті орган шағым келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді.

Келіп түскен шағымды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган конкурс/аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысының күшін жою не күшін жоюдан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Тиісінше, бұл барлық өзгертулердің толық тізбесі емес, өйткені біз Заңның негізгі нормаларын түсіндіруге ғана тоқталдық.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алулар бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль