Қазақстанда мемлекеттік реттеудің кейбір проблемалы тұстары

353
Қазіргі кезде Қазақстанда мемлекеттік сатып алу үдерісін жеңілдету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мәселелері бұрынғысынша өзекті болып табылады.

Қазіргі кезде Қазақстанда мемлекеттік сатып алу үдерісін жеңілдету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, әлеуетті өнім берушілердің құқықтары мен  заңды мүдделерін қорғаудың тиімді тетіктерін енгізу  және мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершіліктерін арттыру туралы мәселелер бұрынғысынша өзекті болып табылады.


     Өнім берушілер мен тапсырыс берушілердің сұрауларына байланысты аталған саладағы жеңілдетулерге қатысты, ҚР Үкіметі тұрақты және жоспарлы түрде жұмыстар жүргізуде.


     Астана қаласында шілдеде өткен баспасөз-конференцияларының бірінде ҚР қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев жақын арада мемлекеттік сатып алу үдерісінде жүргізілуі тиіс кейбір өзгерістер туралы хабарлады:


     1. Конкурсты өнім берушілерді біліктілік тұрғысынан алдын ала  іріктеуді қолдану арқылы өткізу, оның нәтижесінде тұрақты және өздерін мемлекеттік сатып алу нарығында көрсеткен және тұрақты өнім берушілер үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі азайтылатын және тек конкурстық рәсімдердің өзі ғана жүзеге асырылатын болады.


     2. Конкурс және аукцион рәсімдерін жеңілдету. Айталық, конкурсқа қатысуға арналған  өтінім және баға ұсыныстары бірге берілуі тиіс болады, бұл конкурсты өткізу кезеңдерін қысқартуға, сондай-ақ тапсырыс беруші тарапынан теріс пайдаланушылықтардың орын алмауына мүмкіндік береді.


     3. Конкурсты өткізу тәртібін үш кезеңнен екі кезеңге қысқарту. Бірінші кезеңде аукционға рұқсат берілсе, екінші кезең – аукционның өзін өткізу болып табылады. Ақша қаражаттарының иегерілмеуіне әкелетін мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерін өткізудің ұзақтығын ескере отырып, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын алдын ала жасау механизмі қарастырылуда. Бұл механизм бюджеттің бекітілуін күтпестен, республикалық бюджет комиссиясының оң шешімінің негізінде мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ертерек жариялауға мүмкіндік берер еді. Сондай-ақ, жоғары технологиялық өнімдер өндіру саласында үш жылдан асатын мерзімге ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу мүмкіндігі көзделген.


     Осылайша, үкімет жоспарларын жүзеге асыру кезінде, мемлекеттік сатып алу саласындағы нормативтік құқықтық актілерге жақын арада өзгерістер енгізілуі тиіс.


     Бұдан басқа, Руслан Бекетаев жаңа редакциядағы мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасын ұсынды, оған сәйкес тендер қорытындыларына шағымдану мерзіміне шартты тоқтата тұру мүмкіндігін жүзеге асыру; конкурстан тыс рәсімдерге қойылатын талаптарды қатаңдандыру, техникалық ерекшелікті міндетті түрде алдын ала талқылау; конкурсты және аукционды өткізу тәртібін жеңілдету, шарттарды тек электрондық форматта жасасу, электрондық банктік кепілдіктерді енгізу, сатып алу үдерістерін автоматтандыру жоспарлануда.


     Аталған заң жобасын әзірлеу кезінде Қазақстан үшін маңызды ДСҰ және ЕурАзЭҚ туралы халықаралық шарттар ескерілді.


     Көрсетілген жаңалықтар мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеңілдетуі, оларды өткізу уақытын қысқартуы және  мемлекеттік шенеуніктер тарапынан сыбайлас жемқорлық  құқық бұзушылықтар тәуекелін азайтуы тиіс.


     Жоғарыда айтылғандардан бөлек, маңыздылығы жағынан кем түспейтін  мемлекеттік сатып алулардағы сыбайлас жемқорлық  құқық бұзушылықтар тәуекелін азайту мәселелерін де ашып көрсеткіміз келеді.


     Сонымен, Қазақстанда 2014 жылғы 26 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» (бұдан әрі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия)  ҚР Президентінің Жарлығы шықты.


     Дереккөз: «Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар» № 12-2015  журналы


     Мақала қысқартылып жарияланды, толық жарияланымды «Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар» журналынан оқыңыздар



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях