Біртектес тауарлардың бірнеше түрлерін мемлекеттік сатып алу

471
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру, сондай-ақ конкурс жеңімпазын айқындау конкурстық құжаттамада көзделген әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.

     "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 16-бабының  3-тармағына сәйкес, біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрлерін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және (немесе) беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.


    
    


 Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру, сондай-ақ конкурс жеңімпазын айқындау конкурстық құжаттамада көзделген әрбір лот бойынша жүзеге асырылады. 

     Осылайша, Заңның жоғарыда көрсетілген талаптарын бұза отырып, ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) әлеуетті өнім берушіні оның аумақтық алыс болуы себебі бойынша сатып алуға қатысу мүмкіндігінен айырады.

Мысал 


     Егер әлеуетті өнім беруші өз қызметін Ақтау қ. жүзеге асыратын болса, ол конкурсқа қатысуға өз өтінімін  тауарды жеткізу орны (орындау, көрсету) Ақтау қ. көрсетілген лотқа бере алады және оған  басқа қалаларға тауарды жеткізуді (жұмыстарды орындауды, немесе  қызметтерді көрсетуді) жүзеге асыру немесе жеткізу орны (орындау, көрсету) әр түрлі қалаларда көрсетілген лоттарға  өтінім беру қолайлы емес.


    Ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу туралы заңнама талаптарын бұзған жағдайда әлеуетті өнім беруші бұндай таңдау құқығынан айрылады, тиісінше ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) оның құқығын, сондай-ақ  Заңның  3-бабында көрсетілген мемлекеттік сатып алу қағидаттарының бірін – әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін теңдей мүмкіндік беруді бұзады. 


    
    Ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) тарапынан көрсетілген заңнама бұзушылық  жоспарлы тексеру немесе  Заңның 15-бабының. 5-тармағына сәйкес, тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне әлеуетті өнім берушінің жазбаша шағымы бойынша  жоспардан тыс  тексеру нәтижесінде анықталуы мүмкін.

Біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде, оларды біртекті түрлері және (немесе) беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу туралы заңнама талаптарын бұзғаны үшін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-бабының 10-тармағына сәйкес, әкімшілік жауапкершілік көзделген.

    Заңның 15-бабы 6-тармағы 3) тармақшасының негізінде уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының бұзылғанын анықтаған жағдайда, міндеттемелері толық көлемде және тиісінше орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасасылған, күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы қуыныммен сотқа жүгінеді.

    Осылайша, Заңның 16-бабының 3-тармағында көзделген міндеттемелерді бұза отырып, өткізілген конкурс қорытындылары бойынша жасалған шартты сот жарамсыз деп тануы мүмкін.  

    Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі


 


    
    


  



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль