Әлеуетті өнім берушінің тауарлар нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы

801
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға ұсынылған барлық өтінімдерді бағалау мен салыстыру кезінде конкурс құжаттамасында көзделген өлшемдерді есепке алады.

Егер «Сорғыш құрылғыны жаңарту және сумен жабдықтау жүйесінің ұлғайту сорғыш станцияларының технологиялық құбырларын ауыстыру арқылы күрделі жөндеу» бойынша жұмыс ҚБҚ-ға сәйкес күрделілігі 2-санатқа жататын болса, жұмыс тәжірибесін қалай санауға болады? Осыған ұқсас, бірақ күрделілігі 3-санатқа жататын жұмыстар жұмыс тәжірибесі ретінде санала ма, әлде жоқ па?

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 17-бабының 4-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, неғұрлым сапалы тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы немесе мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіде өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуын көздеуге міндетті.

ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы 378 бұйрығымен бекітілген Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларының (бұдан әрі – Электрондық сатып алу қағидалары) 96-тармағына сәйкес, жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүргізген кезде, конкурсқа қатысуға бір өтінім берілген жағдайларды қоспағанда, конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға берілген өтінімдердің барлығын бағалау және салыстыру кезінде Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес конкурстық құжаттамада көзделген критерийлерді ескереді және оларды конкурсқа қатысуға өтінімдердің барлығына тең мөлшерде қолданады.

Конкурстық комиссия шартты бағаны есептеу үшін электрондық конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдердің барлығын  Заңның 17-бабының 4-тармағында көзделген критерийлер бойынша бағалайды және салыстырады және осындай критерийлердің әрқайсысының салыстырмалы мәнін есептейді.

Әлеуетті өнім беруші осы өлшемдерді растайтын құжаттарды бермеген жағдайда конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге тиісті шартты жеңілдікті қолданбайды. Шартты жеңілдіктерді қолдану үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған талаптар мемлекеттік сатып алу туралы шартқа енгізіледі.

 

Маңызды. Осылайша, шартты баға электрондық конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдердің барлығын Заңның 17-бабының 4-тармағында көзделген критерийлер бойынша  бағалау және салыстыру арқылы  есептеледі.

                                                                                                

Бұл ретте Электрондық сатып алу қағидаларының 98-сәйкес, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесін қараған кезде конкурстық комиссия осы конкурста сатып алынатын жұмыстарды орындау нарығында ғана жұмыс тәжірибесін қарайды.

Сондай-ақ Заңның 8-бабының 3-тармағына сәйкес, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушісі, осы баптың 2-тармағында белгіленген жалпы біліктілік талаптарынан басқа, мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде қойылатын арнайы біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.

 

Назар аударыңыз. Мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін Электрондық сатып алу қағидаларына (1-қосымша) Конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 4, 5 және 6-қосымшаларда көрсетілген біліктілігі туралы мәліметтер, әлеуетті өнім беруші өзінің арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін қолданатын құжат болып табылады.

Бұл ретте жеткілікті материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігіндегі ақпарат көрсетілген Қағидаларға Конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 4-қосымшаның 3, 4, 5-тармақтарында, Конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 5-қосымшаның 3, 4, 6-тармақтарында және Конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 6-қосымшаның 3-тармағында көрсетіледі.

Жоғарыда көрсетілген Қосымшалардың 2-тармақтарында көрсетілген мәліметтер,тек қана жұмыс тәжірибесінің бар болғаны үшін критерийді есептеу кезінде, яғни конкурстық өтінімнің бағасын шартты азайтуды беру үшін ғана ескеріледі және қолданылады.

 

Маңызды. Осылайша, конкурстық комиссияның мемлекеттік сатып алуға қатысуға берілген өтінімдерді қарауы кезінде әлеуетті өнім берушінің тиісті сатып алуда сатып алынатын тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау нарығындағы жұмыс тәжірибесі ескеріледі. Бұл ретте әлеуетті өнім берушінің, ол құрылған сәттен бастап өз деректері қарастырылады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях