Шартты бұзу

1889
Шартты бұзу
Ахметрасулова Арайлым Аскаровна
Главный редактор журнала "Государственный заказ. Вопросы-ответы", эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзу жағдайлары мен талаптары. Порталда шартты бұзудың техникалық бөлімі.

Тапсырыс берушінің бастамасымен даусыз тәртіпте шартты бұзу жағдайлары «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабында көзделген. Бұлардан басқа, тапсырыс беруші қалайтын немесе шартты бұзуға мәжбүр болатын басқа да жағдайлар бар. ҚР Азаматтық кодексінің 402-бабына сәйкес шартты өзгерту және бұзу тәртiбi туралы келiсiм, егер заңдардан, шарттан немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан өзгеше туындамаса, шарт жасалатын сияқты нысанда жасалады.

Жұмыстарды сатып алу кезінде тапсырыс берушінің шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқығы жоқ. Мерзімінен бұрын бұзу тек қана тараптардың келісімімен және әрі қарай орындаудың мақсатқа сай еместігі жағдайында орын алуы мүмкін.

Көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде егер өнім беруші шартты орындаудан жазбаша түрде бас тартса немесе шартты орындау мерзімі бір айдан астам уақытқа өтіп кетсе тапсырыс берушінің шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқығы бар. Мұндай бұзу шарттың қолданылу мерзімі аяқталған мерзімнен кешіктірілмей орын алады. Бұл ретте тапсырыс беруші өнім берушіден тұрықсыздық айыбын өндіріп алады және өнім берушіге міндеттеменің орындалмағаны туралы жазбаша хабарлама жібереді.

Жұмыстарды сатып алу кезінде егер өнім беруші шартты орындаудан жазбаша түрде бас тартса немесе шарттың орындалу мерзімі бір айдан артық өтіп кетсе де, тапсырыс берушінің шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқығы бар. Шартты әрі қарай орындаудың мақсатқа сай еместігі жағдайында шарттек екіжақты келісіммен бұзылады.

Шартты өзгертуге немесе бұзуға ұсыныстан екiншi тараптың бас тартуы алынғаннан кейiн, не ұсыныста көрсетiлген немесе заңдарда не шартта белгiленген мерзiмде, ал ондай мерзiм болмаған кезде отыз күн мерзiмде жауап алынбағаннан кейiн ғана тарап шартты өзгерту немесе бұзу туралы талапты сотқа мәлiмдей алады.

Мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзу талаптары:

міндетті түрде бұзу – «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 6-бабы бұзылғанда.Бұл талап мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты емес, қорытындысында тапсырыс беруші аталған өнім берушімен шарт жасасқан негіздеме бойынша Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енген өнім берушілерге таратылмайды;

тараптардың келісімімен – шартты әрі қарай орындаудың мақсатқа сай еместігі жағдайында. Аталған тармақ егер тапсырыс беруші осы ТЖҚ-дан бас тартқан жағдайда қолданылатынын есте ұстау керек;

біржақты тәртіппен (тауарлар, көрсетілетін қызметтер) – егер өнім беруші шартты орындаудан жазбаша түрде бас тартса немесе шартты орындау мерзімі бір айдан астам уақытқа өтіп кетсе.

Заңның 43-бабының 19-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт мынадай фактілердің бірі анықталған:

1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулер бұзылған;

2) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге осы Заңда көзделмеген жәрдем көрсеткен;

3) міндеттемелері тиісінше орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу фактiсін анықтаған;

4) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу туралы талапты қамтуға тиiс.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 416-тармағына сәйкестапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы өнім берушіге шартты бұзуға ниеттілігі туралы хабарлама жібереді. Егер өнім беруші веб-портал арқылы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, тапсырыс беруші шартты бұзу туралы хабарлама жібереді.

Порталда шартты бұзу туралы нұсқаулықты келесі мақаладан оқи аласыздар.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях