"Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР Заңының 6-бабында белгіленген шектеулерді бұзу

1631
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында (бұдан әрі – Заң) олар орын алған кезде әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға қатысуға құқылы болмайтын жағдайлардың түпкілікті тізбесі белгіленген.

"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында (бұдан әрі – Заң) олар орын алған кезде әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға қатысуға құқылы болмайтын жағдайлардың түпкілікті тізбесі белгіленген.


    


     Заңның 6-бабы талаптарының бұзылуына жол берген әлеуетті өнім беруші не өнім беруші, Заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілуге жатады.


    


     Әлеуетті өнім берушінің Заңның 6-бабында белгіленген шектеулерді бұзу фактісі анықталған жағдайда, тапсырыс беруші (мемлекеттік сатыпалуды бірыңғай ұйымдастырушы) әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, мұндай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы қуыныммен сотқа жүгінуге міндетті (талап арыздың үлгісін қараңыз).


    


     Заңның 15-бабы 6-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының бұзылғанын анықтаған жағдайда, міндеттемелері толық көлемде және тиісінше орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы қуыныммен сотқа жүгінеді.


    

 Осылайша, Заңның 6-бабында белгіленген шектеулерді бұза отырып өткізілген мемлекеттік сатып алулар қорытындысы бойынша жасалған шартты сот жарамсыз деп тануы мүмкін. 


 Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша
    "Actualis" электрондық жүйесі


    
    


  


 ACTUALIS электрондық жүйесіне тестілік (сынақтамалық) көрсету мүкіндігін алу


    


  


 Осы тақырып бойынша басқа материал:


    
    


 Баға ұсыныстарын сұрату қорытындысы бойынша өнім беруші – жеке кәсіпкер жеңімпаз ретінде анықталды. Аталған өнім берушімен шарт жасасқанға дейін, оның жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрғаны анықталды. Бұл жағдайда тапсырыс беруші қандай іс-қимылдар жасауға тиіс? Тапсырыс беруші шартқа қол қоюдан бас тартуына бола ма және оны қалай істеу керек? Тапсырыс беруші егер өнім беруші жосықсыз қатысушылар тізімінде бұрыннан тұрған болса, оның үстінен сотқа беруі тиіс пе? Егер баға ұсыныстарын сұрату қорытындысы бойынша бірінші жеңімпаз шартқа қол қоюдан бас тартқаннан кейін екінші өнім беруші де одан бас тартқан жағдайда, екінші өнім берушіні сотқа беру керек пе?



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях