Тексеру: жоспарлы және жоспардан тыс

1970
Тексеру: жоспарлы және жоспардан тыс
Жоспарлаған сәттен бастап шарт міндеттемелерін орындағанға дейінгі мемлекеттік сатып алудың барлық рәсімдері бақылауға жатады.

Тексеру – мемлекеттік органның лауазымды адамының тексерілетін объектіге баруы; бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізу кезінде қажетті ақпаратты талап етуді қоспағанда, тексеру нысанасына қатысы бар қажетті ақпаратты сұрату; тексерілетін субъектінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында оны шақырту сияқты іс-әрекеттердің бірін жасау арқылы жүргізетін мемлекеттіка бақылау және қадағалау нысандарының бірі.

Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

Бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен, оның ішінде бюджетті атқаруға байланысты тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген басқа қызмет кезінде тартылатын қарыздарды басқару және пайдалану тиімділігін талдау, бағалау және тексеру мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүзеге асырылады.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚР Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген өкілеттік шегінде мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

Заң мемлекеттік органдар қызметін ескерту және талдау арқылы мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың тұтас жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бақылаудың аудиттен айырмашылығы,  аудит жазалушы емес, ескерту сипатына ие. Бұл ретте мемлекеттік аудит сол немесе өзге сәйкессіздіктерді белгілеп қана қоймайды, мемлекеттік қаржылық ресурстарды үлкен қайтарыммен және тиімділікпен пайдалану, басқару резервтері мен әлеуетін айқындайды.

Камералдық бақылау бастапқы сатыда бұзушылықтың алдын орауға мүмкіндік береді.  Бұзушылық конкурстық құжаттама жобасына түзету енгізу жолымен жойылады, мемлекеттік сатып алу процесі тұтасымен жойылмайды. Бұл мәселенің маңыздылығы даусыз – бюджет қаржысының уақтылы игерілуі, азаматтардың әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы ғана емес, көлеңкелі экономикамен күрес те осыған байланысты.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңымен енгізілген жаңа институт – конкурстық құжаттама жобасын алдын ала талқылау да осыған әсер етті. Енді әлеуетті өнім берушілер техникалық ерекшелікпен алдын ала таныса алады және  қажет жағдайда конкурстық құжаттаманың «орындалмайтын» талаптарымен дауласа алады.

Бақылау объектілері

Бақылау объектілеріне:

1) тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы, конкурстық комиссия (аукциондық комиссия), сараптау комиссиясы, сарапшы;

2) әлеуетті өнім беруші, өнім беруші, сондай-ақ өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысаны шегінде олардың жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігер немесе қызметтерді көрсету бойынша бірлесе орындаушы ретінде тартқан тұлғалары;

3) мемлекеттік сатып алуға тауар биржалары арқылы қатысатын тұлғалар;

4) мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор жатады.

Тексеру түрлері және оларды белгілеу негіздемелері

Тексерулер жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінеді. Жоспарлы тексеруді белгілеу негіздемесі бақылау органы бекіткен жоспар болып табылады. Барлық мемлекеттік органдар өз жоспарларын ҚР Бас прокуратурасының сайтында орналастыруға міндетті болғандықтан, Бас прокуратураның сайтына кіре отырып, жоспарлы тексерудің заңдылығына көз жеткізуіңізге болады (http://prokuror.gov.kz/rus/dokumenty/plany-proverok/grafik-provedeniya-proverok).

Субъектіге байланысты мемлекеттік аудит мынадай түрлерге бөлінеді:

1) міндеттері халықтың тұрмыс жағдайлары сапасының қарқынды өсуін және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық ресурстардың (қаржылық, табиғи, өндірістік, кадрлық, ақпараттық) тиімді және заңды басқарылуын талдау, бағалау және тексеру болып табылатын сыртқы мемлекеттік аудит;

2) міндеттері мемлекеттік аудит объектісінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізуін, қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен анықтығын, мемлекеттік органдар қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекет активтерінің сақталуын талдау, бағалау және тексеру болып табылатын ішкі мемлекеттік аудит.

Жоспарсыз тексеруді белгілеудің негіздері

Тексеруді уәкілетті орган мына жағдайлардың бірі басталғанда жүзеге асырады:

1) Қазақстан Республикасы Президенті мен  Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары;

2) бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнының ұлғаюына байланысты мәселелер;

3) анықталған бұзушылық фактісі бойынша тексеру жүргізуге қатысты тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, бюджеттің орындалуы бойынша орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйесі деректерінің мониторинг нәтижелері;

4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.

Мемлекеттік аудиттің типтері

Мемлекеттік аудит мынадай типтерге бөлінеді:

1) қаржылық есептілік аудиті – мемлекеттік аудит объектісі қаржылық есептілігінің, бухгалтерлік есебінің және қаржылық жай-күйінің анықтығын, негізділігін бағалау;

2) тиімділік аудиті – мемлекеттік аудит объектісінің қызметін тиімділік, үнемділік, өнімділік және нәтижелілік нысанына бағалау және талдау;

3) сәйкестік аудиті – мемлекеттік аудит объектісінің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, сондай-ақ оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілерін сақтауын бағалау, тексеру.

      Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың негізгі қағидаттары

1) тәуелсіздік – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының тәуелсіздігіне қол сұғатын араласуға жол бермеу;

2) объективтілік – Қазақстан Республикасының заңнамасына, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезінде объективті тәсілдерді қолдануы және мүдделер жанжалын болғызбау;

3) кәсіби құзыреттілік – мемлекеттік аудиторлардың білікті және сапалы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін білім мен дағдының қажетті көлемінің болуы, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын, кәсіби әдеп қағидаларын сақтауы, сондай-ақ кәсіби борышын орындауы;

4) құпиялылық – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау барысында алынатын немесе өздері жасайтын құжаттарды үшінші тұлғаларға беру не онда қамтылған мәліметтерді ауызша жария ету құқығынсыз сақтау жөніндегі міндеттемесі;

5) анықтық – мемлекеттік аудит нәтижелерін аудиторлық дәлелдемелермен растау;

6) ашықтық – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін баяндаудың анықтығы;

7) жариялылық – құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін жариялау;

8) мемлекеттік аудит нәтижелерін өзара тану – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын сақтаған жағдайда осы органдардың мемлекеттік аудит нәтижелерін тануы.

Шағым беру және ресімдеу 

Бұзушылық анықталған кезде қандай шаралар қолданылатыны туралы және уәкілетті орган зерделейтін мәселелердің үлгілік тізілімін электрондық жүйеден оқыңыздар:

Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль