Шағым беру және ресімдеу

1631
Шағым беру және ресімдеу
Малтабаров Талгат БЕГАЙДАРОВИЧ
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы»
Егер мемлекеттік сатып алу субъектісі шағым негізінде анықталған бұзушылықтарды жоймаған жағдайда, бұл «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне сәйкес айыппұл салуға әкеп соғады.

2007 жылғы 21 шілдедегі N 303-III «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР бұрынғы заңымен салыстырғанда, 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң (бұдан әрі – Заң) «Шағым жасау» деп аталатын 9-тарауды қамтиды. Аталған тарау әрекеттерге шағым жасау тәртібі сөз болатын 47-баптан және «Шағым беру тәртібі» туралы 48-баптан тұрады.

Бұл үшін алдымен Заңда көзделген бірнеше ұғымдарды қарастырамыз.

Заңның 2-бабының 19-тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері –әлеуетті өнім беруші, өнім беруші, тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор, уәкілетті орган, сарапшы.

Заңның 2-бабының 20-тармағына сәйкес, мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор – мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншiк иесi мемлекет болып табылатын заңды ұлға.

Заңның 2-бабының 21-тармағына сәйкес мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкiлеттi орган – мемлекеттiк сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган. ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (және оның аумақтық органдары) осыған жатады.

Заңның жоғарыда аталған бабы шеңберінде (Заңның 47-бабы), әлеуетті өнім беруші құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, қорытындылар туралы хаттаманы орналастырғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органдарға шағым жіберу жолымен шағым жасауға құқылы.

Шағымды беру және ресімдеу Заңның 48-бабында қарастырылған. Берілген шағым:

1) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасалатын заңды тұлғаның атауын, тұрған жерін;

2) шағым берген тұлғаның атауын, тұрған жерін;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзушылық солардың шеңберінде жасалған мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді;

4) тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың шағым жасалған әрекеттерін (әрекетсіздігін), шешімдерін қамтуға тиіс.

Қажет болған кезде шағымға оның негізділігін растайтын құжаттар қоса беріледі.

Сондай-ақ мынаны атап өту керек: шағымға оны берген тұлғаның немесе оның өкілі қол қояды. Өкілі берген шағымға сенімхат немесе өкілдің өкілеттіктерін куәландыратын өзге де құжат қоса берілуге тиіс.

Егер шағым Заңның 48-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе және шағымға қол қойылмаса не қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойса, шағым келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде оны берген тұлғаға қаралмай қайтарылады.

Заңның 48-бабында көзделген талаптар сақталған жағдайда, мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган, Заңның 18-бабының 4-тармағына сәйкес, 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚР Заңының 30-бабы 4-тармағының 1) тармақшасын және ҚР Қаржы министрінің 2015 ж. 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген Камералдық бақылауды жүргізу қағидаларының 11-тармағын басшылыққа ала отырып, бақылау объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама, хабарлама жібереді (Заңның 18-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес).

Мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органнан алынған хабарлама негізінде, мемлекеттік сатып алу субъектісі тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде нақты шаралар қабылдауға тиіс.

Егер мемлекеттік сатып алу субъектісі бұзушылықтармен келіссе, оларды жою жөнінде шаралар қабылдайды, хабарлама жіберген уәкілетті органға бұзушылықтарды жою туралы ақпарат ұсынады (қағаз немесе электрондық тасығышта) және қажет жағдайда растаушы құжаттарды тіркейді.

Мемлекеттік сатып алу субъектісі хабарламада көрсетілген бұзушылықпен келіспеген жағдайда,«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚРЗаңының 37-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып, ол тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органға өз қарсылығын жібереді.

Шағым нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның белгіленген мерзімде орындалмауы мемлекеттік сатып алу субъектілерінің кодтары мен шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға әкеп соғады.

Еге рмемлекеттік сатып алу субъектісі шағым негізінде анықталған бұзушылықтарды жоймаған жағдайда, бұл «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 462-бабының 3-тармағына сәйкес, мынадай айыппұл салуға әкеп соғады:

– 15 АЕК мөлшерінде – лауазымды тұлғаларға;

– 100 АЕК мөлшерінде – шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға;

– 200 АЕК мөлшерінде – орта кәсіпкерлік субъектілеріне;

– 500 АЕК мөлшерінде – ірі кәсіпкерлік субъектілеріне.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях