Тауарларды лизингке мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктері

1989
«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңында (бұдан әрі – Заң) және ҚР Үкіметінің 27.12.2007 ж. № 1301 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңнамасының тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жоспарды әзірлеу және бекіту талаптары көзделген. Мәлімет үшін! Тауарларды лизингке мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлеу және бекіту кезінде «Қаржы лизингі туралы» ҚР Заңының нормаларын басшылыққа алу қажет.Сонымен, Ереженің 7-тармағына сәйкес, көрсетілген Ереженің 10-1 және 11-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың бекітілген не нақтыланған жылдық жоспарының негізінде ғана қабылдайды.Ал Ереженің 7-1-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші тиісті бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстар сметасының) негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді және бекітеді.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңында (бұдан әрі – Заң) және ҚР Үкіметінің 27.12.2007 ж. № 1301 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңнамасының тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жоспарды әзірлеу және бекіту талаптары көзделген.

Тауарларды лизингке мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлеу және бекіту кезінде «Қаржы лизингі туралы» ҚР Заңының нормаларын басшылыққа алу қажет.Сонымен, Ереженің 7-тармағына сәйкес, көрсетілген Ереженің 10-1 және 11-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың бекітілген не нақтыланған жылдық жоспарының негізінде ғана қабылдайды.Ал Ереженің 7-1-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші тиісті бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстар сметасының) негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді және бекітеді.Тапсырыс беруші мәліметтері мемлекеттік құпияларды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жеке жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджетті (бизнес-жоспарды, кірістер мен шығыстар сметасын) бекіткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді және ол мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:1) қосылған құн салығын есепке алмағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін жылдар бойынша үш жылдық кезеңге бөлінген соманы қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығына сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы. Тиісті бюджетте бекітілген сома болмаған жағдайда, болжамды сома көрсетіледі;Маңызды: «Қаржы лизингі туралы» ҚР Заңының 4-бабының 1, 2, 3-тармақтарына сәйкес, үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлiк құралдары, жер учаскелерi және кез келген басқа да тұтынылмайтын заттар – лизинг нысанасы бола алады. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды. Заң актiлерiнде заттар мен жер учаскелерiнiң жекелеген санаттарын лизинг нысанасы ретiнде пайдалануға өзге де шектеулер белгiленуi мүмкiн.2) Заңның 4-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдері;3) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері және орны;Маңызды: «Қаржы лизингі туралы» ҚР Заңының 2-бабына сәйкес, лизинг мерзiмi – лизинг нысанасы лизинг шартына сәйкес лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға берiлетiн мерзiм. Бұл орайда лизинг берушiде лизинг нысанасына меншiк құқығының сақталуы кезiнде лизинг шартының мерзiмiнен бұрын бұзылуы лизинг мерзiмiн өзгертуге әкеп соқпайды. (Толығырақ журналдан оқыңыздар)Дереккөз: № 6-2015 «Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар» журналыБіз ШЖҚ РМК-мыз. Біз шарт жобасында төлемді «ай сайын» деп көрсете отырып, лизингке тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға құқымыз бар ма?Біз әкімдіктің шаруашылық жүргізу құқығы бар коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны болып табыламыз, табиғи монополиялар субъектілерінің тізілімінде тұрмыз. Біздің кәсіпорынға құны 24 000 000 теңге тұратын экскаваторды лизингке сатып алуға бола ма?

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль