MCFR.KZ Госзакупки

Мемлекеттік сатып алудағы сарапшы

  • 11 февраля 2019
  • 1339
эксперт в госзакупках

Мемлекеттік сатып алудағы сарапшы және сараптау комиссиясы. Сараптама комиссиясының не сарапшының қорытындысы және олардың жауапкершілігі.

Әлеуетті өнім беруші, өнім беруші, тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор, уәкілетті орган, сарапшы мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері болып табылады.

Бұл мақалада сарапшы дегеніміз кім және сараптама комиссиясы нені білдіретінін, олар қандай жағдайларда тартылатынын және не үшін тартылатынын қарастырамыз.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың ұғымдық аппаратында мынадай анықтамалар бар:

–сараптама комиссиясы –сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуге және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшелігіне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындауға қатысу үшін сарапшыларды тарта отырып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші құратын алқалы орган;

– сарапшы – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуге және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшелігіне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындауға қатысу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші тартатын, өткізілетін мемлекеттік сатып алу саласында тиісті құжаттармен (дипломдармен, сертификаттармен, куәліктермен және басқа да құжаттармен) расталатын арнайы және (немесе) техникалық білімі, тәжірибесі мен біліктілігі бар жеке тұлға.

Осылайша, сарапшы немесе сараптама комиссиясы техникалық ерекшелікті әзірлеуге және сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің оның талаптарына сәйкестігін тексеруге қатысу үшін тартылады.

Мемлекеттік сатып алуға сарапшыны тарту

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің (бұдан әрі – ТЖҚ) конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін сараптама комиссиясын құруға не сарапшыны айқындауға құқылы.


Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу кезінде (бірыңғай ұйымдастырушы өткізетін сатып алу) «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілер ұсынатын ТЖҚ-ның конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін сараптама комиссиясын құрады не сарапшыны айқындайды.

Заңның 8-бабының 3-тармағының бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында былай делінген, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды:

1) уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша, тапсырыс берушімен бірлесіп конкурстық комиссиялар (аукциондық комиссиялар) құру арқылы;

3) тапсырыс берушілердің уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелеріне енгізілмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған өтінімдері бойынша, тапсырыс берушімен бірлесіп конкурстық комиссиялар (аукциондық комиссиялар) құру арқылы жүзеге асырады. Осы тармақша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы осындай мемлекеттік сатып алуды өткізуге келіскен жағдайда қолданылады

Сараптама комиссиясын құру туралы шешімді тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға қабылдайды

Заңның 8-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінің 2-тармағымен қарастырылған жағдайда өткізу және ұйымдастыру кезінде, орталықтандырылған сатып алу мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілер ұсынатын ТЖҚ-ның конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін сараптама комиссиясын құрады не сарапшыны айқындайды.

Заңның 8-бабының 3-тармағының 2) тармақшасында былай делінген: мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды:

2) уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша, біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беру (орындау, көрсету) орнына қарамастан, бір лотқа біріктіру арқылы

Сараптама комиссиясын құру туралы шешімді бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға қабылдайды

Конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктің орнына жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты ұйымдастырған және жүргізген кезде конкурстық құжаттама заңнамаға сәйкес сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттаманы қамтиды, сараптау комиссиясы құрылмайды, сарапшы тартылмайды (Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 74-тармағы)

 Сарапшы және сараптама комиссиясы

Мынадай адам сарапшы бола алмайды:

1) мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің нәтижелеріне мүдделі;

2) тапсырыс берушімен, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушымен не олардың ведомстволық бағынысты, еншілес және тәуелді ұйымдарымен не әлеуетті өнім берушілермен еңбек қатынастарында байланысты;

★ Cараптамалық қорытындыны жүргізу үшін тауар үлгісін сұрату ★

Эксперт в госзакупках

Саят Есенгужанов

Юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Әлеуетті өнім берушілерден сараптамалық қорытындыны жүргізу үшін тауарлар үлгілерін қалай сұратуға болады

3) тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының не олардың ведомстволық бағынысты, еншілес және тәуелді ұйымдарының бірінші басшыларының жақын туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жегжаты болып табылатын адам. Осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін сарапшылар болмаған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші сарапшы ретінде жұмыс істеу үшін тиісті бейіндегі мемлекеттік қызметшілерді не сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мамандануы сәйкес келетін өзге де мамандарды тартады. Мемлекеттік қызметшілер сарапшылар ретінде өтеусіз негізде тартылады, ал өзге мамандар тараптардың уағдаластығы бойынша ақылы да, өтеусіз де негізде тартылады.

Сараптау комиссиясының мүшелері төраға, төрағаның орынбасары және сараптау комиссиясының басқа да мүшелері болып табылады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды. Сараптамалық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және үш адамнан кем болмауы тиіс.

Конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде сарапшылардың дауыс беру құқығы жоқ.

Ақылы негізде сарапшылар ретінде тартылатын адамдарды таңдау Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

Конкурсты өткізу басталғанға дейін конкурстық комиссияның мүшелері, конкурстық комиссияның хатшысы, сондай-ақ сараптама комиссиясы не сарапшы конкурстық құжаттаманың бекітілген жобасымен және оның қосымшаларымен танысады.

Сараптама комиссиясының не сарапшының қорытындысы

Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырған және өткізген кезде сараптау комиссиясы не сарапшы әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігіне сараптамалық қорытынды береді және конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды.

Конкурстық комиссия сараптау комиссиясының не сарапшының қорытындысын, егер ол конкурстық құжаттамада көзделген талаптар шегінде құрылған жағдайда ғана міндетті түрде ескереді. Сараптамалық қорытындыға сараптау комиссиясының мүшелері не сараптау комиссиясын құрмай-ақ сарапшыны анықтаған жағдайда, сарапшы қол қояды және конкурстық комиссия хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталдағы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамасына, мемлекеттік сатып алулардың қорытындысы туралы хаттамаға қоса беріледі.

 Сараптау комиссиясының әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін анықтауы ашық дауыс берумен жүзеге асырылады және егер сараптау комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі

Дауыстар тең болған жағдайда сараптау комиссиясының төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

 Сараптау комиссиясының қорытындысымен келіспеген жағдайда осы сараптау комиссиясының кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол сараптау комиссиясының қорытындысына қоса беріледі және құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда жарияланады.

★ Сарапшыны тартпастан шартты жеңілдік тағайындау ★

Эксперт в госзакупках

Наталья Худайбергенова

Юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Егер сарапшы тарту көзделмесе, конкурстық комиссия үздік сипаттама үшін өз бетінше шартты жеңілдік тағайындай ала ма?

    Тиісті сараптамалық қорытындыда сараптау комиссиясының қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда конкурстық комиссияның хатшысы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-порталда жариялайды.

Сарапшының не сараптама комиссиясының жауапкершілігі

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-бабының 9-тармағымен

конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) заңсыз шешімі қабылданған сараптама комиссиясының не сарапшының көрінеу жалған сараптамалық қорытынды дайындағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған,оның негізінде  конкурстық комиссия (аукциондық комиссия) заңсыз шешімі қабылданды, ол елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

 Мемлекеттік сатып алу веб-порталы

Сатып алуды ҚР ҚМ Мемлекеттік сатып алу бойынша бірыңғай ұйымдастырушы жүргізетін тапсырыс берушілер (ТЖҚ тізбесіне сәйкес) өтінімдерді портал арқылы жіберу қажет.

 «Сарапшы туралы мәліметтер» нысаны

Өтінімді жасап → жоспар тармақтарын қосып → техникалық ерекшелікті толтырып → шартты бекіткеннен кейін сарапшы туралы мәліметтерді толтыру нысаны қолжетімді болады, ол үшін келесі жолдарды толтыру қажет:

– сарапшының Т. А. Ә.;

– ЖСН;

– лауазым/ұйым;

–байланыс телефоны.

Қорытындылар хаттамасын жасау

Қорытындылар хаттамасын әзірлеген кезде, егер сараптама комиссиясы (сарапшы) тартылып, сараптамалық қорытынды болса, оны «Сарапшының пікірі» қосымшасындағы «Хаттамалар» қосымша парағында бекітуге болады.

Файлды бекіткеннен кейін  «Сақтау» пернесін басу керек.

Сақтағаннан кейін бекітілген файлды жоюға болмайды.

 «Жою» пернесі бекітілген файлды сақтағанға дейін қолжетімді.  

Сарапташының пікірін бекіту бойынша әрекет хатшыға қорытындылар хаттамасына қол қоюға дейін, оған қол қойылғаннан кейін қолжетімді.

  Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

       

        Давайте познакомимся!
        Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться