Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы

5123
Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы
Ахметрасулова Арайлым Аскаровна
Главный редактор журнала "Государственный заказ. Вопросы-ответы", эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруы және өткізуі.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі 2017 жылы 2 тамызда күшіне енген жаңа редакцияда баяндалған. Осылайша, тауарлар бөліміне  «1.8. Жеңіл өнеркәсіп тауарлары» тармағы қосылды.

Демек, егер жеңіл өнеркәсіп тауарларын сатып алу бойынша конкурс/аукцион өткізуге бөлінген сома айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асса, мемлекеттік сатып алу бірыңғай ұйымдастырушы арқылы өткізіледі.

Ескі редакцияда айтылғандай,мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы арқылы сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу, «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы» Мемлекеттік мекемесі мен оның ведомстволары жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуды қоспағанда, конкурс/аукцион тәсілімен өткізілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылады. Бұл сатып алудың басқа тәсілін таңдаған кезде тапсырыс берушілерге («Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 13-бабының 4-тармағы) сатып алуды өздігінен жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Жаңа редакцияда бұл тәсілдерді көрсету алып тасталған және аталған тізбенің электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы өткізілетін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылмайтыны көрсетілген. Ал бұл сатып алуды өздігінен жүзеге асыру мүмкіндігін жоққа шығарады.  

Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдігі немесе аудан, қала, қаладағы аудан әкімдігі айқындаған, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыратын заңды тұлға.

Бірыңғай ұйымдастырушыны мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектісі ретінде заң шығарушы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру процесіне бірыңғай мемлекеттік сатып алуды, яғни біртектес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алатын бірнеше тапсырыс беруші қатысатын техникалық сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін оңтайландыру және жеңілдету мақсатында енгізді.

Осыған байланысты«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабында бірыңғай мемлекеттік сатып алуды өткізу мақсатында мыналар көрсетілді:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындайды.

Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді уәкілетті орган айқындайтын бюджеттік бағдарламалардың және (немесе) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша орындайды;

2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдігі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындайды.

Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдігі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша орындайды;

3) ауданның, қаланың, қаладағы ауданның әкімдігі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындайды.

Бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды өткізу кезеңдері:

1) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) белгіленген құжаттарды қамтитын, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге тапсырманы ұсынуы;

2) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының тапсырыс беруші ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын әзірлеуі және бекітуі;

3) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындауы және бекітуі;

4) қажет болған жағдайда мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуі;

5) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастыруы;

6) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық өзіндік ерекшелігін алған, мемлекеттік сатып алу веб-порталына автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан сұрау салулар мен ескертулерді жіберуі;

7) конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындауы;

8) тапсырыс берушінің осы Заңда және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген тәртіппен, мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама негізінде жеңімпазбен мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасуы.

Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруы және өткізуі осы Заңда және Қағидаларда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің  02.04.2014 ж. № 300 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік сатып алу комитетін құру туралы және "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына сәйкес ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы деп айқындалды.

Миссиясы:бюджетті атқару, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында, мемлекеттік сатып алу саласында, республикалық мүлікті басқару аясында басшылық етужәне салааралық үйлестіру; банкроттық (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда), заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жасау, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар не тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, салық саясатын және кеден ісі саласындағы саясатты қалыптастыру және іске асыру саласында мемлекеттік реттеу.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

р/с №

Атауы

1

Тауарлар:

1.1

автокөлік құралдары, механикалық көлік құралдары

1.2

тікұшақтар

1.3

серверлер, телекоммуникация құралдары және олардың құрамдас бөліктері (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сомадан асқан жағдайда)

1.4

жұмыс станциялары, дербес компьютерлер, моноблоктар, мониторлар, экран, процессорлар, ноутбуктер, көп функционалды құрылғылар, принтерлер, сканерлер (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

1.5

лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз ету (бағдарламалық өнімдер), апараттық-бағдарламалық кешен (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

1.6

жиһаз (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

1.7

медициналық техника және медициналық мақсатты бұйымдар, кепілдік берілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша көлемі шеңберінде көзделген тауарларды қоспағанда (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

1.8

жеңіл өнеркәсіп өнімдері (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

2

Жұмыстар:

2.1**

бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар болып табылатындардың бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын объектілерді (жүйелерді) салу (құрлысы) және (немесе) реконструкциялау

2.2

бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрғандарға берілетін дамуға арналған трансферттер есебінен іске асырылатын объектілерді (жүйелерді) салу (құрлысы) және (немесе) реконструкциялау (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есепті көрсеткіштің бес жүз мыңдық еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге берілген сомадан асқан кезде)

2.3**

бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар болып табылатындардың бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын автомобиль жолдарын, су көлігін, азаматтық авиация және әуе көлігін дамытуға арналған реконструкция, құрылыс және жобалау-іздестіру жұмыстары (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз мың еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

2.4**

бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар болып табылатындардың бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу

2.5**

бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар болып табылатындардың бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын қолдағы бар объектілеріне күрделі жөндеу, орташа жөндеу, ағымдағы жөндеу, ұстау, қамтамасыз ету, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу мың еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

3

Көрсетілетін кызметтер:

3.1

ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және дамыту (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

3.2

ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

3.3

жүйелік-техникалық қызмет көрсету, аппараттық-бағдарламалық кешендерді жөндеу (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

3.4

полиграфиялық кызметтер (полиграфиялық жұмыстар) және баспа өнiмдерін өндіру (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

3.5

лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз ету (өнімді) техникалық қолдау (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

3.6**

бюджет қаражатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар болып табылатындардың шығатын инжинирингтік қызметтер

Ескерту:

** жоғарғы бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін нысаналы даму трансферттерін қоспағанда, тапсырыс берушілер (ведомстволар және олардың аумақтық бөлімшелері, республикалық заңды тұлғалар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар) айқындаған тұлғалардан тәуелсіз орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттік органдары әкімші болып табылатын 2.1, 2.3, 2.4, 2.5 және 3.6-тармақтарында көрсетілген жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйес
і



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль