Кеден одағындағы сыртқы сауданы реттеу

2626
Кеден одағындағы сыртқы сауданы реттеу
Хусаинова Диана Шайкемеловна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Костанай
Кеден одағының барлық елдері кәсіпкерлікті дамыту мен сыртқы сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуге арналған қолайлы жағдайларға, сондай-ақ бизнес үшін жаңа өткізу нарықтарының ашылуына қызығушылық танытып отыр.

2014 жылы 29  мамырда Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) туралы Шартқа қол қойылды, ол  2015 жылы 1 қаңтарда күшіне енді.

Кеден одағы шеңберінде сыртқы сауданы реттеу құралдары тиісті құқықтық база мен экономикалық шешімдер түрінде қолданылады.

Кеден одағының барлық елдері кәсіпкерлікті дамыту мен сыртқы сауда -экономикалық байланыстарын кеңейтуге арналған қолайлы жағдайларға, сондай-ақ бизнес үшін жаңа өткізу нарықтарының ашылуына қызығушылық танытып отыр. Сыртқы экономикалық қызмет бұрынғыша Кеден одағы елдерінің экономикасын дамытудағы маңызды фактор болып қалуда.

Сыртқы экономикалық қызметті (бұдан әрі – СЭҚ) реттеудің қарама-қарсы екі түрі белгілі: протекционистік сауда саясаты – сауда саясатының тарифтік және тарифтік емес құралдарын пайдалану жолымен ішкі нарықты шетелдік бәсекелестіктен қорғау жөніндегі мемлекеттік саясат және еркін сауда саясаты, ол нарық сұранысы мен ұсынысы негізінде қалыптасады және сыртқы саудаға мемлекеттің ең аз түрде араласуын көздейді.

СЭҚ мемлекеттік реттеу дүние жүзінде кең қолданылады. Нарықтық шаруашылық жағдайында ол ұлттық экономика мүддесінде СЭҚ-ны жетілдіруді үндейтін заңнамалық, атқарушылық және бақылау сипатындағы шаралар жүйесін білдіреді.

ЕАЭО туралы Шартқа сәйкес әр мемлекет – Одақ мүшесі азық-түлік немесе басқа тауарлардың ішкі нарығында сыни кемшіліктерге жол бермеу туралы сөз болған жағдайда немесе бұл жекелеген тауарлар тасымалына шектеу қоюмен байланысты болса, ішкі нарығын қорғау жөнінде шаралар қабылдауға құқылы.

Бұдан бөлек, Кеден одағы шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссия бекіткен және Одақтың сауда саясатының құралдары болып табылатын ЕАЭО СЭҚ Бірыңғай тауар номенклатурасы және ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифі қолданылады.

ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелім бажының мөлшерлемесі бірыңғай болып табылады және ЕАЭО туралы Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, Одақтың кеден шекарасы арқылы тауарларды алып өткен тұлғаларға, мәміле түрлері мен басқа да жағдайларға байланысты өзгертуге жатпайды.

Бұл ретте ЕАЭО шеңберінде бұрынғыша Одақтың барлық елдері кәсіпкерлерінің сатып алуға бірдей қолжетімділігінің міндеттері және отандық кәсіпкерлерді қорғау тетіктерінің мәселелері өзекті күйінде қалып отыр.

Қатысушы елдердің Бірыңғай экономикалық кеңістігінің нормативтік құқықтық базасын жасау кезінде мемлекеттік сатып алу нарығынырықтандыру көзделгені белгілі,ал оны жасаудың маңызды принциптерінің бірі барлық ЕАЭО елдері кәсіпкерлері үшін бірдей қолжетімділік құқығы болды.

Елдердің бірігуі кезінде мемлекеттік сатып алуды ырықтандыру әлемдік тәжірибеде кең танымал екенін ескерген жөн. Бұл жағдайдағы ырықтандырудың мақсаты бюджет қаражатын үнемдеу және Одаққа мүше мемлекеттер кәсіпкерлерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

Қазіргі уақытта ЕАЭО туралы Шартқа сәйкес Одақ елдерінің мемлекеттік сатып алу нарығына қолжетімділік ұлттықтан жоғары деңгейде реттеледі. Бұл мемлекеттік сатып алу саласында ұлттық режимді енгізуді, яғни басқа мүше мемлекеттердің кәсіпкерлеріне отандық кәсіпкерлер мен бірдей талаптарды беру міндеткерлігін көздейді.

Отандық тауар өндірушілерді қорғау жөніндегі өте жақсы шара мемлекеттік сатып алу саласында тауарларды екі жылға дейінгі мерзімдегі ерекше жағдайда ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу мүмкіндігі болып табылады.

Қазақстандық кәсіпкерлердің ЕАЭО мемлекеттік сатып алуына қатысуға қызығушылық танытып отырғаны сөзсіз, оның үстіне Одақ мемлекеттік сатып алу көлемінің 90 %-ын Ресей Федерациясының нарығы құрайды. Қазақстандық кәсіпкерлердің Ресей Федерациясындағы сатып алуға толыққанды қатысуы Қазақстанның кәсіпкерлік саласының дамуын жақсартып қана қоймай, біздің республикамыздың ұлттық экономикасына қосымша түсімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қазақстандық кәсіпорындардың қолжетімділігін шектеу факторларының бірі – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде өзара ЭЦҚ-ны (электрондық цифрлық қолтаңба) мойындаудың жоқтығы.

Ресейлік және белорустық кәсіпкерлер Қазақстанда ЭЦҚ-ны тегін алады. Алайда қазақстандық кәсіпкерлер Ресей мен Беларусь аумағындағы мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін ЭЦҚ алу кезінде қамтамасыз ету жарнасын енгізуге, сондай-ақ ЭЦҚ беру рәсімінің өзін төлеуге мәжбүр.

ЭЦҚ-ны өзара мойындау туралы мәселені шешу отандық кәсіпкерлер үшін Одаққа қатысушы елдердің мемлекеттік сатып алу нарығына рұқсаттың ашылуына қатысты қолданатын шарасы болмақ.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль