Порталда шартты бұзу жөніндегі нұсқаулық

2680
Порталда шартты бұзу жөніндегі нұсқаулық
Порталда шартты техникалық түрде қалай бұзуға болады?

Біржақты бұзу алдында тапсырыс беруші шартты бұзу ниеті туралы өнім берушіге хабарлауы қажет. Бұл үшін «Шарт және келісу» қосымшасына, әрі қарай – «Келісу» қосымшасына өту керек. Мәтіндік өрістеөнім берушіге жіберілетін хабарлама мәтінін енгізген жөн және «Хабарлама жіберуді» басу қажет. Хабарлама өнім берушінің жеке кабинетіне жіберіледі және «Келісу» қосымшасында белгіленеді.

Қолданыстағы шартты біржақты тәртіппен бұзу үшін тапсырыс берушібіржақты тәртіппен бұзу жоспарланып отырғаншартты таңдауы керек (мерзімінен бұрын тоқтату), бұл ретте шарт мәртебесі «Қолданыста» болуға тиіс. Содан соң «Шарт жасаудың күшін жою/біржақты тәртіппен бұзу» қосымшасына өту керек. Пайда болған менюде шартты біржақты тәртіппен бұзудың себебі талап етіледі, ал мәтіндік өрісте шартты бұзу себебіне қатысты пікір көрсетіледі. Әрі қарай «Шарт жасауды жою/Біржақты бұзу» батырмасын басу керек. Біржақты бұзу рәсімін орындағаннан кейін шарт статусы «Біржақты тәртіппен бұзылды» болып өзгереді, бұған тек шартта Қазынашылықта тіркеу белгісі болған жағдай қосылмайды.

Егер шарт Қазынашылықта тіркелген болса, біржақты бұзу рәсімі орындалғаннан кейін шарт статусы «Шарттың бұзылуын күту» болып өзгертіледі. Бұдан кейін тапсырыс беруші Қазынашылық органында азаматтық-құқықтық мәміле (бұдан әрі – АҚМ) тіркеуіне өтінімді жабуы керек. Қазынашылық органдарында АҚМ тіркеуге хабарламаны жабу туралы мәліметтер «Қазынашылық-клиент» АЖ-де тәулігіне бір рет жаңарып отырады. Егер мәліметтерді жаңартқаннан кейін бұзу статусы мақұлданса, шарт статусы автоматты түрде «Біржақты тәртіппен бұзылды» болып өзгереді.

Шартты бұзуды болдырмау үшін «Кері қайтарып алу» (Қазынашылықта тіркеу белгісі бар шарттар үшін ғана) батырмасын пайдалану керек. Батырманы басқан кезде «Шарт қолданыста» статусы оралады. Жоспар тармағының статусы егер төлемдер қосылмаса, «Шарт орындалмады. Төлемдер жоқ» деп тұрады. Егер шарт бойынша төлемдер қосылса, бірақ шарт мәнінің сомасына тең болмаса, онда жоспар тармағында «Шарт ішінара орындалды» статусы болады. Егер шарт мәні бойынша толық төлемдер болатын болса, жоспар тармағының статусы «Орындалды» деп өзгереді.

«Шарт жасасудың күшін жою/мерзімінен бұрын тоқтатуды»біржақты тәртіпте қолдану негізгі шартта немесе қосымша келісімде қолжетімді. Егер негізгі шарттың статусы «Қосымша келісім жасалды» болса, онда қосымша келісімде «Шарт жасасудың күшін жою/мерзімінен бұрын тоқтату» қосымшасы болмайды. Шартты орындау жөніндегі әрекетті негізгі шартта орындау керек, яғни «Шарт жасасудың күшін жою/мерзімінен бұрын тоқтату» негізгі шартта ашық.

Негізгі шартты «Біржақты тәртіппен бұзылды» ауыстырған кезде қосымша келісімнегізгі шарттағы сияқты себеппен «Жасалмады» болып ауысады. Қосымша келісімде «Шарт жасасудың күшін жою/мерзімінен бұрын тоқтату» әрекеті «Қолданыста» статусында қолжетімді болады, бұл ретте аталған әрекет негізгі шартта жасырылған.

Өзара келісім бойынша шартты бұзу. Қолданыстағы шартты екіжақты тәртіппен (тараптардың келісімімен) бұзу үшін тапсырыс беруші екіжақты бұзу жоспарланып отырған (тараптардың келісімімен) шартты таңдауы керек, бұл ретте шарт статусы «Қолданыста» болуға тиіс. Әрі қарай «Қосымша келісімдер» қосымшасына өту керек және негіздеме ретінде «Бұзуды» таңдау керек.

Бұл ретте жүйе мынадай тексерулерді орындайды:

  1. факт бойынша ерекшеліктері мен жеткізу орындары негізінде негізгі шарттағы нақты төлемдерді бөлу теңдігіне (егер мұндай тексерулер өтпесе, төлемдерді тексеру қажет):

– 1-тексеру – шарт мәнінің нақты төлемінің сомасы жеткізу орны бойынша нақты төлемдердің сомасына тең болуға тиіс (шарттың әр мәні бойынша);

– 2-тексеру – шарт мәнінің нақты төлемінің сомасы, егер ұйым мемлекеттік мекемеге жататын болса, ерекшеліктер бойынша нақты төлемдердің сомасына тең болуға тиіс (шарттың әр мәні бойынша);

– 3-тексеру – шарт бойынша нақты төлемнің сомасы шарттың барлық мәні бойынша нақты төлемдердің сомасына тең болуға тиіс.

  1. шартты орындауға – нақты төлем сомасышарт сомасынан аз болуға тиіс. Егер мұндай тексеру өтпесе,негізгі шарттағы төлемдерді тексеру қажет, дұрыс болмаған жағдайда төлем туралы мәліметтерді түзету немесе шартты орындау керек.

Егер тексерулер өтпесе, «Қосымша келісімдер» қосымшасаныда жүйе қателік туралы ақпараттық хабарламаны немесе ескертуді көрсетеді.

«Бұзу» негіздемесін таңдау кезінде басқа негіздемелерді таңдауға жол берілмейді. Шартты бұзуға қатысты қосымша келісімдетөлем енгізуге жол берілмейді. Егер барлық тексерулер өткізілсе, пайдаланушы «Қосымша келісім жасау» батырмасын басуы керек, содан соңбарлық тараптар келісіп, аталған қосымша келісімге қол қоюлары қажет.

Қосымша келісім жасау кезінде жүйе негізгі шарттағы нақты төлемдерді көшіреді. Қосымша келісім жасалғаннан кейін негізгі шартта төлемдерді толтыруға және түзетуге болмайды. Қосымша келісім мәтіні бар нысан шартты бұзуды көрсететін міндетті тармақтарды, сондай-ақ мәтінде бұзудың айрықша жағдайларын көрсету үшін жаңа тармақтарды қосу мүмкіндігін қамтиды.

Бұзуға қатысты қосымша келісімге қол қойылғаннан кейін статус «Тараптардың келісімімен бұзылды» болып өзгереді. Бұл ретте жүйешарт жоспары тармақтарының статусын мынадай түрде жаңартады:

– егер төлем болмаса, жоспар тармағының статусы «Шарт орындалмады. Төлемдер жоқ» болып өзгереді;

– егер төлемдер бар болса, бірақ шарт мәнінің сомасына тең болмаса, жоспар тармағының статусы «Шарт ішінара орынлдалды» болып өзгереді;

– егер шарт мәні бойынша толық төлемдер болса, жоспар тармағының статусы «Орындалды» болып өзгереді.

Егер шарт Қазынашылықта тіркелсе, қосымша келісімге қол қойылғаннан кейін статус «Шарттың бұзылуын күту» болып өзгереді. Бұдан кейін тапсырыс беруші Қазынашылық органдарында АҚМ тіркеуге қатысты өтінімді жабуы керек. Егер мәліметтерді жаңартқаннан кейін бұзу статусы расталса, шарт статусы автоматты түрде «Тараптардың келісімімен бұзылды» болып өзгереді.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях