MCFR.KZ Госзакупки

Мемлекеттік сатып алуда стандарттарды қолдану

  • 4 апреля 2019
  • 897
Мемлекеттік сатып алуда стандарттарды қолдану

Ұлттық және мемлекетаралық стандарттарды қолдануға, тапсырыс берушілермен техникалық ерекшеліктерді әзірлеу кезінде сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын көрсету.

2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы Қазақстан Республикасында өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтердiң және процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құқықтық негiздерiн белгiлейді.

Техникалық реттеудiң негiзгi мақсаттары:

1) мiндеттi регламенттеу саласында:

өнiмнiң, процестердiң адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта, оның iшiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң қауiпсiздiгiне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын iс-әрекеттердiң алдын алу;

саудадағы техникалық кедергiлердi жою;

2) стандарттау саласында:

отандық өнiмнiң бәсекеге-қабiлеттiлiгiн арттыру;

табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу болып табылады («Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы 4-бабының 1-тармағы).

Қазақстан Республикасында қолданыстағы стандарттар өте көп, көптеген мемлекеттік сатып алу қатысушыларын стандарттар туралы ақпаратты қайдан табуға және олар бойынша түсіндірмелер алу үшін қайда жүгінуге болатындығы туралы мәселе қызықтырады.

Техникалық ерекшелікте көрсетілген стандартқа қызметтің сәйкестігі

Мемлекеттік сатып алуда стандарттарды қолдану
Анна Боган Юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Өнім берушіге техникалық ерекшелікте көрсетілген стандартқа қызметтің сәйкестігін қалай растау керек

Қабылданған стандарттар туралы ақпаратты қайдан табуға болады

Қабылданған стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат және нормативтік техникалық құжаттар туралы ақпарат (ұйымдар стандарттары мен консорциум стандарттарын есепке алмағанда) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорында бар. Пайдаланушыларды көрсетілген құжаттардың ресми басылымдарымен қамтамасыз ету тәртібі уәкілетті органмен анықталады (техникалық реттеу саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен).

«Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңының 15-бабына сәйкес Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорымемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады (www.egfntd.kz).

Тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге ұлттық және мемлекетаралық стандарттарды қолдану жөніндегі түсіндірмелерді «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті» ММ-нен алуға болады (www.memst.mid.gov.kz).

Нормативтік техникалық құжаттардың ресми басылымдарын тарату және пайдаланушыларды олармен қамтамасыз ету тәртібі ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 14 қыргүйектегі 2012 жылғы № 318 бұйрығымен бекітілген Нормативтік техникалық құжаттардың ресми басылымдарын тарату және пайдаланушыларды қамтамасыз ету қағидаларымен айқындалған.

Мемлекеттік органдар нормативтік техникалық құжаттарды, сондай-ақ олар туралы ақпаратты ақысыз негізінде ұсынуға арналған сұрауларды қажетті негіздемемен бірге уәкілетті органға жібереді.

Мүдделі жеке және заңды тұлғалар сұрауларды, сондай-ақ шарттық негізіндегі және нормативтік техникалық құжаттарды, олар туралы ақпаратты ұсынуға арналған абонементтік қызмет көрсету бойынша сұрауларды уәкілетті органға жібереді (Нормативтік техникалық құжаттардың ресми басылымдарын тарату және пайдаланушыларды қамтамасыз ету қағидаларының 4-тармағы).

Мемлекеттік сатып алуда стандарттарды қолдану

Мемлекеттік сатып алуда стандарттарды қолдану
Дина Бондарева Юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Мемлекеттік сатып алуда стандарттарды қолдану мысалы

Мемлекеттік сатып алуда стандарттарды қолдану мәселесі

Ұлттық стандарттардың қолданылуына келтірілген күмәндарды жою бөлігінде, конкурстық құжаттамаға техникалық ерекшелікті әзірлеу кезінде сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге мемлекетаралық стандарттар болмаған жағдайда техникалық ерекшелік конкурстық құжаттаманың тікелей құрамдас бөлігі, сондай-ақ баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпараттың құрамдас техникалық бөлігі болып табылатындығын атап өтеміз.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-бабы мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілерге қолданылатын жазалар мен құқық бұзушылықтардың толық тізімін құрайды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) қойылатын не баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпаратта әлеуетті өнім берушілерге сандық жағынан өлшенбейтін және (немесе) әкімшілендірілмейтін кез келген талаптар белгілеу не сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген әлеуеттi өнiм берушiлерге тиесiлiлігiн айқындайтын сипаттамаларын көрсету арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын бұзу лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 207-бабының 1-тармағы).

Стандартты қолдану мысалы

Мысал келтіре отырып, конкурстық құжаттамаға техникалық ерекшелікті жасау кезінде стандарттарды пайдалануды талқылаймыз.

Қазақстан Республикасының аумағында «Автомобиль және авиациялық жанармай, дизель және кеме отыны, реактивті қозғалтқыштар және мазутқа қойылатын талаптар туралы» Кеден одағының техникалық регламенті әрекет етеді (КО ТР 013/2011, бұдан әрі – отынға КО ТР).


Бұл техникалық регламент Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында Кедендік одақтың бірыңғай кедендік аумағында қолданысқа арналып шығарылатын автомобильді және авиациялық жанармай, дизель және кеме отыны, реактивті қозғалтқыштар мен мазутқа (бұдан әрі – отын) қойылатын талаптардың міндетті қолданылуы мен орындалуын анықтау мақсатында әзірленген.

Қазақстан Республикасының аумағында қолданысқа енгізілетін мемлекетаралық стандарттардың тізімі ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетімен бекітіледі.

Осылайша, егер техникалық ерекшелікті әзірлеу кезінде тапсырыс беруші мемлекеттік мекеме қажеттіліктері үшін «Дизель отыны ДТ-З-К2 Еуро, СТ РК МЕМСТ Р 52368-2009 МЕМСТ Р 52368:2005» сатып алу қажеттілігін көрсетсе, онда әлеуетті өнім берушілер қандай дизель отынын жеткізу керектігін және оның қандай стандарттарға сәйкес келетіндігін түсінулері қажет.

Тауарды жеткізу кезінде өнім беруші бұл МЕМСТ растайтын құжатты қоса тіркеуі қажет болады.

Отынға арналған КО ТР 3-бабының 3.2-тармағына сәйкес автомобиль жанармайы мен дизель отынын өткізу кезінде сатушы тұтынушыға:

– отынның атауы және маркасы;

– отынның отынға арналған КО ТР талаптарына сәйкестігі туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.

Автомобиль жанармайы мен дизель отынын бөлшектеп сату кезінде отынның атауы, маркасы, сонымен қатар экологиялық сыныбы туралы ақпаратты тұтынушыларға қолжетімді жерлерде орналастыруы керек. Отынның маркасы туралы ақпарат отындық-үлестіру құрал-жабдығында орналастырылады және кассалық чектерде көрсетіледі.

Басқа елден келетін тауарларға ұсынылатын сертификаттар

Мемлекеттік сатып алуда стандарттарды қолдану
Дина Бондарева Юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Қытай тауарларына және басқа елден келетін тауарларға қандай сертификаттарды ұсыну керек

Тұтынушының талабы бойынша сатушы отынның сапасы туралы құжаттың (төлқұжат) көшірмесін ұсынуға міндетті.

Қолдануға шығарылатын және (немесе) қолданыстағы отынның әрбір партиясы сапа туралы құжатпен (төлқұжат) сүйемелденуі тиіс.

Төлқұжатта:

– отынның атауы мен маркасының белгіленуі;

– дайындаушының (дайындауға уәкілетті тұлғаның) немесе импорттаушының, немесе сатушының атауы, олардың орналасқан жері (елді көрсете отырып);

– аталған маркалы отынға қойылатын талаптарды белгілейтін құжатты көрсету (болған жағдайда);

– отынға арналған КО ТР талаптарына бұл марканың сәйкестігін растайтын сынаулардың нормативтік мәндері және іс жүзіндегі нәтижелері;

– төлқұжатты беру күні мен нөмірі;

– төлқұжатты рәсімдеген тұлғаның қолы;

– сәйкестік декларациясы туралы мәліметтері;

– отында қоспаның болуы туралы мәліметтер.

Отынның сәйкестігін растайтын рәсімдер отынға арналған КО Т 6-бабында көрсетілген.

Бұдан әрі отынның сәйкестігін растайтын негізгі критерийлер ұсынылған.

Отынды қолданысқа шығарудан бұрын сәйкестікті декларациялау нысанында отынға арналған КО ТР талаптарына отынның сәйкестігін растау жүргізіледі.

Отынның сәйкестігін растау рәсімін өтінім беруші жүргізеді.

Отынның сәйкестігін декларациялау кезінде өтінім беруші оның аумағында Кедендік одақтың мемлекеттері – мүшелерінің заңнамасына сәйкес тіркелген дайындаушы немесе дайындаушының уәкілетті өкілі немесе импорттаушы болып табылатын заңды тұлға немесе жеке тұлға болуы мүмкін.

Сәйкестікті растау мақсатына арналған тәжірибелік-өнеркәсіптік партиялы отынды сынауды сынау зертханасында өткізуге жол беріледі.

Өтінім беруші Кедендік одақ комиссиясының шешімімен бекітілген бірыңғай үлгі бойынша отынға арналған КО ТР отынның сәйкестік декларациясын қабылдайды.

Сериялық шығарылатын отын үшін өнім беруші сәйкестік туралы декларацияны тіркеуге келесі құрамда отынға арналған КО ТР талаптарына отынның сәйкес келуін растайтын құжаттар кешенін жасақтап, ұсынады:

– отынды сынау хаттамасы (хаттамалары);

– дайындалған отынға қойылатын талаптар белгіленген құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

– сапа менеджменті жүйесіне куәлік көшірмесі (болған жағдайда және 6д схемасы бойынша декларациялау кезінде);

– отынға арналған КО ТР отынның сәйкестігі туралы декларация.

Партиямен шығарылатын немесе әкелінетін отын үшін өтінім беруші сәйкестік туралы декларацияны тіркеу үшін келесі құрамда отынға арналған КО ТР талаптарына отынның сәйкес келуін растайтын құжаттар кешенін жасақтап, ұсынады:

– отынды сынау хаттамасы (хаттамалары);

– дайындалған отынға қойылатын талаптар белгіленген құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

– әрбір әкелінген отын партиясының сапасын бірдейлендіретін және растайтын құжаттар (төлқұжат);

– сапа менеджменті жүйесіне куәлік көшірмесі (болған жағдайда);

– отынға арналған КО ТР отынның сәйкестігі туралы декларация.

Тәжірибелік-өнеркәсіптік партиялар үшін өтінім беруші сәйкестік туралы декларацияны тіркеу үшін келесі құрамда отынға арналған КО ТР талаптарына отынның сәйкес келуін растайтын құжаттар кешенін жасақтап, ұсынады:

– отынды сынау хаттамасы (хаттамалары);

– отынның тәжірибелік-өнеркәсіптік партиясының сапасын бірдейлендіретін және растайтын құжаттар (төлқұжат);

– сапа менеджменті жүйесіне куәлік көшірмесі (болған жағдайда);

– отынға арналған КО ТР отынның сәйкестігі туралы декларация.

Сәйкестік туралы декларация хабарлау қағидасы бойынша бірыңғай нысан бойынша рәсімделіп берілген сәйкестік куәліктері және сәйкестік туралы тіркелген декларациялардың бірыңғай тізілімінің электрондық мәліметтер базасында тіркеуге жатқызылады. Сәйкестік туралы декларацияның әрекет ету мерзімі оны тіркеу күнінен басталады.

Отынның сәйкестігі туралы декларациялар келесі мерзімде тіркеледі:

  • 3д схемасы бойынша сәйкестігін растау кезінде – 3 жылдан кем емес;
  • 4д және 2д схемалары бойынша сәйкестігін растау кезінде – аталған отынның сақтау мерзімін есепке ала отырып, 3 жылдан аспай;
  • 6д схемасы бойынша сәйкестігін растау кезінде – 5 жылдан кем емес.

Сәйкестік куәліктері және сәйкестік туралы тіркелген декларациялардың бірыңғай тізілімінің электрондық мәліметтер базасы http://rep.nca.kz. порталында орналастырылған.

Осылайша, жөнелтпе құжаты бар (сәйкестік туралы декларация) «Дизель отыны ДТ-З-К2 Еуро, МЕМСТ Р 52368-2005» тауарын алған кезде тапсырыс беруші Бірыңғай тізілімде аталған құжаттың дұрыстығын тексереді.

Сәйкестік туралы декларацияны тексерген кезде порталды пайдаланушы (www.rep.nca.kz) келесі мәліметтерден тұратын нақты ақпаратты алады: декларацияның әрекет ету мерзімі; декларанттың БСН/ЖСН; декларанттың, дайындаушының, сертификаттау органының атауы мен мекенжайы; өнімнің атауы: оны бірдейлендіруге мүмкіндік беретін декларацияланған өнім туралы ақпарат; КО СЭҚ ТН талаптарға сәйкестілігіне декларациялау жүргізілген НҚА; дәлелдеме ретінде сертификаттау органына өнім берушімен ұсынылған құжаттар туралы ақпарат; қосымша ақпарат, сондай-ақ декларацияға қосымшалар туралы мәліметтер.

Стандартты пайдаланған кезде «Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының көрсеткіші» жыл сайын шығарылатын ақпараттық көрсеткіштері бойынша сілтемелік стандарттар мен жіктеушілердің әрекет етуін ағымдағы жылы шығарылған, ай сайын шығарылатын ақпараттық көрсеткіштерге сәйкес келетін және ағымдағы жыл жағдайы бойынша тексерген жөн. Егер сілтеме құжат өзгертілген болса, онда стандартты пайдалану кезінде өзгертілген құжатты басшылыққа алу керек. Егер сілтеме құжат ауыc тырусыз қайтарылса, онда оған сілтеме берілген ереже осы сілтемені қозғамайтын бөлігінде қолданылады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

       

        Давайте познакомимся!
        Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться