Государственный заказ. Вопросы и ответы

Сатып алуға қатысушылар

1 марта 2019
962
Средний балл: 0 из 5
Сатып алуға қатысушылар

Сатып алу қатысушысы – оның ұйымдық-құқықтық нысанына, меншік нысанына, орналасқан жеріне және капиталдың шыққан жеріне қарамастан кез-келген заңды тұлға немесе оның ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркелген кез-келген жеке тұлға.

Сатып алу субьектілері

Мемлекеттік сатып алу жүйесінің субьектілері келесілер болып табылады:

әлеуетті өнім беруші – мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы жеке тұлғаға жекеменшік құқығымен тиесілі тұрғынжайды тапсырыс берушілер сатып алған жағдайда, әлеуеттi өнiм берушi болуы мүмкiн;

өнім беруші – тапсырыс берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы жасасқан шартта оның контрагенті ретiнде әрекет ететiн, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлғаға жекеменшік құқығымен тиесілі тұрғынжайды тапсырыс берушілер сатып алған жағдайда, мұндай жеке тұлға өнiм берушi болуы мүмкiн;

Мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің тізілімінде ұйымды қалай тіркеу керек?

Сатып алуға қатысушылар
Андрей Романов юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
«Мүмкіндігі шектеулі адамдардың ұйымы» қоғамдық бірлестігі көзі көрмейтін I-топтағы мүгедекпен құрылды. ҚБ мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің тізілімінде қалай тіркеу керек?

тапсырыс беруші – мыналарды:

      ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, оның ведомстволарын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдарды және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруында болатын заңды тұлғаларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды;

      мүліктік кешендер ретіндегі мемлекеттік кәсіпорындарды, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес, кейіннен сатып алу құқығымен жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сенімгерлік басқаруға берілген заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;

мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы  – Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдігі немесе аудан, қала, қаладағы аудан әкімдігі орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыратын заңды тұлға;

мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор  мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншiк иесi мемлекет болып табылатын заңды тұлға;

уәкілетті  орган – мемлекеттік сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

Мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің тізілімінде ұйымды қалай тіркеу керек?

Сатып алуға қатысушылар
Наталья Романова Специалист в сфере закупок, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
«Мүмкіндігі шектеулі адамдардың ұйымы» қоғамдық бірлестігі көзі көрмейтін I-топтағы мүгедекпен құрылды. ҚБ мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің тізілімінде қалай тіркеу керек?

 сарапшы – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуге және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшелігіне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындауға қатысу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші тартатын, өткізілетін мемлекеттік сатып алу саласында тиісті құжаттармен (дипломдармен, сертификаттармен, куәліктермен және басқа да құжаттармен) расталатын арнайы және (немесе) техникалық білімі, тәжірибесі мен біліктілігі бар жеке тұлға. 

Сатып алу қатысушыларының тізілімі

Уәкілетті орган мынадай:

      1) тапсырыс берушілердің;

      2) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың;

      3) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың;

      4) білікті әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алу саласындағы республикалық тізілімдерін (бұдан әрі – тізілімдер) қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.

      5) шағымдардың мемлекеттік сатып алу саласындағы республикалық тізілімдерін (бұдан әрі – тізілімдер) қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.

Бұл ретте мемлекеттік сатып алу веб-порталында мынадай тізілімдер іске асырылған:

  • шағымдар;
  • мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары;
  • мемлекеттік сатып алудың қатысушылары;
  • шарттар;
  • білікті өнім берушілер.

 01.03.2019 ж. сатып алуға қатысушылардың тізілімінде  :

  • тапсырыс берушілер;
  • ұйымдастырушылар;
  • мемлекеттік тапсырыс берушілер;
  • өнім берушілер – заңды тұлғалар;
  • өнім берушілер –жеке кәсіпкерлер;
  • өнім берушілер – жеке тұлғалар;
  • өнім берушілер-бейрезиденттер;
  • жосықсыз өнім берушілер ретінде 254 411 қатысушы тіркелген.

➤Вебинар!➤

Мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың заңдық жауапкершілігі
Сатып алуға қатысушылар
Андрей Романов юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Мемлекеттік сатып алу қатысушыларының заңдық жауапкрешілігінің негіздері мен түрлері

 Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

logo
Мы еще не знакомы?

       

        Давайте познакомимся!
        Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться


Дорогой коллега, Вам выдан доступ         
к журналу                            
«Государственный заказ. Вопросы и ответы»!