text
MCFR.KZ Госзакупки

Мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзу

  • 8 августа 2018
  • 1293
юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по госзакупкам
Мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзу

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бұзылуы мүмкін Заңда көзделген жағдайларда және Бекітілген. Негізінен мемлекеттік сатып алу туралы шарт бұзылады жағдайда өнім беруші өз міндеттемелерін орындамаған. Бірақ бар және басқа да себептер мемлекеттік сатып алу туралы шарт бұзылуы мүмкін.

Шартты біржақты тәртіпте бұзу

Мемлекеттік сатып алуда  шартты біржақты бұзудың жиі кездесетін себептерінің бірі – жасалған шарт бойынша өнім берушінің міндетмелерін орындамауы немесе тиісінше деңгейде орындамауы.

Мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарттарда:

  • өнім берушінің тауарды жеткізуден/қызметтерді көрсетуден бас тартқан  немесе Шарт бойынша тауарды жеткізу/қызметтерді көрсету мерзімі өткен күннен бастап бір айдан астам мерзімде, бірақ шарттың қолданылу  мерзімінің бітуінен кешіктірмей тауарды жеткізу/қызметтерді көрсету мерзімін кешіктірген жағдайда;
  •  мердігер/орындаушы Жұмыстарды орындаудан бас тартқан немесе Шарт бойынша Жұмыстарды орындау мерзімі өткен күннен бастап екі айдан астам мерзімде, бірақ Шарттың қолданылу мерзімінің бітуінен кешіктірмей Жұмыстарды орындау мерзімін кешіктірген жағдайда тапсырыс берушінің шартты біржақты тәртіпте бұзуға құқығы туралы түсіндірілетін тармақтар бар. Тапсырыс беруші барлық орындалған (қабылданған) жұмыстардың құнын төлейді.

Мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарттармен  тараптармен хабарламаларды алу тәсілдері қарастырылған. Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез-келген хабарлама төленген тапсырыс хатпен немесе телеграф, телекс, телефакс не веб-портал арқылы жіберіледі. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе көрсетілген күшіне ену күні (егер хабарламада көрсетілсе), осы екі күннің қайсысы кеш келетініне байланысты күшіне енеді.

Осылайша, өнім берушіден тапсырыс берушінің мекен-жайына жасалған шарттың талаптарын орындаудан бас тартылған хабарламаны алған, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген мерзімнен тауарды жеткізу,жұмыстарды орындау,қызметтерді көрсету мерзімі кешіктірілген жағдайда тапсрыс беруші өнім берушіге міндеттердің орындалмауы туралы жазбаша хабарламаны жолдай отырып, біржақты тәртіпте шартты бұзуға құқылы.

Назар аударыңыз! Шарттың орындалуын,сондай-ақ демпингке қарсы соманы қамтамасыз ету өнім берушімен шарт міндеттемелерін орындамаумен немесе тиісінше орындамаумен байланысты шартты бұзған жағдайда өнім берушіге қайтарылмайды.

Шарттың орындалуын қамтамасыз ету, демпингке қарсы сома тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар немесе олармен үлестес заңды тұлғалар кірісіне есепке жатқызылады.

Заңның 12-бабы 4-тармағының 3-тармақшасына сәйкес өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілер жосықсыз қатысушылардың  тізбесіне жатқызылады.

Тапсырыс беруші шартпен тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету  щартымен қарастырылған мерзім аяқталған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде мұндай өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы ретінде тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге міндетті.

Шарт бойынша тұрақсыздық айыбын өндіру

Мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзған кезде орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда тапсырыс беруші өнім берушіден әрбір кешіктірілген күн үшін шарттың сомасынан 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл,өсімпұл) сомасын өндіреді.

Тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын екі тәсілмен өндіре алады:

  • сотқа талап арызбен жүгінген кезде;
  • өз бетімен қосымша келісімді жасау жолымен.

Тұрақсыздық айыбын ұстап қалуға қосымша келісім жоспардың  тармағын өзгертусіз жасалады. Қосымша келісімде бірлік үшін бағаны азайту жолымен ұстап қалатын сомаға шарт сомасын азайту мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, қосымша келісім мәтінінде тұрақсыздық айыбы сомасын көрсету үшін толық орындалған сомаға қосымша келісімді жасауға болады.

Уәкілетті органның хабарламасы бойынша бұзу

 Сондай-ақ, Заңның 43-бабы 19-тармағының 3-тармқақшасына сәйкес міндеттемелері тиісінше орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу фактiсін анықтау жасалған шартты бұзу үшін негіз бола алады.

Ішкі аудит қызметі мемлекеттік сатып алуды өткізу және шарттардың шарттарын орындау процедураларының, сонымен қатар сатып алынатын тауарлар,жұмыстар,қызметтердің мерзімі, бағасы, көлемі, саны және сапасы бойынша сәйкестілігіне аудит жүргізеді.

Осылайша, егер уәкілетті органмен мемлекеттік сатып алу процедураларын өткізуді бұзу фактісі анықталған сәтте күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарт бар болса, онда ондай шарт міндетті бұзуға жатқызылады. Бұзу фактісі анықталған сәтте міндеттемелері тиісінше орындалған  шарттар алынбайды.

Тапсырыс беруші шартты бұзудан бас тартса, қаржылық бақылаумен ықпал ету шарасы болып Мемлекеттік сатып алу туралы ҚР Заңнамасын бұзу арқылы жасалған мемлекеттік сатып алу туралы күшіне енген шартты жарамсыз деп тану туралы сотқа талап арызды беру табылады.

Тараптардың келісімі бойынша шартты бұзу

Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарттарда оны орындаудың мақсатқа сәйкесссіздігіне байланысты тараптардың келісімі бойынша шартты бұзу шарты қарастырылады. Шарт осындай себепке байланысты жойылған жағдайда өнім беруші бұзу күні шартты бұзумен байланысты іс жүзіндегі шығындарды ғана талап етеуге құқылы.

Заңнан дәйексөз! Егер осы Кодексте, басқа да заң құжаттары мен шартта өзгеше көзделмесе, шарт тараптардың келiсуiмен өзгертiлуi және бұзылуы мүмкiн (ҚР Азаматтық кодексі 401-бабының 1-тармағы).

Шартты өзгерту және бұзу тәртiбi туралы келiсiм, егер заңдардан, шарттан немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан өзгеше туындамаса, шарт жасалатын сияқты нысанда жасалады.

Шарт бұзылған немесе өзгертiлген ретте, егер тараптардың келiсуiмен немесе шарттың өзгеру сипатынан өзгеше туындамайтын болса, мiндеттемелер шартты өзгерту немесе бұзу туралы тараптар келiсiмге келген кезден бастап, ал шарт сот тәртiбiмен бұзылған немесе өзгертiлген жағдайда - шартты бұзу немесе өзгерту туралы сот шешiмi заңды күшiне енген кезден бастап тоқтатылған немесе өзгертiлген болып есептеледi.

Егер заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше белгiленбесе, тараптардың шартты бұзған немесе өзгерткен кезге дейiн мiндеттеме бойынша өздерi атқарған жұмысты қайтарып берудi талап етуге құқығы жоқ.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции. После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль