Государственный заказ. Вопросы и ответы

Консорциялық келісім

20 марта 2019
990
Средний балл: 0 из 5
Консорциум

Мемлекеттік сатып алудағы косорциум дегеніміз не? Консорциумды құру тәртібі қалай? Заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктері-консорциумдардың мемлекеттік сатып алуға қатысуында қандай өзгерістер орын алды?

Консорциум бiрлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негiзiнде заңды тұлғалар нақты шаруашылық мiндеттерiн шешу үшiн белгiлi бiр ресурстарды бiрiктiрiп, күш-жiгердi үйлестiретiн ерiктi түрде тең құқықты уақытша одақ (бiрлестiк) (ҚР Азаматтық кодексінің 233-бабының 1-тармағы).

Консорциум қатысушыларына қойылатын біліктілік талаптары

Консорциумның барлық қатысушылары "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның (бұдан ары-Заң) 9-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес болуға тиіс, сондай-ақ Заңның 6-бабында көзделген шектеулері болмауға тиіс.

Заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктері (консорциум) мемлекеттік сатып алуға қатысқан жағдайда, осы консорциумның қатысушылары болып табылатын заңды тұлғалар өз біліктілік талаптарын растау үшін осы Қағидаларда белгіленген құжаттармен қатар мынадай құжаттардың электрондық көшірмелерін, не электрондық құжаттарды ұсынуға тиіс:

1) заңды тұлғалардың мүшелері арасында жасалған бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт (консорциялық келісім);

2) бірлескен шаруашылық қызмет туралы шартта көзделген қызмет ббөлігінде тауарларды ұсыну, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету құқығына лицензия.

Консорциум қатысуы кезінде шартты жеңілдік қолдану

Консорциялық келісім
Корлан Ермекбаева юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ

Консорциум конкурсқа қатысқан жағдайда конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийлерді есептеу консорциалдық келісіммен айқындалған консорциумның негізгі қатысушысына қатысты қолданылады.

Бұл ретте шарт конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт қолданылған консорциумның қатысушысымен жасалады.

Бірлескен қызмет туралы шарт
Консорциялық келісім

Консорциумдардың қатысу шарттарына қатысты кейбір өзгерістерге Қағидаларға 4-қосымша да ұшырады (конкурстық құжаттама). Осылайша, конкурстық құжаттаманың 15-1-тармағымен консорциум ретінде конкурсқа қатысуға ниет білдірген заңды тұлғалар өтінім берудің алдында конкурстық құжаттаманың 4-1-қосымшасына сәйкес веб-порталда біріккен шаруашылық қызмет туралы шартты-консорциумдық келісімді ресімдеп,жасайды. Осы қосымшамен консорциумдық келісімнің-біріккен қызмет туралы шарттың (бұдан әрі-Шарт) нысаны бекітілді.

Шартың 4-тармағына сәйкес оны жасау үшін консорциум қатысушыларына шарттың 3.1.3-тармағына сәйкес қатысушылар салуға міндеттенетін салымдар мөлшерін анықтау алу керектігі маңызды болып табылады.

Бірлескен қызмет туралы шарт

Консорциялық келісімҚұжатты жүктеу

Сонымен қатар, уақытша бірлестіктердің әр қатысушысы (біреуін қоса алмағанда) консорциумдық келісімнің қосымшасымен бекітілген нысан бойынша сенімхатты ресімдейді және оны өтінімді беру, сатып алу туралы шартты жасау, сенімгердің мүдделеріне өкілдік ету құқықтарын бере отырып, әрбір жеке конкурсқа консорциумдық келісімнің әрекет ету мерзіміне консорциумның негізгі қатысушысына береді.

Жоғарыда баяндалғандарды есепке ала отырып, уақытша бірлестіктердің қатысу шарттары бөлігіндегі мемлекеттік сатып алу веб-порталының функционалы (жеке алғанда, веб-порталда шартты жасауға қатысты) пайдаланушылардың нұсқаулықтарында мазмұндалатын кейбір өзгерістерге ұшырағандығын наазрға алу керек.

Консорциуммен мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасқан жағдайда консорциумдық келісім Қағидалардың 20-қосымшасы 2.3-тармағының 3-тармақшасына (жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт) сәйкес сатып алу туралы жасалған шарттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын атап өткен жөн.

Ағымдағы жөндеуге консорциумдық келісім жасау не үшін қажет және ұпайларды есептеген кезде ол қандай рөл атқарады?

Консорциялық келісім
Сара Мухаметжанова Юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ

Шартта консорциалық келісімді қарап шығу

«Ашық конкурс» сатып алу тәсілі, мәнінің түрі «жұмыс» үшін ғана: егер сатып алу «Консорциум» белгісімен жүргізілсе, онда шартты құрған кезде Жүйе барлық лоттар «Консорциум» белгісі және консорциумға қатысушылардың бірдей құрамы  болуын тексеруді жүзеге асырады. Барлық лоттарда бірдей «Консорциум» белгісі, сондай-ақ консорциумның бірдей құрамы болмаса, негізгі өнім беруші сол бір өнім беруші болып табылатынына байланысты әрбір шартты бөлек құру қажет.   

Өтінімде өнім беруші (жеңімпаз) «Консорциум» белгісін көрсеткен және консорциумға қатысушыларды тартқан жағдайда, Жүйе  консорциумға қатысушылар және өнім берушінің өтінімінде консорциумға қатысушылар қолтаңба қоятын консорциалық келісім туралы  мәліметтерді көрсетеді, сондай-ақ  шарттың үлгілік нысанында   консорциумның барлық қатысушылары туралы ақпаратты көрсетеді. Консорциумға қатысушылар туралы ақпаратты және консорциалық келісімді қарап шығу үшін шартта «Шарт және келісу» қосымша бетіне өту қажет.  

Консорциум қатысушысы ЖҚТ-де тұр

Консорциялық келісім
Анна Боган Юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Егер консорциумның негізгі емес қатысушыларының бірі мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілсе, консорциум мәлімдеген әлеуетті өнім берушінің өтінімін қабылдамау керек пе?

«Консорциалық келісім» батырмасын басу.

Жүйе «Консорциалық келісім» парағын көрсетеді, мұнда консорциумға қатысушылар бар лоттар тізімін көрсетеді. Консорциалық келісімді қарап шығу үшін  сенімхаттармен бірге «Консорциалық келісім» бағанында «Қарап шығу» батырмасын басыңыз. 

«Қарап шығу» батырмасын басқан кезде, Жүйе локальді компьютерде PDF форматында  консорциалық келісімді жүктеп алуға мүмкіндік береді. 

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

 
logo
Мы еще не знакомы?

       

        Давайте познакомимся!
        Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться


Дорогой коллега, Вам выдан доступ         
к журналу                            
«Государственный заказ. Вопросы и ответы»!