Мүгедектер ұйымдары арасындағы сатып алулар

2151
Мүгедектер ұйымдары арасындағы сатып алулар
Ахметрасулова Арайлым Аскаровна
Главный редактор журнала "Государственный заказ. Вопросы-ответы", эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
ҚР мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардағы мемлекеттік сатып алуға қатысу.

Әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарының мемлекеттік сатып алуға қатысуы «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделген жағдайларда айқындалады және Заңның 51-бабында реттелген.Заңның аталған бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде:

1) мүгедектердің мұқтаждығына арналған тауарларды (тифлотехникалық құралдар, жүріп-тұруға арналған арнайы құралдар, міндетті гигиеналық құралдар) осындай тауарларды өндіретін және (немесе) беретін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан (бұдан әрі – ҚР МҚБ) ағымдағы жылы осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің кемінде елу пайызы көлемінде;

2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген өзге де тауарларды тауарлар өндіретін ҚР МҚБ-дан ағымдағы жылы осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің кемінде елу пайызы көлемінде;

3) жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін ҚР МҚБ-дан жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ағымдағы жылы осы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің 100 %-ы көлемінде сатып алуды жүзеге асырады.

Сондай-ақ Заңның 39-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдар (протездік-ортопедиялық құралдардан басқа) мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын, мүгедектерге берілетін жеке көмекші мен ымдау тілі маманы көрсететін әлеуметтік қызметтерді, мүгедектерге арналған такси көрсететін қызметтерді, мүгедектерге берілетін санаторий-курорттық жолдамаларды сатып алу бөлігінде мүгедектер саны жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде елу пайызын құрайтын мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құратын ұйымдардан тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайында жүзеге асырылады.

Өнім берушілердің осы санатынан сатып алуды жүзеге асыру кезінде ҚР МҚБ-дан тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін,жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін өнім берушілерге ғана жол беріледі.

Бұл ретте өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлерді және қызметтер көрсету бойынша бірлескен орындаушыларды тартуға жол берілмейді.

Бұл жағдайда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы хабарландыру жобасын жасау нысанында«Мүгедектер ұйымдары арасында сатып алу» белгісін қоюға тиіс.

Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін ҚР МҚБ мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.

Заңда көзделген төмендегі тізбелер бекітілді:

1) ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.12.2015 ж. № 1065 бұйрығымен бекітілген Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесі;

2) ҚР Үкіметінің 31.12.2015 ж. № 1181 қаулысымен бекітілген Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі.

Сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.12.2015 ж. № 1065 бұйрығымен Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесіне енгізу қағидалары бекітілді.

Конкурс(аукцион), баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда тапсырыс берушітауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін ҚР МҚБ-нен бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.

Нәтижесінде мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылатын негіздеме тізілімі бұл жағдайда мыналар болып табылады:

1) конкурсқа, аукционға қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда;

2) конкурсқа, аукционға қатысуғақатысуға екеуден аз өтінім ұсынылғанда;

3) егер конкурсқа, аукционға қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмесе;

4) егер конкурсқа, аукционға қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілсе;

    5) егер баға ұсынысын беру мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушінің бір ғана баға ұсынысы берілсе;

6) егер баға ұсынысын беру мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушілердің бірде-бір баға ұсынысы берілмесе;

7) егер мемлекеттік сатып алудың веб-порталы баға ұсынысын автоматты түрде қабылдамағаннан кейінәлеуетті өнім берушілердің екеуден аз баға ұсынысы қалғанда.

Бұдан бөлек,тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес өзге де әлеуетті өнім берушілер арасында мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы.

Осылайша, тапсырыс беруші егер ҚР МҚБ арасында бір көзден алу тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда ғана жалпы негізде сатып алуды жариялай алады.

Заңның 5-бабының 8-тармағы негізінде, осы Заңның 39-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау осы Заңдa айқындалған тәртіппен жүзеге асырылатынын есте ұстаған жөн. Сәйкесінше Заңның 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасы бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін ҚР МҚБ-нен сатып алу жөніндегі талаптар сақталмауы мүмкін.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Вопросы по теме

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль