Государственный заказ. Вопросы и ответы

Өнім берушінің негіздемесі

29 мая 2019
833
Средний балл: 0 из 5

Сатып алу шартын жасасу кезінде міндетті жолдарды толтыру қажет, оның ішінде «Өнім берушінің негізі».

Көбіне сатып алу туралы шартына қол қою кезінде өнім берушілерде сұрақтар туындайды:

  • шартқа қандай мерзімде қол қою;
  • «Өнім берушінің негіздемесі» жолында не жазу керек;
  • шартты жасаудан қандай жағдайларда бас тарту керек;
  • шарт сомасын өзгертуге бола ма және  т. б.

Бұл мақалада көбіне туындайтын осы және басқа да сұрақтарға жауап береміз .

Шартты жасау мерзімі

Өнім беруші-жеңімпаз белгіленген мерзімде шартқа қол қою керек, басқа жағдайда ол автоматты түре жосықсыз өнім берушілер тізіліміне  енгізіледі.

Мемлекеттік сатып алу шартын жасау мерзімі

Өнім берушінің негіздемесі
Нургуль Коянбаева Юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Келісім-шартты қандай уақытта келісіп қол қою қажет?

Өнім берушінің негіздемесі

Шартты тез толтыру үшін «Енгізу нысаны» қосымша бетіне  өту ұсынылады. Қандай да бір мәнді толтыру үшін белсенді сілтемеге басу, жолдарды толтыру және «Сақтау» бастырмасына басу қажет.

Өнім берушінің негіздемесі

Шарттың мәліметтерін редакциялау нысаны

Өнім берушінің лауазымы: Өнім берушінің лауазымы

Өнім берушінің негіздемесі: Өнім берушінің негіздемесі

Өнім берушінің Т.А.Ә

Өнім берушінің толық заңдық мекен-жайы: Алматы қаласы, Шевченко,165 Б/72 «г»

Өнім берушінің БЖК: Өнім берушінің БЖК

Өнім берушінің ЖСК: Өнім берушінің ЖСК

Өнім беруші банкінің атауы: Өнім беруші банкінің атауы

Өнім берушінің телефоны: Өнім берушінің телефоны

 «Өнім берушінің негізі» жолында осы өнім берушінің қандай негізде әрекет ететінін көрсету қажет. Мысалы: жарғы, сенімхат, бұйрық, куәлік, талон және т. б.

Егер бұл жеке кәсіпкер (бұдан әрі – ЖК) болса, онда оның ЖК мәртебесін растайтын және жеке кәсіпкерлікпен айналысуға құқық беретін құжатты көрсету керек, яғни  шартты жасау кезінде ЖК куәлікті немесе талонды көрсетуі қажет.  

Шарт жасасудан бас тарту

Өнім беруші шартты жасасудан тек шартты тікелей жасасу жолымен және қосымша келісімдерде бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі кезінде ғана бас тарта алады.

Егер өнім беруші сатып алуға қатысудан не шартқа қосымша келісімге қол қоюдан бас тартуды шешсе, онда шарт карточкасында «Жалпы» қосымша бетінде бас тарту себебін толтырып, «Шарт жасасудан бас тарту» батырмасына басу қажет.

Назар аударыңыз! Бұл функционал тек «Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу» тәсілі үшін көзделген.

 

Шартқа «Шарт жасалмаған» мәртебесі беріледі. Бас тарту себебі туралы мәліметтер «Тапсырыс беруші және өнім беруші» қосымша бетінде орналастырылады.

Шартты келісу (өнім берушімен)

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер өнім беруші қазынашылық органдарында тіркелетін шарттармен жұмыс жасайтын болса, онда міндетті түрде БСАЖ-ғы «Катысушының бейіні – банктік шоттар» тарауынан алынған банктік деректемелер қосылған болуы тиіс.

 «Қазынашылықта тіркеуі бар» белгісі бар шарттардан өнім берушінің банктік деректемелерін таңдау кезінде БСАЖ жүктелген шоттар ғана қолжетімді.

Мемлекеттік сатып алу шартын жасау мерзімі

Өнім берушінің негіздемесі
Диана Хусаинова Юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ

Тапсырыс беруші шартты толтырып, келісуге жіберген кезде, өнім беруші шартты келісу үшін, «Менің шарттарым» бөліміне өтіп, «Жұмыс кабинеті» мәзіріне өтеді.

Шартты іздеуді фильтрлер жиынтығы көмегімен іске асыруға болады. Нақты іздеу үшін «Кеңейтілген іздеу» белсенді сілтемесіне басу қажет.

Шарттың мәртебесі «Өнім берушіге келісуге жіберілді» мәртебесіне сәйкес болуы тиіс. Шартты редакциялау үшін пиктограммаға басу қажет.

 

Шарттың карточкасы бейнеленеді. «Жалпы» қосымша бетінде шарт бойынша жалпы ақпарат орналасады.

 

Лот (лоттар) туралы мәліметтерді қарау үшін, «Шарттың нысандары» қосымша бетіне ауысу қажет.

 

Нақты қарау үшін «Ид» лотына немесе  пиктограммаға басу қажет.

 

 «Бірлігі үшін баға» жолында баға ұсынысын беру кезінде өнім  берушімен көрсетілген бағасы көрсетіледі, бұл мән редакциялауға қолжетімді.  Бағаны өзгерту қажет болған жағдайда «Сақтау» батырмасын басу қажет.

Ескерту. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 45 б. сәйкес өзгерістер енгізу шарт жобасының сомасын азайту бөлігінде рұқсат етіледі. Өнім беруші «Шарт нысандары» қосымша бетіндегі «Бірлік үшін баға» жолының мәнін азайту арқылы шарттың сомасын өзгертуге бастама жасай алады.

Тапсырыс беруші электрондық шарт жобасының деректерін келісу және растау алдында шарттың жалпы сомасының мәнін мұқият қарауы тиіс және сома артық азайған жағдайда «Шарт нысандары» қосымша бетіндегі «Бірлік үшін баға» жолындағы  мәнін түзете алады.

«Шарт және келісу» қосымша бетінде шарт жобасы орналасады.

 

Беттің төменгі бөлігінде Сатып алынатын тауарлар (жұмыстар/қызметтер) тізбесі және шартты келісу сатылары бейнеленеді.

 

Шарт бойынша барлық міндетті жолдар толтырылғаннан кейін, «Шарт» қосымша бетіне өтіп, «Шартты бекіту» батырмасын басу қажет.

 

«Техникалық ерекшелік» бөлігінде техникалық ерекшелік файлы орналасады, оны қарап шығу үшін белсенді батырманы басу қажет.

Назар аударыңыз! Техникалық ерекшеліктің шартта көрсетілген қол қою құқығына ие қызметкерлермен ғана екі жағынан қол қойылуы талап етіледі. Сатып алу тәсілі келесі тәсілдерінің біріне сәйкес келгенде: «Ашық конкурс», «Аукцион», «Бір көзден жүргізілмеген сатып алулар», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу», сатып алуға қатысуға өтінімді беру кезде өнім берушімен ұсынылған «Шарт және келісу» қосымша бетінде техникалық ерекшелік бейнеленеді. Сатып алудың басқа түрлері бойынша тапсырыс берушімен берілген техникалық ерекшелік бейнеленеді.

«Келісу» қосымша бетінде тапсырыс беруші және өнім берушінің келісуі бойынша іс-әрекеттері бейнеленеді.

 

Шарт бойынша сұрақтар туындағанда өнім беруші тапсырыс берушіге хабарлама жазып ұсына алады, ол үшін енгізу жолында мәтінді орналастырып, «Хабарламаны жіберу» батырмасын басу қажет.

Өнім беруші шартты бекіткенінен кейін жүйе растау хабарламаны бейнелеп, шарт мәртебесін «Тапсырыс берушіге келісуге жіберілді» дегенге өзгертеді.

Бұдан кейін тапсырыс берушінің әрекеттері келесідей: келісуді аяқтау, тапсырыс беруші жағынан шартты қалыптастыру және қол қою.

 Аванстан бас тарту

Өнім беруші авансты төлеуден бас тартуға құқылы. Бұл үшін шарттың келісу сатысында (шарттың мәртебесі «Өнім берушіге келісуге жіберілді»), Өнім берушіге «Шарт және келісу» қосымша бетінде («Шарт» ішкі қосымша бет) «Аванстан бас тартумен келісемін» жолында қанатбелгісін қойып,  «Аванстан бас тарту» батырмасын басу қажет.

Мемлекеттік кәсіпорындарға арналған мемлекеттік сатып алулардағы аванстық төлемдер

Өнім берушінің негіздемесі
Екатерина Клопова юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Біз – мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынбыз. Шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен шарт жасасу үшін (100 АЕК-ке дейін) өнім беруші 100 % мөлшерінде алдын ала төлем жасауды өтінді. 100 % алдын ала төлеммен (аванспен) шарт жасасуға жол беріле ме?

Ескерту«Аванстан  бас тарту» әрекеті өнім беруші шартының нысанында, өнім берушіге аванс төлену қарастырылған жағдайда бейнеленеді.

Аванстан бас тарту іске асырылған және авансты қайтару қажет болған жағдайда «Авансты қайтару» батырмасын басу қажет.

 

Шартқа және техникалық ерекшелікке қол қою

Тапсырыс беруші шарттың жобасын құрып, оған қол қойғанынан кейін, шартқа «Өнім беруші қол қоюда» мәртебесі тағайындалады.

 Шарттың карточкасын ашу үшін пиктограммаға басу қажет. Одан әрі «Шарт және келісу» қосымша бетіне өту қажет. Беттің төменгі жағында PDF форматында қалыптасқан шарт, сонымен қатар шарттың барлық нысан бойынша техникалық ерекшеліктер бейнеленеді. Қарап шығу және жүктеу үшін құжаттың белсенді сілтемесін басу қажет. Шартқа немесе техникалық ерекшелікке қол қою үшін «Қол қою» батырмасын қолдану қажет.

Шартқа қол қояр алдында міндетті түрде техникалық ерекшелікке қол қою талап етіледі.

Негізгі шартта, егер сатып алу тәсілі конкурс, аукцион  немесе бір көзден алу  тәсілімен өткізілмеген (конкурс, аукцион, БҰС) болса, онда кестеден өнім берушінің құжаттары/техникалық ерекшелігі бейнеленеді.

 Қалған жағдайларда тапсырыс берушінің құжаттары/техникалық ерекшелігі бейнеленеді: сатып алу тәсілі - БҰС, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, тұрғынжайды сатып алу, сонымен қатар ЕРЕКШЕЛІК РЕТІНДЕ жұмыс үшін ТЭН/ЖСҚ белгісі көрсетілгенде, ТЭН/ЖСҚ бар болғанда «Ашық конкурс» тәсіліне.

Техникалық ерекшелікті жасау

Өнім берушінің негіздемесі
Екатерина Зотова Юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
техникалық ерекшелік қалай жасалуға тиіс, нені көрсетуге жол беріледі, керісінше қандай талаптарға жол берілмейді деген мәселелерді қарастырамыз.

Ескерту: Шартқа қол қоюға «Басшы (қол қою құқығы)» өкілеттігіне ие қызметкерлер тізбесі ғана құқылы. Өкілеттіктерді қарап шығу үшін «Қатысушы бейіні» - Ұйымның қызметкерлері бөліміне өту қажет.

Сәтті қол қойылған жағдайда «Шартқа қол қойылды» хабарламасы бейнеленеді.

Шартқа «Басып шығаруға арналған нұсқасын қалыптастыру» мәртебесі тағайындалады. Әрі қарай әрекеттерді тапсырыс беруші орындайды. 

Тапсырыс беруші «Қазынашылықта тіркеусіз» белгісімен «Баға ұсыныстарын сұрату», «Тікелей жасасу жолымен бір көзден алу» тәсілдері үшін басып шығаруға арналған нұсқаны қалыптастырғаннан кейін шарт «Қолданыста» мәртебесіне ие болады.

«Қазынашылықта тіркеуі бар» белгісімен шартты басып шығаруға арналған нұсқаны қалыптастырғаннан кейін «Тіркеуге жіберуге дайын» мәртебесіне өтеді.

МАҢЫЗДЫ: Нақты сатып алу тәсілі «Конкурс», «Аукцион», сондай-ақ «Өтпеді деп танылған сатып алу бойынша бір көзден алу» болған «Конкурс», «Аукцион» жоспарланған тәсілмен «Қазынашылықта тіркеусіз» белгісімен шарт өнім беруші шартқа қол қойғаннан кейін «Қол қойылды» мәртебесіне өтеді. Осы мәртебе үшін шартты «Жасалмады» мәртебесіне ауыстыру және шартты екінші жеңімпазбен жасасу мүмкіндігі үшін «Жасасудан бас тарту/Шартты мерзімінен бұрын тоқтату» әрекеті қолжетімді (Өнім беруші шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда).

 

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

logo
Мы еще не знакомы?

       

        Давайте познакомимся!
        Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться


Дорогой коллега, Вам выдан доступ         
к журналу                            
«Государственный заказ. Вопросы и ответы»!